А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет15/53
Дата28.09.2023
өлшемі1.05 Mb.
#479078
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
2. Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект-субъектілік) 
парадигма. 
Басты мақсат – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани 
ӛсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, ӛзін-ӛзі іске асыруына және ӛзін-ӛзі 
жетілдіруіне қолдау жасау. Адам кӛп нәрсені білмеуі мүмкін, бірақ ең 
маңыздысы, оның ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзін-ӛзі жетілдіруге қабілетті, шынайы 
рухани адамгершілікті адам ретінде қалыптасуы болып табылады; бұл 
парадигманың орталығында – ӛзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар 
адам. 
Аталған парадигманың ерекшеліктеріне тағы жатқызуға болады: 
- Тұлғалық бағдарлы педагогиканың әдістерінің жүйе құраушы 
факторы білім алушының ерекше және қайталанбас тұлғасы (яғни оқыту 
және тәрбие әдістері білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне 
сай іріктеледі); 
- Түрлі дидактикалық тұжырымдамалардың интеграциясы: дамыта 
оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламаланған оқыту, оқытуды оңтайландыру 
(оптимизациялау) және т.б.; 
- Тәжірибелік бағдарланған жүйелердің жақсы инструменталдық 
қамсыздандырылуы, олардың анықтылығы мен тұтастығы; 
- Педагогтың білім алушыға қатынасы тұлға, ӛзінің дамуының дербес 
және шығармашыл субъектісі және сонымен қоса тәрбиелік әсер етудің 
субъектісі ретінде қалыптасқан; 
- Оқытушы мен студенттің субъект-субъектілік қатынастары; 
- Оқытушы мен студент арасындағы тікелей ӛзара әрекеттесу форма
әдіс-тәсілдер мен құралдар арқылы материалды меңгеруге бағытталған; 
- Әрбір білім алушыда дамуының ӛзіндік векторы, ӛз даму 
траекториясы бар, ол білім алушыдан оқытушыға қарай құрылады. 


Дәстүрлі мен гуманистік парадигмаларды салыстырмалы түрде 
қарастырар болсақ, олардың ерекшеліктерін анық кӛруімізге болады (кесте 
4). 
Кесте 4. Білім берудің дәстүрлі және гуманистік парадигмаларының 
салыстырмалы сипаттамасы
Салыстырылаты
н кӛрсеткіштер
Білім беру парадигмасы 
Дәстүрлі
(субъект - объектілік) 
Гуманистік 
(субъект - субъектілік) 
1 Білім берудің 
негізгі миссиясы 
Ӛскелең ұрпақты ӛмір мен 
еңбекке даярлау
Ӛзін-ӛзі анықтау мен ӛзін-
ӛзі іске асыру үшін 
жағдайлар жасау 

Аксиологиялық 
негіз 
Қоғам мен ӛндіріс 
қажеттіліктері
Тұлғаның қажеттіліктері 
мен мүдделері

Білім беру 
мақсаттары 
Сапалары алдын-ала 
белгіленген тұлғаны 
қалыптастыру 
Тұлғаны ӛмірлік әрекеттің 
субъектісі мен мәдениет 
адамы ретінде дамыту
4 Білім, іскерлік 
және 
дағдылардың 
рӛлі
Оқыту мақсаты 
Дамыту құралы 
5. 
Білім беру 
мазмұны 
Оқушыға білім, іскерлік, 
дағдылардың дайын 
үлгілерін беру 
Адамның ӛзін пәндік, 
әлеуметтік және рухани 
мәдениет әлеміне жатқызу 
арқылы ӛз бойынша әлем 
бейнесін құруы.
6. Білім алушы 
(студент) 
жағдайы 
Оқушы, педагогикалық әсер 
ету объектісі
Білім алушы, таным 
әрекетінің субъектісі
7. Оқытушының 
рӛлдік 
позициясы 
Пәндік бағдарланған 
позиция: білімнің кӛзі мен 
бақылаушысы
Тұлғалық бағдарланған 
позиция: координатор, 
кеңесші, кӛмекші, 
ұйымдастырушы
8. Оқытушы мен 
білім 
алушы 
арасындағы 
қатынас
Субъект-объектілік, 
монологтік қатынас
еліктеу, имитация, үлгілерге 
сәйкес әрекет ету. 
Ынтымақтастықтан 
қарағанда бәсекелестік 
басым.
Субъект-субъектілік, 
диалогтік қатынас – білім 
беру мақсаттарына жету 
бойынша бірлескен әрекет
8. 
Оқу-
танымдық әрекет 
сипаттамасы
Оқушының репродуктивті 
(кері байланыстық) әрекеті 
Білім алушының белсенді 
таным әрекеті


3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет