А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет18/53
Дата28.09.2023
өлшемі1.05 Mb.
#479078
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
Бастама. Ойлау мен әрекеттің динамизмі және дербестігі
шығармашылық.
Ынтымақтастық. Басқалармен конструктивті және мақсатты ӛзара 
әрекеттесу.
Ұжымда жұмыс істеу. Жұмыс тобында ӛзара әрекеттесу, ол қазіргі 
мектептерге тән дараландыру мен бәсекелестік орнына оқу әрекетінің топтық 
формаларын қолдануды ұсынады.
Ӛзара оқыту. Ресми және бейресми тәлімгерлік, кеңес беру
Бағалау. Бұл іскерлік, оқушыларда ӛзінің және сыныптастарының 
жұмысын бағалау тәжірибесін елеулі кеңейтуді талап етеді.
Коммуникация (байланыс, қарым-қатынас). Ауызша, жазбаша, 
компьютерлік коммуникацияны жеткілікті деңгейде игеру, тыңдау, оқу, 
түсіну және алынған ақпаратқа дұрыс түсініктеме бере алу іскерлігі.
Логикалық ойлау іскерлігі. Индуктивті және дедуктивті әдістерді 
қолдана отырып логикалық дәйектерді бағалау және ұсыну.
Проблемаларды шешу. Проблемаларды анықтау, мүмкін шешу 
жолдарын іздестіру және олардың салдарларын талдау.
Шешімдерді қабылдау. Бұл баламаларды таңдауда проблемаларды 
шешудің үздіксіз тәжірибесін талап етеді.
Ақпаратты алу және пайдалану. Қажетті ақпаратты іріктеу, оның 
кӛздерін білу, оны шешім қабылдау мақсатында пайдалану іскерлігі.  
Жоспарлау. Мақсаттарды анықтау, жұмысты орындау үшін кесте 
құрастыру, басымдықтарды анықтау.  


Оқу іскерлігі. Жаңа білімдерді меңгеруді қамтамасыз ететін когнитивтік 
дағдылар.
Кӛп мәдениеттілік дағдысы. Тіл тұрғысынан, коммуникация типі мен 
құндылықтар жүйесі бойынша ерекшеленетін түрлі мәдениеттердің 
ӛкілдерімен жұмыс жасау іскерлігі. 
Сонымен қорытындылай келе, маңызды мәселе ол құзыреттілік 
кӛзқарастың орны туралы мәселе. Құзыреттілік кӛзқарас дәстүрлі 
кӛзқарасты алмастырмайды, тек оны толықтырады, кеңейтеді, тереңдетеді. 
Ол еңбек нарығына бағытталған білім нәтижелерін анықтауға бағдарланған. 
Құзыреттілік кӛзқарас, кәсіби білім берудің мақсаттары мен 
нәтижелерін бағалау жүйесіне деген жаңа кӛзқарастарға негізделгендіктен, 
ол білім беру үрдісінің басқа да компоненттеріне де, яғни білім мазмұнына, 
педагогикалық технологияларына, бақылау мен бағалау құралдарына да әсер 
етеді. Мұндағы ең маңызды мәселе – ол студенттерді әрекеттің алуан 
түрлеріне қосуға мүмкіндік беретін оқыту технологияларын қолдану (қарым-
қатынас, мәселелерді шешу, пікірталастар, диспуттар, жобаларды дайындау 
және т.б.). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет