2.1.2 Тұздык алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – "тұзды үй", қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
1. Тұздык алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – X. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
|
|
|
|
—
|
|
|
|
|
-
|
10
|
10
|
1
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
2
|
11
|
1
|
|
|
|
|
12
|
|
|
|
|
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату аркылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
1
|
11
|
1
|
1
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
11
|
X
|
11
|
1
|
|
|
|
|
12
|
|
|
|
|
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
2. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
3. Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
2.1.3 "Атсырау" ережесі
Ойын аяқталуға жакындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
1. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
2. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз казанына салып алады. Мысалы:
|
|
|
|
78
|
|
|
|
|
1
|
1
|
1
|
X
|
1
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
X
|
–
|
4
|
|
|
|
|
76
|
|
|
|
|
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 кұмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
|
|
|
|
78
|
|
|
|
|
1
|
1
|
1
|
X
|
1
|
–
|
1
|
3
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
|
|
|
|
76
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |