Нафталиннің бромдануы.Пробиркаға 0,5 г нафталин ұнтағын салып, оған 1 мл 5 проценттік төрт хлорлы көміртегімен бром ерітіндісін қосады.Біраз тұрған соң, қоспа түссізденіп, бромсутек ақ түтін тәрізді болып бөліне бөліне бастайды. Қоспаны су жылытқышта қыздырса, реакцияның жүрісі шапшаңдайды. Нәтижесінде бром нафталин түзіледі.
Нафталиннің сульфирленуі. Пробиркаға 0,5 г нафталин салып, оған 2 мл концентрациялы күкірт қышқылын қосып, су жылытқышта нафталин толық ерігенше араластыра отырып, 80—900С-де қыздырады. Сонан соң суытып, оның үстіне 10 мл су қосады. Түзілген α-нафталин-сульфоқышқылы суда еріп, мөлдір ерітінді түзеді:
Достарыңызбен бөлісу: |