А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет13/53
Дата28.09.2023
өлшемі1.05 Mb.
#479078
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Әдіс-тәсілдер, 
формалар 
мазмұн 
Оқытушы 
әрекеті 
Нәтиже 
студент 
әрекеті 
мақсат 


қорытынды, жоғары мектепте студент кәсіби білім мен іскерлік жүйесін 
меңгеру үшін белсенді және саналы ізденіс пен шығармашылық 
әрекеттерінің субъектісіне айналу керек. 
- Индивидтің тұлға ретінде дамуы ӛзін жүзеге асыра алатын және ӛз 
орнын табуға даяр, белгілі бір әлеуметтік-азаматтық статуста («барлық 
қоғамдық қатынастар жиынтығы ретіндегі») әлеуметтену үрдісінде, социумға 
кіру барысында жүзеге асады, жас ӛсе келе бірте-бірте әлеуметтік 
белсенділік әлемі кеңи түседі. 
- Педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлықтарының және оның 
әрбірінің табысын оқытушылар мен білім алушыларды біріктіретін 
орталықтан жекеге бӛлінетін іс-әрекет қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық үрдістің заңдары – оның мәндік ерекшеліктері, демек, 
тұтастықта және жеке бӛліктерде де кӛрінеді. Бірақ, педагогикалық үрдістегі 
реттелген ӛзгерістер немен байланысты екендігін білу үшін құбылыстардың, 
бӛліктерін, 
элементтер 
(компоненттердің) 
үрдістің 
қалай 
ӛзара 
байланысатынын, қалай заңдар заңдылықтарда кӛрінетіндігін елестету керек. 
Заңдылықтардың үздіксіз жаңарып, үздіксіз қайталану тенденциясы 
болады. Осыдан заңдылық деген ұғым туындайды. Заңдылықтар дегеніміз 
жүйенің ӛз ішіндегі және жоғары сатыдағы жүйелермен байланыстары. 
Заңдылықтарды білу, біріншіден, практикалық әрекетте тиімді нәтижелерді 
алуға, екіншіден, педагогикалық үрдістің моделін жасауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдістің заңдылықтарын зерттеу ӛткен ғасырдың 20-
шы жылдарында-ақ басталған болатын. Бірінші болып ол тұжырымдамаларға 
түсініктеме берген М.А.Данилов болды. Ол барлық педагогикалық үрдістің 
заңдылықтары ішінен ең маңыздысы ретінде екеуін – педагогикалық үрдістің 
мақсаттылығы және ондағы білім алушының белсенді позициясын баса 
кӛрсетеді. Сонымен бірге, М.А.Данилов педагогикалық үрдісте кӛптеген 
факторлардың ықпалы ұдайы байқалатындығы және олардың жағдайлар мен 
уақыттардың алмасуымен байланысты ӛзгеріп тұратындығына назар 
аударады.
Сондықтан, педагогкалық үрдіс заңдылықтарын кӛрсету маңыздылығы 
артады, оларға тӛмендегілер жатады: 
- педагогикалық 
үрдістің 
қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық 
талаптарына сәйкес болуы; 
- педагогикалық үрдістің белгілі бір мақсатқа бағытталуы; 
- педагогикалық үрдістің нәтижелігі білім алушының белсенді
субъектілік позициясына байланысты; 
- педагогикалық 
үрдістің тиімділігі білім алушылардың жас 
ерекшеліктерінің және білім алушылар ұжымы мен жеке мүшелерінің даму 
деңгейіне байланысты. 
Тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру үрдістің мәнін оқытушылар 
мен білім алушылар арасындағы іс-әрекеттермен алмасу ретінде ғана емес, 
сонымен бірге үрдіс деген ұғымды қандай да болмасын құбылыс сияқты 
даму үстінде болатынын ескеру қажет. Дамудың қозғаушы күштері – пайда 
болатын және жеңуге болатын (шешілетін) қарама-қайшылықтар болады. 


Оқытушының педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерін білу, пайда болып 
келе жатқан қайшылықтарды (субъективті пайда болатын қиыншылықтар 
ретінде анықталатын) таба білу іскерліктеріне сүйене отырып және оларды 
әрекетке келтіріп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сонымен ол құбылыстың 
ӛзінің нақты дамуына әсерін тигізеді. 
А.С.Макаренко педагогикалық үрдістің қарама-қайшылықтылығын, 
диалектикалығын кӛрсеткен болатын. Н.К.Крупская еңбектерінде де 
оқушылар іс-әрекеттерін ұйымдастыруда диалектикалық тәсілдің керек 
екендігін жазғанда дәл осыны айтады. 
Әрине, педагогикалық үрдістің қозғалысын, оның дамуын түсіну тек 
қана оған тән сол қайшылықтарды шешкенде ғана түсінуге болады. 
Педагогикалық үрдіс «оқытушы-білім алушылар» жүйе жағдайының 
алмасуы ретінде ӛз болмысында әлеуметтік болып табылады.
Сондықтан да тұтас педагогикалық үрдіске тән қайшылықтардың үш 
тобы ажыратылады: тұлға дамуының қайшылығы, ұжымды қалыптастыру 
қайшылығы, іс-әрекетті ұйымдастыру қайшылығы. Тұтас педагогикалық 
үрдіс тұлға мен қоғам мүддесіне сай жасалып жүзеге асырылатындықтан, 
онда ол тұлғалық бағытталған сипат алады.
Демек, тұлға дамуының қайшылықтар тобы ең ӛзекті, жетекші болады. 
Сондықтан да оларға нақты тоқталатын болсақ: 
- жаңа мүдделер, талаптар, ұмтылыстар мен тұлғаның даму 
мүмкіншілігінің жеткен деңгейі арасындағы; 
- жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалыптасқан 
ойлау тәсілдері арасындағы; 
- тұлғаның дамуындағы жеткен деңгей мен оның ӛмір сүру қалпы, 
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның алатын орны, істейтін қызметтері 
арасындағы; 
- жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды жеңіп шығудағы 
қорқыныш арасындағы; 
- дербестікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жеткіліксіздігі 
арасындағы; 
- инерттілік, 
стереотиптік, 
тұрақтылық 
пен 
ширақтылыққа, 
ӛзгергіштікке ұмтылушылық тенденциялары арасындағы; 
- тұлға әрекетінің еркіндігі мен қоғамдық қажетті іс-әрекеттер 
арасындағы қайшылықтар болып табылады. 
Демек, педагогикалық үрдістің құбылыс ретінде дамуы тұлғаның 
дамуындағы пайда болатын және шешілетін қайшылықтардың шешу 
есебінен жүзеге асады, онда педагогикалық үрдістің нәтижесі жеке-
психологиялық, адамгершілік және басқа да түрде жүзеге асырылады. 
Қайшылықтар педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері ретінде объективті 
ӛмір сүреді. Сондықтан да тұтас педагогикалық үрдістің барысына ықпал ету 
мүмкіншілігі, оның тиімділігін күшейту сол сәтте қандай қайшылықтар орын 
алып отырғанына, олардың қалай шешілуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет