Дисахаридтердің гидролизденуі. Пробиркаға 3-4 мл сахароза ерітіндісін құйып, оған 1мл сұйытылған күкірт қышқылын қосып, су жылытқышта 1 – 2мин қыздырады. Қоспаны екіге бөліп, бір бөлігін салқындатып, құрғақ натрий гидрокарбонаты мен көмір қышқылы газы шығуы тоқталғанға дейін нейтралдайды. Алынған ерітінділерге 1 – 2мл фелинг сұйықтығын қосып, қыздырады. Мыс (I) оксидінің тұнбасы пайда болады. Ол моносахаридтердің (глюкоза, фруктоза) түзілгендігін көрсетеді, себебі сахароза Сu(OH)2 тотықсыздандырмайды. Қоспаның екінші бөліміне Селиванов реакциясын жасап, гидролизаттағы фруктозаны дәлелдеуге болады. Реакция нәтижесінде қызыл түс пайда болады:
С12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6
глюкоза фруктоза
бұларға тән сапалық реакциялардың теңдеуі моносахаридтерде көрсетілген.
Кальций сахаратының түзілуі. Пробиркаға 10мл 20 проценттік сахароза ерітіндісін құйып, оның үстіне 5мл жаңа даярланған ізбес сүтін қосып, таяқшамен араластырғанда ізбес сүті сахарозада ериді. Қоспаны сүзгенде, ерітіндіде кальций сахараты түзіледі. Ол суық суда ерімтал, ал қыздырғанда кристалданып, үш кальций сахарат С12Н22О113СаО*6Н2О тұнбаға түседі.
Қызылша концентрантынан қант алу және оны тазарту сахарозаның ерімтал кальций сахараттарын түзуіне негізделген.
№3 Лабораториялық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |