Оқудағы көрнекілік. Көрнекілік назарды аулайды, түсінуді жеңілдетеді, оқу материалын жақсы меңгеруге септігін тигізеді. Ол көбіне материалдық қамтуға тәуелді. Оқып білуге жататын заттар, яғни оқу қаруы, оқ-дәрілер, граната муляждары, атысты бақылау және басқару аспаптары ең жақсы көрнекі құралдар болып табылады. Алайда, кей кездерде оқыту кезінде қару мен оқ-дәрілердің макеттеріне, жекелеген бөліктер мен механизмдердің бөліктері мен жұмысын жақсылап көрсететін плакаттар мен сызбаларға және т.б. да жүгінген жөн.
Атыс дайындығы бойынша көрнекі құралдарды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Атыс және оқу қаруы, оқ-дәрілер және бақылау аспаптары.
2. Зерделенетін қару, оқ-дәрі мен аспаптар үлгілерінің макеттері. Бұған оқып-білуге жататын заттарды көрсететін және шартты түрде құбылыстарды бейнелейтін оқу құралдары жатады, мысалы мини-полигон, атысты елестететін құралдар, траектория элементтерінің макеті, жасанды қарауыл және т.б.
3. Плакаттар, суреттер, үлгілер, сызбалар, диаграммалар, оқу кинофильмдері және өзге графикалық оқу құралдары.
Оқыту кезіндегі көрнекілік принципі оқытушыдан барлық оқу құрал-дарын (қару, макет, сызба және т.б.) шебер пайдалануын талап етеді. Бар-лық оқу құралдарын бірден алдын ала ілудің және үстел үстіне қоюдың қажеті жоқ, олар қажет болуына қарай көрсетілуі керек. Сонымен қатар, сабақты көрнекі құралдармен үйіп тастауға немесе меңгерілетін материал-ға тікелей қатысты емес оқу құралдарын пайдалануға да болмайды.
Сабақтарда көрнекілік принципі оқытушының өзінің тәлім беруімен де жүзеге асырылады. Оның сөйлеуі нақты және айқын, қарумен (аспап, плакат және т.б.) жасаған іс қимылдары дұрыс және үлгі болатындай болуы керек. Оқытушы-офицердің сырт келбеті мен тәртібі жарғы мен бұйрық талаптарына сай болуы тиіс.
Оқытудағы жүйелілік пен реттілік. Жүйелілік пен реттілік бағдарламаны құру кезінде, сабақты жоспарлау кезінде негізге алынады және оқу материалын баяндау ретін табады. Бұл принципті сақтау атыс тапсырмаларының теория сұрақтарының тәжірибеде шешіммен, өткен тақырыптың жаңа материалмен қаншалықты тығыз үйлесуіне және білім мен дағдылардың қаншалықты тереңдетіліп, жетілдірілуіне байланысты.
Материалды жүйелі түрде баяндау – яғни оны бөліктер (оқу сұрақ-тары) бойынша меңгеру, ондағы басты сәттерді айқындау, әр сабақтың жалпы идеясын ашу және тұжырымдау. Материалды меңгеру мен дағды алу жүйелі және рет-ретімен болуы үшін оларды уақытылы ойға қонды-рып, сондай-ақ үйренушілердің сабақта жіберілген бос уақыттарының орнын толтыру керек.
Оқудағы қол жетімділік. Оқудағы қол жетімділік принципі оқып-үйренетін сұрақтар мазмұны мен көлемі үйренушілердің жалпы дамуына сай болуын және олардың біліміне қоса бағдарлама сұрақтарын жетік меңгеруіне септігін тигізуді талап етеді. Оқыту үдерісінде қол жетімділік принципі белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге көшуді қарасты-рады. Студент үшін көлемді әрі ауыр материал сабаққа қызығушылықты төмендетеді, оқудағы өздігімен жұмыс жасау мен белсенділікті дамытпай-ды және үйренушілердің өз күшіне сенуін жоғалтады. Алайда, бұл үйре-нушілерді материалды өздігімен оқып және ойға салуға үйретуді жоққа шығармайды. Үйренушілердің қандай да бір сабақта танысқан оқу мате-риалының көлемі мен мазмұны сол сабақтың өзінде ақ жетік меңгеріліп, пысықталуы керек.
Үйренушілермен жеке жұмыс жасау. Мерген, саналы, тәртіпті атқышты дайындау – әр үйренушінің жеке ерекшеліктерін білу, оның әр қатесі мен әр жетістігін талдау кезінде ғана мүмкін.
Жеке ерекшеліктерін ескеруді оқытушының үйренушілердің біліміне бірдей емес талап қою деп түсінуге болмайды. Білімге қатысты талаптар бірдей болуы керек, бірақ әрбір үйренуші тәжірибеде сұрақтарды өзінше шешеді, өздігімен бастамашылығын, белсенділігін, қандай да бір сұраққа қызығушылығын көрсетеді. Үйренушілер оқу материалын әртүрлі қабыл-дайды – біреулері тез, ал біреулері баяу. Сондықтан ұқыпты болып, кейбір студенттерді қалып қоюшылар қатарына қосуға асықпау керек, мұндай әрекет олардың өз күштеріне сенімсіздігін тудырады, олар алдыңғы қатарда болуға сенімдерін жоғалтады.
Білім, ептілік пен дағдының беріктігі. Бұл принцип алдында оқылған материалдың жүйелі түрде қайталануын, алынған білімді жетілдіруді және олардың жаңа айтарлықтай күрделі жағдайларда қолдануын талап етеді. Меңгеру нақтылығы оқытудың барлық үдерісінің қалай ұйымдастырылуына, оқытушының – сабақ жетекшісінің қандай үлгі көрсететініне байланысты. Сабақтың нақты жүргізілуі мен ұйымдастыры-луы, барлық тапсырмалардың мұқият және дәлдікпен орындалуы, үнемі білім алушыларға талап қою, жетекшінің сабаққа мұқият дайындалуы, оның атыс қаруларынан ату ережесі мен тәсілдерін шебер орындауы үйренушілердің нақты білім алуы және дағдылануына әсер етеді.
-
Оқу әдістері
Студенттердің атыс дайындығы бойынша сабақтарында оқытудың келесі әдістемесі қолданылады: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, әңгімелесу және жаттығулар. Оқыту әдісін таңдау сабақ тақырыбына, мақсатына және мазмұнына, оқытушы мен үйренушінің дайындығы деңгейіне және олардың дамуының жалпы деңгейіне байланысты. Әр сабақта әдетте оқытудың бірнеше әдістері қолданылады. Сонымен, мысалы, атыс тәсілдерін оқыту кезінде немесе қарудың материалдық бөлігін меңгеру кезінде көрсету, түсіндіру және жаттығулар қолданылуы мүмкін.
Сабақтардағы көрсету оқытудағы көрнекілікті қамтиды және қабыл-дау немесе заттар, құбылыстар мен әрекеттерді елестету мақсатымен қол-данылады. Сабақтарда көрсету, әдетте, өзге әдістермен үйлеседі – түсін-діру, әңгімелесу және жаттығулармен (машықтану). Көрсету үдерісінде оқытушы өзінің түсіндіруімен үйренушілерге құбылыстың мәнін ашуға көмектесе отырып, олардың ойлауына әсер етеді және олармен байла-нысты орнатады.
Түсіндіру мен әңгімелеу оқу материалын тізбектеп баяндау әдістері болып табылады. Әңгімелеуде сюжет болады, уақытқа қарай өрбитін әрекетті көрсетеді. Сонымен, мысалы, қаруды меңгеру кезінде оқытушы әңгімелеу әдісімен қарудың аталмыш түрінің пайда болу тарихын, оның дамуын және конструктордың биографиясын қысқаша баяндайды; қарудың ұрыстық қасиеттерімен таныстыру кезінде ол аталмыш қарудың атыс күшін сипаттайтын Ұлы Отан соғысы кезінен және т.б. мысал келтіруі мүмкін.
Әңгімелеуге қарағанда түсіндіруде қандай да бір оқиғаны баяндау қажет емес, түсіндіру кезінде үйренушілерге құбылыстың себепті байланы-сы ашылады, оларды тәжірибелік тұжырымға және жалпылауға тартады. Атыс дайындығының барлық тарауларын оқып-үйрену кезінде түсіндіру кеңінен қолданылады. Көбіне түсіндіру зерделенетін заттар немесе әрекет-терді көрсетумен бірге қолданылады. Сонымен, мысалы, қаруды жартылай бөлшектеу тәртібін көрсеткенде, оқытушы өз әрекеттерін түсіндірумен жүргізеді: жартылай бөлшектеу қандай тәртіпте орындалады, қарудың бөліктері қалай алынады, оларды үстел үстіне қалай қою керек және т.с.с. Атуға ыңғайлану тәсілдерін көрсете отырып, оқытушы өз әрекеттерін де түсіндірумен көрсетеді. Түсіндірудің мақсаты үйренушілердің назарын зерделенетін заттар мен әрекеттерді көрсету кезінде көруі тиіс болатын негізгіге бағыттау.
Әңгімелесу – бұл оқытудың сұрақ-жауап әдісі, оның мәні оқытушының қойылған сұраққа жауап талап етуі арқылы үйренушілерге сұрақ қоюында. Сонымен қатар үйренушілер оқытушыға сұрақ қоюы да мүмкін, егер сұрақ сипаты әңгімелесу мазмұны мен жоспарын бұзбаса. Әңгімелесу жаңа білім беру, бекіту, оқылған материалды қайталау және үйренушілердің білімін тексеру мақсатында қолданылуы мүмкін. Бұл барлық үйренушілердің белсенділігін туғызуы керек. Сұрақ қоюға үйренушілердің барлығын тартқан жөн, әңгімелесуді айтарлықтай үлгерушілермен ғана жүргізуге жол бермеу қажет, әңгімелесуге өзі белсенділік танытпайтындарды да тарту қажет. Үйренуші жауап беруге қиналса, дұрыс емес және толық емес жауап бергенде оқытушы сол сұраққа жауапты басқа бір үйренушіге қояды. Қажет болған жағдайларда ол үйренушілердің жауаптарын жинақтап, өзінің тұжырымын береді.
Жаттығу (машықтану) – бұл оқыту кезінде үйренушілердің әрекеттерін бірнеше мәрте, мақсатты түрде және саналы түрде қайталау жолымен қажет дағдылары қалыптасады. Жаттығу әдісін қолдана отырып, есте сақтайтыны, дағдыны қалыптастырудың нәтижесі жаттығу мақсаты-ның анық болуына, амалды тұтастай, содан соң элементтер бойынша (бөліністері бойынша) үлгілі көрсетуге және көрсетілетін әрекеттерді түсіндіруге байланысты. Атыс дайындығының тарауларына, сабақтардың мақсаты мен мазмұнына байланысты жаттығулар оңаша, топтық немесе бөлімшелер құрамымен болуы мүмкін.
Оңаша жаттығулар негізінен атыс тәсілдерін оқыту кезінде қолданы-лады. Олар жеке үйренушілер қандай да бір әрекеттерді (мысалы, бір қалыпты көздеу) орындауда оқытушының жетекшілігімен жаттығуымен немесе оқытушының тапсырмасы бойынша әрекетті орындау техникасын өз бетімен жетілдіруімен сипатталады. Топтық жаттығулар (немесе бөлім-ше, взвод құрамымен) бір ғана әрекеттерді орындауда бір уақытта жаттығады.
Оқыту әдісінен оқыту тәсілдерін бөліп айтуға болады. Әдістемелік тәсіл – бұл қандай да бір тапсырмада қойылған мақсатты неғұрлым сәтті орындауға әсер ететін әдіс бөлігі. Әдістемелік тәсілдер көбіне практика барысында шыңдала түседі. Кейде қандай да бір сұрақты түсіндіру кезінде үйренушілер оқытушыны түсінбеуі мүмкін, онда ол бұл сұрақты баяндап берудің анағұрлым оңтайлы әдістемелік тәсілін іздестіріп, оны кейін де қолданады. Сонымен практика үдерісінде оқытушы бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша оңтайлы әдістемелік тәсілдерді жинақтап, сөйтіп өзінің әдістемелік шеберлігін жетілдіреді.
-
Атыс дайындығы сабақтарына қойылатын ұйымдастырушылық нысандар мен жалпы талаптар
Тәжірибелік сабақтар жеке құрамды атыс ісіне оқытудың ұйымдас-тырушылық нысанының негізі болып табылады. Сондай-ақ ату жаттығу-лары да жүргізіледі, олардың мақсаты сабақтарда алған дағдыларын одан әрі жетілдіруде.
Әр сабақтың нақты оқу мақсаты болуы тиіс, студенттерге білім, ептілік пен дағдының белгілі бір жиынтығын беріп, өткен және кейінгі сабақтарды тығыз ұштастыруы керек. Әрбір сабақ мазмұнына өткенді қайталау, жаңа білім беру немесе жаңа тәсілдерге үйрету, нақты дағдыларға шыңдалу мақсатымен тәсілдерді орындаудағы жаттығулар және алған білімін, ептілігі мен дағдысын тексеру жатады. Осыған байланысты атыс дайындығы бойынша кез-келген сабақты, тақырыбы мен ұйымдастыруына қарамастан, үш бөлімге бөлуге болады: кіріспе, негізгі және қорытынды.
Сабақтың кіріспе бөлімінде үйренушілердің бар-жоғы, қару мен оқу оқ-дәрілерінің жағдайы тексеріледі, үйренушілердің білімі мен тапсыр-маны орындауы тексеріледі, сабақ тақырыбы мен оқу сұрақтары баянда-лады, сабақ мазмұны мен мақсаты түсіндіріледі, оқытушы үйренушілердің оқып-білуі тиіс қарумен жұмыс жасау тәсілдерін көрсетеді.
Сабақтың негізгі бөліміне уақыттың 80-90%-ы беріледі, сол уақыт ішінде жаңа оқу сұрақтары пысықталады немесе бұрында алған білімдері жетілдіріледі (ойға қорытылады).
Сабақтың қорытынды бөлімінде сабақ өткізу үшін шығарылған материалды қамту заттарының бар болуы тексеріледі, сабақ талқыланады, сабақ өткізу барысында өздерін оң және нашар жағынан көрсеткен студенттер белгіленеді, өз бетімен дайындық жасау тапсырмалары хабарланады және жеке тапсырмалар беріледі.
1.5 Сабақты өткізуге дайындық
Әр сабақты өткізуге дайындық оқытушының жеке дайындығынан, материалды қамту заттарын дайындаудан және сабақ өткізуге көмекшілерді (взвод командирі, бөлімшелер командирлері, әдетте, мерзімдік әскери қызметте болғандар) дайындаудан тұрады.
Оқытушы сабаққа дайындық кезінде қажет болуына қарай (оның тәжірибесі мен сабақ тақырыбына байланысты) келесі жұмыстарды жасайды: кестеде көрсетілген бағдарлама мен сабақ мазмұнын зерделейді; тақырыптың, осы тақырып бойынша әдістемелік әзірлемелердің мәнін ашатын, тәлімдер мен оқу құралдарын таңдайды; аталмыш сұрақ жөніндегі журналдар мен газет беттеріндегі мақалаларды зерделейді. Таңдап алынған материалдарды оқып-білу кезінде оқытушы қажет үзінділер алып, сабақты ұйымдастырудың алдын ала сызбасын құрады, басты сұрақтарды, оларды баяндау ретін анықтайды, үйренушілердің оқу материалын қабылдауын жеңілдететін мысалдарды таңдайды және т.б.
Сабаққа дайындала отырып оқытушы үйренушілердің дайындық деңгейін, алдында жүргізілген сабақтар тәжірибесін, көмекшілердің, егер олар бар болса, сабақ өткізуге дайындығын, сабаққа қажет атыс қалашығы-ның жабдықтарын, қару, атыс құралдары мен оқу құралдарының бар-жоғын ескеруі тиіс. Оқу құралдарының дұрыстығын тексеріп, оларды қолдану ережелерін қайталау қажет. Жоғарыда аталған сұрақтарды шешкеннен кейін, оқытушы сабақты ұйымдастыруды анықтайды:
- қандай сұрақтар бойынша сабақтар взвод құрамымен, бөлімшелер бойынша жүргізілуі тиіс, қандай да бір сұрақты пысықтауда кім көмектеседі;
- бөлімшелердегі оқу сұрақтары, оқу орындарын ауыстыру тәртібі, әрбір оқу сұрағына берілетін уақыт, әрбір оқу сұрағы бойынша оқыту әдістемесі, қару, оқу құралы мен аспаптарды бөлу қандай ретпен жүргізілуі тиіс.
Өзінің жеке дайындығына және тәжірибесіне қарай жетекші сабаққа дайындалу кезінде мыналарды жүзеге асырады: сабақ тақырыбын, оның мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ кестеде көрсетілген сабақты жүргізу орны мен уақытын, нормативтер шарттары мен дайындық жаттығуларын анықтайды. Материалды оқып-білу кезінде оқытушы қажет үзінділер жасап, оқу материалын меңгеруді жеңілдететін мысалдар таңдайды.
Жоспар-конспект құру кезінде үйренушілердің қайсысына қандай сұрақ қойып, сабақта кім қандай жұмысты орындайтынын алдын ала ойлап қойған жөн. Бұл үйренушілерді нақты зерделеуге және оларға әр кезде олардың жеке ерекшеліктерін ескерумен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Жоспар-конспект көрнекті болуы керек, яғни оған бір қарап шыққанда оқытушының әрекеті түсінікті болуы тиіс. Сондықтан негізгі мезеттерді астын сызып қою үшін түрлі түсті қарындаштарды пайдаланған жөн. Практикалық тәжірибесі аз оқытушылар үшін бастапқы уақытта оқу материалын анағұрлым толық жазуды (кейде сөзбе-сөз) ұсынуға болады. Бұл оларды дұрыс сөйлеуге, әрбір айтылғандарын қадағалап отыруға үйретеді. Бұдан әрі жұмыс жасауда оқытушы өз конспектісін негізгі сұрақтар мен мезеттерді қалдырып, қысқартуына болады.
2 ТАРАУ. ҚАРУ МЕН ЖАРЫҚШАҚТЫ ЖӘНЕ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ГРАНАТАЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БӨЛІГІН ОҚЫП-БІЛУ
-
Атыс дайындығының «Атыс қаруының (КА-74, МТ) материалдық бөлігі» бөлімінің мазмұны және оны оқып-білу реті
Қаруды ұрыстарда әртүрлі нысаналарды жоюда шебер қолдану үшін қарудың мақсатты арналуын, ұрыстық қасиеттерін және оның құрылғы-ларын біліп, олар атыс дайындығы ережесінде берілген және атыс жағдай-ларына қарамастан қарудың үнемі тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтуды білу қажет.
Қаруды мұқият күтіп ұстау, оны сақтау, атыс кезінде пайда болған кідірістерді шебер жою – бұның бәрі ұрыстарда қарудың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтиды. Студенттермен қарудың материалдық бөліктерін оқып-білу, оларды қаруды әртүрлі жағдайларда сақтау ережелерін мұқият сақтаумен, қаруға ұқыптап қарауға тәрбиелеумен үйлеседі. Қаруға құмарлықпен қарауға тәрбиелеу үйренушілердің қаруды жетік білуге ұмтылуын және оған аса ұқыптылықпен қарауына ынталандырады.
Қарудың материалдық бөлігін оқып-білу сабақтарының ұзақтылығы, әдетте, 1-2 сағаттан аспайды. Сабақтар сыныпта не болмаса далада өткізі-леді. Сабақтың жаңа сұрақтарын оқып-білу кезінде әдетте материалдық бөлік бойынша ғана жоспарланады, ал білімін тереңдету және жетілдіруге өзге сұрақтарды қоса оқуда қол жеткізіледі. Сонымен қатар, қарудың материалдық бөлігі бойынша білімін жетілдіру үшін қаруды тазалау уақыты, өздігімен дайындалу, сондай-ақ АОЖ орындау кезінде оқу орындарында атыс орындары тылындағы сабақтар пайдаланылады.
Қарудың нақты бір үлгісін оқып-білуге кірісе отырып, аталмыш үлгінің мақсатын, ұрыстық қасиеттері мен қондырғының принциптерін ғана баяндамай, оқу фильмін көрсеткен де өте маңызды, онда қарудан әртүрлі нысаналарға ату көрсетіледі. Қандай да бір қару үлгісін одан әрі оқып-білу бағдарлама талаптары негізінде құрылады, мысалы мынадай ретте:
- қарудың ұрыстық қасиеттері мен арналу мақсаты;
- жалпы құрылысы мен бөліктерінің жұмыс жасау принциптері;
- қаруды бөлшектеу және жинау;
- қаруды тазалау және майлау;
- бөліктері мен механизмдерінің атауы мен мақсатты арналуы;
- бөліктері мен механизмдерінің жұмысы;
- бөліктері мен механизмдерінің қалыпты жұмыс жасауының бұзылуы, атыс кезіндегі кідірістерді ескерту және жою шаралары;
- қаруды жинақталған және бөлшектелген күйде қарау;
- қаруды және оқ-дәрілерді атысқа дайындау.
-
Сабаққа дайындық
Үлгі түрінде түсіндірумен тәжірибелік көрсетілім қарудың материал-дық бөлігі сұрақтарын оқып-білу үдерісіндегі негізгі әдіс болып табылады. Сабақ өткізер алдында қару мен көрнекі құралдарын дайындауға аса назар аударылады. Қаруды, әдетте, оқу үлгілерінде оқып білуге болады. Атыс ісі бойынша тәлімдерде бөлшектеу мен жинақтауды ұрыс қаруында оқып-білу ерекше жағдайларда және де бөліктері мен механизмдерімен жұмыс жасау-да аса сақтылықты сақтаумен ғана рұқсат етілетіні көрсетіледі. Сондықтан жаттығу қаруы, қарудың материалдық бөліктері бойынша барлық сабақ-тарда оқу құралы болып табылады. Қару бөліктері мен механизмдері жұмысын оқып-білу кезінде тілмелі қаруды қолданған жөн. Тілмелі қару-дан басқа қарудың бөліктері мен механизмдерін көрсетуге арналған станоктар, соққыш-шаппалы механизмдер макеттері және плакаттар кеңінен пайдаланылады. Қарудың бөліктері мен механизмдері жұмысын көрсету кезінде жаттығу патрондарын пайдалану қажет. Егер қарудың қалыпты жұмысының бұзылу себептерін, қаруды қарау ережелерін оқып-білу сабақтарына дайындық жүргізілетін болса, онда қару мен патрондардың жарамсыз бөліктерінің топтамасын дайындау ұсынылады. Топтамада әдетте қару мен механизмдердің ақау бөліктері (зақымдалған ұңғы, бекітпе, шүріппе, соққыш, шепталасы тозған ағытқыш ілмек және т.б.), жарамсыз патрондар (майысқан гильзамен, терең батырылған капсюльмен және т.б.) мен оқжатар немесе жолақтар болады. Патрондарды оқып-білу кезінде патрондар бөлшектеледі. Бөлшектеу тақтасына әртүрлі қолданысқа арналған патрондар қойылады: автоматтық және тапаншалық. Дәл осы кезде тақтада осы патрондардың қысқаша деректері келтіріледі.
Сабақта көрнекі оқу құралдарының өте көп болуы қажет емес. Бәрінен де көрнекі оқу құралы оқытылып отырған қару екенін есте сақтау қажет. Барлық қалғандарын қарудың материалдық бөліктері мен оқ дәрілерді оқып-білу үшін айтарлықтай оңтайлы жағдай құра отырып, қосымша пайдалану қажет.
Төменде қарудың, қол жарықшақты және танкіге қарсы гранаталардың материалдық бөліктерін оқып-білу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша әдістемелік кеңестер келтірілген.
-
«Атыс қаруының (КА-74, МТ) материалдық бөлігі» тақырыбы бойынша сабақ жүргізуді ұйымдастыру және оның әдістемесі
Аталмыш тақырып студенттермен 2 сағаттық тәжірибелік сабақтарда жүргізіледі. Кейінде студенттердің аталмыш сұрақтар бойынша білімі оқу жиындарында бекітіледі және жетілдіріледі. Аталмыш сабақты жүргізу алдында, әдетте, өздігімен дайындалу қажет, онда студенттер оқытушының немесе взводтың дайындалған командирдің жетекшілігімен қарудың негізгі бөліктерінің атауын, оны бөлшектеу мен жинау, тазалау мен майлау тәртіптерін меңгереді.
Қандай да бір қарудың үлгісін меңгеруге кірісе отырып, үйренуші-лерге қарудың мақсатты арналуын, қарумен қай жерлерде қарулануды, оның ұрыстық қасиеттерін, жалпы құрылғыларын мақсатты түрде хабарлап қана қоймай, атудың ұрыстық жылдамдығын, дәлдігін, оқтың қиратқыштық және тесіп өту қабілетін, айтарлықтай сипатты нысаналарға тікелей ату қашықты-ғын, көздеу қашықтығын, бір атқаннан қарудың әр-түрлі нысаналарды тал-қандау мүмкіндігін және атудың әртүрлі қалып-тарында ату қашықтығының айтарлықтай шынайылығын көрсетумен, әртүрлі нысанаға ату жөнінде бейнефильмдер көрсеткен жөн. Қарудың ұрыстық қасиеттерін оқып-біле отырып, шетел қаруларының осы сияқты үлгілерін салыстыру арқылы біздің қарудың артықшылықтарын көрсеткен жөн (аз салмақ, атудың айтарлықтай бастапқы жылдамдығы мен тіке ату қашықтылығы, көздеу қашықтығы, ұрыстық жылдамдығы, оқтың қиратқыштық және тесіп өту әрекеті).
Қаруды бөлшектеуге үйретуге кірісе отырып, жетекші қаруды бөлшектеу не үшін қолданылатынын түсіндіреді және оны бөлшектеу мен жинаудың негізгі ережелерін баяндайды. Содан кейін ол қаруды жинау мен бөлшектеуді үлгілі түрде, тез және нақты көрсетіп, үйренушілердің қарумен осылайшы тез және нақты әрекет етуге ұмтылыстарын оятады. Содан кейін оқыту келесі тақырыпта жүргізіледі. Бастапқыда жетекші бөлшектеудің реттілігі тәртібінде не істеу керектігін атайды, мысалы «Оқжатарды бөліп алу» деп, оқжатарды бөлектеу кезінде қандай қимылдар жасау керектігін көрсетеді және түсіндіреді. Көрсетуді аяқтаған соң білім алушыларға осындай тәртіпте өз қаруларынан оқжатарды бөлшектеуді бұйырады және олардың қимылдарының дұрыстығын бақылайды. Оқжатар бөлектеп алғанда, оны қайда және қалай қою керектігін көрсету қажет. Кейінде үйренушілерден барлық бөліктерін оларды бөлшектеу тәртібінде қою талап етіледі, қаруды жинау кезінде бұл әр бөліктің қосылуын, оның реттілігін анықтауды жеңілдетеді. Бөлшектеу жүргізу үдерісінде әр бөлікті бөлектеу кезіндегі қару мен қолды дұрыс ұстауға назар аудару керек.
Бөлшектеуді аяқтаған соң, оның тәртібі туралы сұрау жүргізу қажет. Содан соң осындай әдіспен қаруды жинауға үйретеді. Қорытындысында үйренушілер қаруды толығымен бөлшектейді және жинайды, сонымен қатар олардың біреуі қаруды бөлшектеуге (жинау) тағайындалады, ал қалғандары оның қимылдарын қайталайды. Бөлшектеу (жинау) үдерісінде жетекші қаруды бөлшектеуді (жанау) жалғастыру үшін басқа үйренушіні тағайындауы мүмкін. Бөлшектеу және жинақтау дағдысы қаруды тазалау кезінде, оны атысқа дайындау, нормативтерді орындау және атыс кезінде кідірістерді жоюға оқыту кезінде жетілдіріледі.
2.2 Қарудың бөліктері мен механизмдерінің мақсатты арналуы мен құрылғысын оқып-білу әдістемесі
Қарудың бөліктері мен механизмдер құрылғыларын оқып-білу әдетте атыс ісі бойынша нұсқаулықтарда (тәлімдерде) көрсетілген ретте жүргізіледі, сонымен қатар үйренушілердің қару бөліктері арасындағы өзара байланысты көрнекі түрде көре алуына тырысу қажет (үйренушілерді бөліктер мен механизмдер жұмысын үйретуге дайындау). Мысалы, бекітпе рамасының мақсатты арналуын түсіндіре отырып, оған бекітпені қосу керек, және де бөліктер мен механизмдердің жұмысын көрсетуге арналған станокты пайдалана отырып, оның бекітпені және соққыш-атқыш механизм бөлігін қалай іске қосатынын көрсету керек.
Қарудың бөліктері мен механизмдерінің құрылғыларын оқып-білу кезінде жетекші үйренушілерді материалды баяндауда белгілі бір реттілікті ұстануына үйретуі тиіс. Мысалы, ұңғы қорабын оқып-білу кезінде біріншіден оның мақсатты арналуын көрсетіп, оның құрылғыларын түсіндіруде алдыңғы бөліктен бастаған жөн; бастапқыда сыртқы құрылғыны, содан соң ішкісі туралы әңгімелеу қажет. Түсіндіру кезінде үйренушілер тиісті бөлікті (механизм) қолға алып, оны алдарына қояды, жетекшіні мұқият тыңдап, оның көрсеткендерін бақылайды. Мысал үшін автомат бекітпесінің мақсатты арналуы мен құрылғысын оқып-білу әдістемесін көрсетеміз. Бекітпені қолға алып, жетекші оның атауын атайды, оның мақсатын түсіндіріп, көрсетеді:
а) Оқсауытқа патрон салу үшін.
Үстінде бөліктері мен механизмдері жиналып тұрған станокты немесе тілінген автоматты қолға алып, жетекші оған жаттығу патрондары бар оқжатарды қосады, бекітпе рамасын алға жылжыту кезінде бекітпе оқжатардан үстіңгі патронды ығыстыратынын көрсетеді және түсіндіреді және оны оқсауытқа қайта салады.
б) Ату кезінде ұңғы арнасын жабу үшін.
Тілінген автоматта немесе станокта жетекші бекітпе рамасы бекітпемен бірге алдыңғы қалыпқа жеткен кезде бекітпе бекітпе рамасының фигуралы ойығының әсерінен жетекші дөңесінде бойындағы осімен бұрылатынын көрсетеді және түсіндіреді. Сонымен қатар ұңғы арнасы бекітпемен тығыз жабылады және бекітпе жабылады.
в) Патрон капсюлін соққылау үшін.
Жетекші ағытқыш ілмекті басқанда шүріппе соққышқа қатты соққы береді, ол өзінің соққысымен патрон капсюлін қиратады – ату болады.
г) Оқсауыттан гильзаны (патронды) алу үшін.
Оқталған автоматта жетекші бекітпемен бірге бекітпе рамасын дереу кері тарту кезінде оқсауыттан гильза (патрон) оның шағылысы алынатынын көрсетеді және түсіндіреді.
Қару бөліктері мен механизмдерінің мақсатты арналуын оқып-білу кезінде әңгімелесу әдісі қолданылады. Бұны автоматтың сол бір бекітпесін оқып-үйрену мысалында көрсетеміз. Автоматтан ұңғы қорабының қақпағын алып, оған жаттығу патрондары бар оқжатарды қосып, сабақ жетекшісі мынадай міндет қояды: «Қарап көріңдер де, бекітпенің қандай жұмыс орындайтынына жауап беріңдер». Өзі баяулап оқсауытқа патрон салу, ұңғы арнасын жабу және бекіту, соққыштың патрон копсюліне соғуын және оқсауыттан гильзаны (патронды) алуды көрсетеді.
Содан соң жетекші бірнеше үйренушілерден сұрау арқылы олардың бекітпенің мақсатты арналуын білулерін анықтайды және бекітпе құрылғысын оқытуға кірісе отырып, бекітпе келесі бөліктерден тұратынын көрсетеді: негізі, соққыш, серіппесі мен осі бар лақтырғыш, сұқпа. Бекітпені бөлшектеп және үйренушілердің да осылай етуін бұйырып, жетекші әрбір аталған бөлікті көрсетіп, оның құрылғысын түсіндіреді.
Бекітпе негізін алып, жетекші оның алдыңғы жағында екі цилиндр тәрізді ойық болатынын түсіндіреді және көрсетеді: біреуі гильза түбіне арналған (ойыққа жаттығу патроны гильзасының түбі қойылады) және екіншісі лақтырғышқа арналған. Негіздің бүйірлерінде екі ұрыстық шығыңқы болады, олар бекітпені бекіту кезінде ұңғы қорабының ойығына кіреді (бекіту үдерісі тілінген автоматта немесе макетте көрсетіледі). Бұдан кейін ол бекіту және ашу кезінде бекітпені бұрауға арналған, жоғарыда орналасқан жетекші шығыңқыны және бекітпенің жетекші шығыңқысымен өзара әрекет ететін фигуралы шығыңқыны көрсетеді. Тілінген автоматта немесе ұңғы қорабының қақпағы алынған автоматта, жаттығу патрондарын пайдалана отырып, бекітпе негізінде шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін ойық болатыны және оның жұмысын көрсетеді. Негіздің қалың бөлігінде лақтырғыш осіне арналған саңылау және сұқпа көрсетіледі, содан соң олар негіз саңылауына салынады. Негіз ішінде соққышқа арналған арна көрсетіледі де, соққыш арнаға салынады және оның бекітпе негізіндегі жағдайы көрсетіледі. Бекітпе негізгінің құрылғысын білу бірнеше үйренушілерді сұрау арқылы бекітіледі, жетекші соққышты көрсетіп, оның құрылысын түсіндіреді. Содан соң ол серіппесі осі бар лақтырғыш қондырғысын түсіндіреді және сұқпа соққыш пен лақтырғыш осін қалай бекітетінін көрсетеді.
Бекітпенің мақсатты арналуы мен құрылғысын оқып-үйретіп, жетекші үйренушілердің түсініксіз болып қалған сұрақтары бар ма екенін анықтайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді және бірнеше үйренушілерден бекітпенің мақсатты арналуы мен қондырғысы туралы тағы бір рет сұрайды. Автомат пен тапаншаның қалған бөліктері мен механизмдерінің мақсатты арналуы мен құрылғылары міне осындай кезектілікте оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |