А. М. МҰхаметжанов, Е. Н. МӘліков атыс дайындығЫ



бет7/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#190243
1   2   3   4   5   6   7   8

Бұл пәрмен бойынша атушы:

- ағытқыш ілмекке басуды тоқтатады;

- сақтандырғышты қосады;

- тапаншадан оқтарды алады.



Тапаншадан оқты алу үшін:

- тұтқа негіздемесінен оқжатар ажыратып алынады;

- сақтандырғыш ағытылады (жалауша төменге түсіріледі);

- патрон оқжатардан алынады, ол үшін тапаншаны оң қолда ұстап тұрып, сол қолмен бекітпе кері тартылады және жіберіледі, бекітпемен оқсауыттан лақтырылған патрон жерден көтеріледі, оны шүберекпен сүрту қажет;

- сақтандырғыш қосылады;

- тапанша кобураға салынады;

- оқжатардан патрондар алынады;

- тапанша кобурадан алынып, оның тұтқа негіздемесіне оқжатарды салынып, тапанша қайта кобураға салынады және кобура жапқышы тағылады.

«Қаруды – қарауға» пәрмені бойынша атушы міндетті:

- сол қолымен тапанша тұтқасының негіздемесінен оқжатарды алып, оны оң қолының бас бармағымен сақтандырғыштың алдына оқжатар бергіші бекітпеден 2-3 см. жоғары болатындай етіп салуға;

- жетекші атуды қарағаннан кейін оқжатарды сол қолға алуға;

- оң қолының бас бармағымен бекітпе кедергісінің батырмасына басып, бекітпені босатуға;

- ағытқыш ілмекке басып шүріппені түсіруге;

- сақтандырғышқа қоюға;

- оқжатарды тұтқа негіздемесіне қоюға;

- тапаншаны кобураға салып, кобура жабқышын тағуға.


4.3 Атыс ережелерін меңгеру
Студенттерді ату ережесіне оқытуды ату тәсілдерін оқытумен бірге жүргізген жөн. Жеке құрамның ату ережелерін меңгеруі әдетте бақылау және нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау сұрақтарынан басталады. Содан соң үйренушілер қозғалмайтын және қозғалатын нысаналар бойынша ату ережелерін пысықтайды.

Қозғалмайтын және қозғалатын нысаналарға атуды үйрету. Төңіректің таңдалған учаскесінде әртүрлі бағыттарды және әртүрлі қашық-тықтарда 100-ден 500 метрге дейін, нысаналар орнатылады: бас, кеуде, бел, жүгіріс және пулеметтік есеппен. Сонымен қатар, сабақтарда автоматтар, көздеу станоктары, атыс ісі жөнінде нұсқаулықтар мен атыс кестелері, әсіресе траекторияның көздеу сызығынан асу және метеорологиялық жағдай-ларда (жел, температура) түзету кестелері болуы керек.

Жетекші бастапқыда нысанаға дейінгі қашықтықты және оның шамасын ескерумен қарауылды қоюды және көздеу нүктесін таңдау ережесін түсіндіреді, сонымен қатар траекторияның көздеу сызығынан асу кестесін қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Мұнда түзу атудың қашықтығын пайдаланумен атысты қалай жүргізу қажет екенін түсіндіреді.

Атыс тапсырмаларын шешуге үйренушілер жаттығу үшін жетекші нысананың біреуін көрсетеді, оған дейінгі қашықтықты айтады және осы нысанаға көздеу станогында орнатылған автоматты бағыттауға бұйырады. Қарауылға қою мен көздеу нүктесін үйренушілер өз еріктерімен таңдайды, оған қоса олар траекторияның көздеу сызығынан асу кестесін пайдаланады. Жетекші қарауылды қоюды және көздеуді, тексереді де шешімді негіздеуді талап етеді. Бірнеше жаттығулардан кейін үйренушілерге көрсетілген нысанаға дейінгі қашықтықты таңдауды, қарауыл мен көздеу нүктесін таңдауды және қаруды нысанаға туралауды ұсына отырып, тапсырманы күрделендіруге болады.

Егер тексеру кезінде тапсырманы орындауда үйренушілердің қате жібер-гені анықталса, жетекші оны көрсетеді: асып кету, жетпей қалу, оңға және олға кету. Үйренушілер тиісті түзетулер жасап, «атысты» қайталауы тиіс.

Содан кейін жетекші бүйірден соққан желді ескерумен көздеу нүктесін шығару техникасына үйретеді, мұнда ол плакаттар мен арнайы аспап “зы-рылдауықты (вертушка)” пайдаланады. Аспаптың білекшесін бір ғана орташа нысана көрінетіндей етіп бұрып, жетекші үйренушілерге оған автоматпен көздеу нүктесін оңға немесе солға шығарумен фигуралардың берілген санына (бірінші біреуге, екі, үш және одан көп) көздеуді және станокты бекітуді бұйырады. Көздеуді аяқтағаннан кейін, білекшені 90 градусқа бұрап (барлық фигуралар көрінетіндей). Жетекші автоматтың көздеу сызығының бағыты бойынша әр студенттің тапсырманы дұрыс шешуін тексереді.

Осындай тапсырмаларды ақиқат қашықтықта орындау үшін жетекші 200, 300 және 400 метр қашықтықта нысанамен бір-бір көрсетушіні алға жібереді немесе осы қашықтықтарға автоматты нысаналарды орнатады. Әрбір көрсетуші бір фигура енінің жартысына тең интервалмен (25 см.) нысана ортасын белгілеу үшін орынды алдын ала белгілейді, содан кейін көздеу нүктесін тиісті шығарумен нысананы белгілейді және оларды станокқа бекітеді. Жетекші көрсетушіге нысананы қанша интервалға және қай жаққа ауыстырып қою жөнінде сигнал береді (жалауша көмегімен). Айталық, тапсырма шарттары бойынша көздеу нүктесін оңға 1,5 фигураға шығару керек; сонда нысана оңға 3 интервалға ауыстырылуы тиіс (әрқайсысы 25 см.). Жетекші әр үйренушінің тапсырманы шешудегі реттілігі мен дұрыстығын, көздеу дәлдігін тексереді.

Үйренушілер бүйірден соққан желді ескерумен көздеу нүктесін шығару-да практикадан жеткілікті түрде өткеннен кейін, метеорологиялық шарттар-ды ескерумен атыс тапсырмаларын шешуде жаттығуларға кірісуге болады.

Нысананы көрсетіп, жетекші үйренушілерге нысанаға дейінгі қашық-тықты анықтауды, аталмыш сәттегі метеорологиялық жағдайларды ескеруді, қарауылды анықтауды, соққан желді есепке алумен көздеу нүктесін шығару шамасын анықтауды және көздеу жүргізуді ұсынады. Осындай тапсырма-ларды шешкеннен кейін жетекші әрбір үйренушіні тексереді және талдау жасайды.


4.4 Автоматтан атудың бастапқы жаттығулары және тапаншадан 1-ші АОЖ орындау тәртібінің шарттарын оқып-білу
Автоматтан бастапқы жаттығу – күндіз қозғалмайтын және пайда болатын нысаналарға орыннан ату

Нысаналар:

- 0,75х0,75 м. қалқанда шеңберлері бар кеуде сұлбасы (№4 нысана), қозғалмайды, қалқан жер үсті деңгейінде орнатылады (саңылаусыз);

- шабуыл жасайтын (қарсы шабуылға шығатын) атушы – шектеусіз уақытқа пайда болатын тұла бойлы сұлба (№8 нысана).

Нысанаға дейінгі қашықтық:

- кеуде сұлбасына дейін – 100 м.;

- шабуыл жасайтын (қарсы шабуылға шығатын) атушыға дейін – 200 м.

Патрондар саны:

- автомат үшін 9 дана.

Атуға берілетін уақыт: шектеусіз.

Ату қалпы: тіреуден жатып.

Бағалау: екі нысананы да талқандау және оған қоса мына ұпайлар алу:

«өте жақсы» - 25 ұпай;

«жақсы» - 20 ұпай;

«қанағаттанарлық» - 15 ұпай.

Атып алынған ұпай саны тек сұлбаға тиген оқтар бойынша анықталады.



Макаров тапаншасынан 1-ші АОЖ дәл көздеуге және күндіз қозғалмайтын нысаналар бойынша дәл атуға үйрену:

Нысана: 0,75х0,75 м. қалқанда шеңберлері бар кеуде сұлбасы (№4 нысана), қозғалмайды, көз деңгейіндегі биіктікте орнатылған.

Нысанаға дейінгі қашықтық: 25 м.

Патрондар саны: 3 дана.

Атуға берілетін уақыт: шектеусіз.

Ату қалпы: стоя с руки.

Бағалау: «өте жақсы» - 25 ұпай атып алу;

«жақсы» - 21 ұпай атып алу;

«қанағаттанарлық» - 18 ұпай атып алу.

Атып алынған ұпай саны тек сұлбаға тиген оқтар бойынша анықталады.


4.5 КА-74-тен бастапқы жаттығулар және МТ-нан 1-ші АОЖ орындау
а) КА-74-тен бастапқы жаттығуларды орындау.

КА-74-тен бастапқы жаттығулар әскери атыс орындарында орындалады. Бастапқы жағдай, атысты ашу шекарасы және атысты тоқтату Жаяу әскердің оқу орталықтарының қызметі жөнінде нұсқаулық талаптарына сәйкес тағайындалады және жабдықталады. Атыс қаруынан ату кезінде бастапқы жағдай 10 метерден алыс тағайындалады.

Бөлімшелер ату орнына атыстың басталуына дейін 30 минут бұрын кешікпей келулері тиіс. Бұл уақыт атысты және оқу орындарында сабақтарды ұйымдастыру, жеке құрамның қауіпсіздік шараларын білуін, нысаналы жабдықтар жұмысын тексеру және нысаналар мен блиндаждарды қарауға, сондай –ақ қару, оқ-дәрілерді атысқа дайындау және үйренушілерге тапсырма беру үшін пайдаланылады.

КА-74-тен бастапқы жаттығу келесі тәртіпте орындалады:

- жетекші үйренушілерге тактикалық жағдайға кіріспе беріп, олардың алдына тапсырма қояды;

- бастапқы қалыпта атыс жетекшісі оқ-дәрілер таратушыға ауысымға үш патрондардан беруді бұйырады, атушыларға нысананы, оған дейінгі қашықтықты, қарауылды және көздеу нүктесін қоюды, ату орны мен жағдайын көрсетеді;

- «Бәрің тыңдаңдар» белгісінен кейін атушылардың ату орнына қозғалуды және тіреуге (топырақ, жер салынған қаптардан және т.б.) дайындалу пәрменін береді, мысалы: «ауысым, атуға тірелуге дайындал – алға»;

- үйренушілердің тіреуге дайындалуы мен атыс жағдайына орналасу дұрыстығын тексергеннен кейін жетекші «Ат» белгісі бойынша «Ұрысқа» пәрменін береді;

- атушылар қаруды оқтап, былай деп баяндайды: «Курсант бәленбай ұрысқа дайын»;

- атушылардан баяндама алғаннан кейін, жетекші оқ атуға пәрмен береді, мысалы: «Ауысым – ат»;

- «Ат» пәрменінің алдында жетекші үйренушілердің қарауылды дұрыс қойғандарын тексеруі мүмкін;

- атыс аяқталған соң үйренушілер былай деп баяндайды: «Курсант бәленбай атысты аяқтады»;

- атушылар атысты аяқтағаннан және атысты аяқтау туралы баяндама жасағаннан кейін, жетекші қаруды қарап, атушы ауысымды бастапқы қалыпқа қайтарады;

б) Макров тапаншасынан 1-ші АОЖ орындау.

1-ші АОЖ мына тәртіпте орындалады:

- жетекші үйренушілерге тактикалық жағдайға кіріспе беріп, олардың алдына тапсырма қояды;

- кезекті ауысымға оқ-дәрілер пунктінен оқ-дәрілер алуға пәрмен береді;

- бастапқы қалыпта жетекші атушыларға нысананы, оған дейінгі қашықтықты, көздеу нүктесінің жағдайын, ату орнын көрсетеді;

- «Оқжатарды оқта» пәрменін береді, осы пәрмен бойынша үйренушілер оқжатарды патрондармен жарақтайды;

- «Оқта» пәрменін береді, бұл пәрмен бойынша атушылар оқ ату шекарасына тақалып, тұрып ату жағдайын қабылдайды, қаруды оқтайды және атысқа дайындығы жөнінде баяндайды;

- «Ат» пәрмені беріледі, мұнда атушылар өз нысаналарына атады;

-атыс аяқталған соң, атушылар былай деп баяндайды: «Курсант бәленбай атысты аяқтады»;

- «Оғын ал» пәрмені бойынша қаруды жарақсыздандырады;

-«Қаруды – қарауға» пәрмені беріледі;

- қару қаралғаннан кейін, жетекші атушылар ауысымын өз нысаналарына тақалтады да, атыс нәтижесін анықтайды;

- содан соң атушы ауысым бастапқы жағдайға келеді, онда қаруды келесі ауысымға береді, содан кейін оқ-дәрілер пунктіне келіп, атылған гильзаларды тапсырады.


4.6 Атыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Ату кезіндегі қауіпсіздік атуды жіті ұйымдастырумен, ату курсы талаптарын және белгіленген қауіпсіздік шараларын нақты сақтаумен, барлық адамдардың тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.

Әрбір атыс орнында (директриса) оның ерекшеліктері мен төңіректегі жағдайларды ескерумен басқарудың басқару пункттерінде және учаскелік пункттерде қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық әзірленеді және ілінеді, оны атысқа шығарылатын жеке құрам нық біліп оны бұлжытпай орындауы тиіс. Қауіпсіздік шараларын меңгермеген жеке құрам атысқа және атысқа қызмет көрсетуге жіберілмейді.

Әрбір әскери қызметші атыс кезінде белгіленген кауіпсіздік шараларын нақты және бұлжытпай орындауы тиіс.

Бөлімше мен бөлімдер командирлері өзіне бағынышты жеке құрамның белгіленген қауіпсіздік шараларын нақты орындауына толық жауап береді.

Атыс алдында нысана алаңын қарап шығу қажет және оның аумағында адамдар, малдар мен көліктер болмауы керек.

Атыс орындарының шекарасы төңіректерде «Тоқта, атыс жүргізілуде», «Өтуге тыйым салынған» белгілерімен белгіленеді, олар көрнекі жерлерде және соқпақ пен жолдың қиылысқан жерлерінде орнатылады; қажет болса ату шекаралары траншеялармен қазылады. Барлық жолдар мен жаяу жүру соқпақтары шлагбаумдармен немесе қорғандармен жабылады. Одан басқа, атыс жүргізуге таяу елді мекендерде атыс орнының бастығының рұқсатынсыз атыс жүргізу аумағына кіруге тыйым салынғаны туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру ілінеді.

Атыс орнына таяу орналасқан жергілікті билік органдары, мекемелер мен әскери бөлімшелерге атыс жүргізу және қандай да бір уақытта атыс аумағына (оқу орталығы) кіруге тыйым салынатыны туралы хабар жібереді. Хабардар ету Құрлық әскерлерінің қызметтік оқу орталығы бойынша нұсқаулықта қарастырылған, хабардар ету орындарында жүргізіледі.

Атыс орындарында қозғалу оқу орталығының бастығымен көрсетілген жолдарда және аудандарда рұқсат етіледі.

Атыс орындарында атуға атыстың аға жетекшісі рұқсат береді. Оқу орталығы түгелдей қоршауға алынған жағдайда атыстың басталуы туралы рұқсатты оқу орталығының бастығы береді. Атыс жүргізу орындарында атыс жүргізу командалық пунктте қызыл жалау көтерілгеннен кейін рұқсат етіледі.

Қаруды оқтау атыс шекарасында «Ат» белгісі берілгеннен және атыс жүргізудің белгіленген шекарасын өткеннен кейін рұқсат етіледі.

Атыс жүргізуді тоқтату шекарасында қарудан оқтар алынады, ұрыс қайырмасынан шүріппе (бекітпе рамасы) ағытылады, содан кейін атушы былай деп баяндайды: «Бәленбай, қарудан оқ алынды», содан кейін қарау қаралады да, сақтандырғышқа қойылады.

Атыс жүргізуді атушылар келесі жағдайларда өздігімен немесе жетекші пәрменімен дереу тоқтатуы тиіс:

- нысаналық алаңда адамдар, машиналар және жануарлар, атыс ауданы үстінде төмен ұшып бара жатқан ұшақ пен тік ұшақтар пайда болғанда;

- гранат қауіпсіздік аймағынан тыс немесе адамдар орналасқан блиндажға жақын түскенде, және блиндажбен байланыс үзілгенде;

- командалық пункт немесе блиндажда ақ жалау көтерілгенде

- атысты тоқтату жөнінде басқа белгіленген белгілерде (жарылғыш-пакет, шашка, ракета және т.б.);

- қоршауға алу бекетінен атыс жүргізудің қауіпсіздігі туралы баяндалғанда немесе белгіленген белгі берілгенде;

- нысаналық алаңда өрт пайда болғанда;

- атушы бағдар жоғалтқанда;

- көршілес ЖӘҰМ (БТР)-дан 100 метрден алшақ қалып қойғанда.

Атуды тоқтату үшін «Тоқтат» белгісі беріліп, қызыл жалаудың орнына ақ жалау көтеріледі, сонымен бірге «Тоқта, атуды тоқтат» пәрмені беріледі.

«Тоқтат» белгісінен «Ат» белгісіне дейін кімде кімнің атыс позиция-сында болуға және сол жерде қалдырылған қаруға жақындауға тыйым салынады.



Қатаң тыйым салынады:

- «Ат» белгісіне дейін (жетекші, командир пәрмендері) қаруды ұрыстық, бос патрондармен, сондай-ақ ұрыстық және инертті гранаталармен оқтауға;

- қаруды адамға қарай кезеуге, жан-жаққа және атыс орны тылына бағыттауға, оқталған оқталмағанына қарамастан;

- ақаулы қарудан, ақаулы оқ-дәрілермен, атыстың қауіпті бағыттарында, командалық пункттер мен жасырынған жерлерде (блиндаждарда) ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;

- оқталған қаруды қай жерде болмасын қалдыруға немесе атыс жетекші сының пәрменінсіз жеке қаруды басқа адамдарға беруге, атыс орнында қалдыруға;

- 900 секторда және 30 метр таяуда қол және станокты гранатаатқыш артына оқ-дәрілер, жарылғыш және жанғыш заттарды қоюға, оның жанында тұруға; ұңғы ойығын қандай да бір затқа немесе жерге тіреуге;

- жарылмаған ұрыс гранаталар мен өзге жарылғыш қауіпті заттары бар атыс жүргізу учаскелеріне кіруге; бұл учаскелер тыйым салынған аймақтар болып табылады және ол аймақтар қоршалып, тиісті ескерту жазылған жазбасы бар көрсеткіштермен және белгілермен белгіленуі керек, мысалы «Қауіпті! Жарылмаған гранаттар, тиіспе!»;

- ұрыс гранаталарын бөлшектеуге және ақауларын жоюға; жарылмаған гранаталарға және өзге жарылыс қауіпті заттарға тиісуге; әрбір жарылмаған гранатаны көрген бетте дереу ескерту жазбасын көрсете отырып, атыс жүргізілетін орын бастығына хабарлау қажет.

Ұрыстық қол гранаталарын лақтыру кезінде тұтандырғышты салу жетекші пәрменімен оларды лақтырар алдында рұқсат етіледі. Ұрыстық қол гранаталарды гранаталарға арналған сөмкелерден тыс алып жүруге тыйым салынады.

Егер жарақталған ұрыс гранатасы лақтырылмаса (сақтандырғыш ілмек алынбаса), ол тек пәрмен бойынша және жетекшінің бақылауымен жарақсыздандырады.



Қорытынды
Атыс дайындығы – медициналық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада жалпы әскери дайындықтың негізгі тарауларының бірі және ол студенттердің далада машықтануының бір бөлігін құрайды. Оның мақсаты – студенттерді заманға сай ұрыс жағдайларында және өзінің ұрыстық тапсырмаларын орындау мүддесін қорғауда қарсыласты талқандау үшін тиімді және нәтижелі атыс жүргізуге үйрету. Медициналық қызмет офицері өзінің табельдік немесе штаттық қаруын шебер қолданып қана қоймай, өзіне бағынатындарды да соған үйретуі керек, сондықтан мұнда атыс қаруынан ату тәсілдері мен ережелерін оқу, автомат пен тапаншаның, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталардың материалдық бөліктерін оқып-үйренудің түрлері мен әдістері баяндалған. Осы оқу-әдістемелік құрал әскери кафедра студенттерін оқытудағы нұсқаулық мақсатында оқытушыларға, сондай-ақ атыс дайындығы бойынша материалдарды меңгеру ретінде студенттерге де арналған.

Тест тапсырмалары


  1. Кеуде сұлбасына КА-74 тіке ату қашықтығы:

А) 350 метр

В) 400 метр

С) 440 метр

Д) 500 метр

Е) 550 метр
2. Кезекпен атыс кезіндегі КА-74-тің ұрыстық тез атқыштығы:

А) минутына 40 ату

В) минутына 50 ату

С) минутына 100 ату

Д) минутына 150 ату

Е) минутына 250 ату




  1. КА-74 –тен оқтың ұшу қашықтығы:

А) 1000 метр

В) 2000 метр

С) 2500 метр

Д) 3000 метр

Е) 3150 метр


  1. КА-74 оқжатарындағы патрондар саны:

А) 30 дана

В) 25 дана

С) 20 дана

Д) 15 дана

Е) 10 дана


  1. КА-74-тен атыстың көздеу қашықтығы:

А) 900 метр

В) 650 метр

С) 1000 метр

Д) 1200 метр

Е) 1100 метр


  1. Макаров тапаншасы ұңғысының калибрі:

А) 5,6 миллиметр

В) 5,45 миллиметр

С) 9 миллиметр

Д) 12,8 миллиметр

Е) 7,62 миллиметр


  1. МТ-нан атыстың көздеу қашықтығы:

А) 25 метр

В) 40 метр

С) 100 метр

Д) 50 метр

С) 315 метр


  1. МТ-нан оқтың ұшу қашықтығы:

А) 315 метр

В) 50 метр

С) 100 метр

Д) 500 метр

Е) 350 метр


  1. МТ оқжатарының сыйымдылығы:

А) 10 патрон

В) 8 патрон

С) 6 патрон

Д) 12 патрон

Е) 9 патрон


  1. МТ-ның ұрыстық тез атқыштығы:

А) минутына 20 атуға дейін

В) минутына 15 атуға дейін

С) минутына 30 атуға дейін

Д) минутына 40 атуға дейін

Е) минутына 35 атуға дейін


  1. Жарқыншақты қол гранаталар арналған:

А) таяу ұрыста қарсылас адамдарды жарқыншақтармен талқандауға

В) қарсыластың ұрыстық позициясын жоюға

С) қарсыластың броняланған нысаналарын жоюға

Д) қарсыластың атыс нүктелерін талқандауға

Е) қарсыластың ағаш-жердегі атыс орындарын жоюға


  1. Кумулятивтік қол гранаталар арналған:

А) қарсыластың оқпанадағы, траншеядағы адамдарын талқандауға үшін

В) танкіге қарсы граната және танкі мен өзге броняланған нысаналарға қарсы, сондай-ақ өзге кедергілер мен даладағы жасырын орындарды қиратуға

С) қарсыластың жаяу әскерін жоюға

Д) қарсыластың броняланған техникасын істен шығаруға

Е) қарсыластың ұзақ уақыттық ұрыс нүктелерін жоюға


  1. Қорғаныс гранаталарын лақтыру кезінде:

А) оқпанаға, тасаларға жасырыну

В) аяқтарын гранатаны лақтыру жағына қаратып жерге жату

С) басын гранатаны лақтыру жағына қаратып жерге жату

Д) тоқтап, гранатаның жарылғанын тосып, қозғалысын жалғастыру

Е) бүгіліп отыру, қозғалысын граната жарылғаннан кейін 5 секундтан кейін жалғастыру


  1. РГД-5 гранатасына тұтандырғышты баяулатқышының жану уақыты:

А) 3-4 секунд

В) 3,2-4,2 секунд

С) 4-5 секунд

Д) 4,2-5,2 секунд

Е) 4,5-5,5 секунд


  1. 400 метрге дейінгі қашықтықта КА-74-тен атыс жүргізу кезінде әдетте «4» немесе «П» қарауылымен жүргізу керек:

А) қарауылдың төмен шетіне немесе ортасына көздеп, егер нысана жоғары болса

В) нысана ортасына көздеп

С) қарауылдың жоғары шетіне көздеп

Д) қарауылдың жоғары шетіне көздеп, егер нысана аса биік болмаса

Е) нысана ортасына көздеп, егер нысана аса биік болмаса


  1. Гранатаны лақтыру кезінде қару қандай жағдайда болуы керек:

А) «арқаға»

В) сол немесе оң қолда

С) әрекетке тез дайын болуды қамтитын жағдайда

Д) «кеудеге»

Е) «белдікке»


  1. Автоматтың ұрыстық дайындығын тексеруде болуы керек:

А) автомат бекітіліп берілген автоматшы, олардың бөлімше командирлері және қаруды жөндейтін шебер, бөлімше командирінің жетекшілігімен

В) тек бөлімше командирлері

С) міндетті түрде бөлім командирінің жетекшілігімен

Д) тек автоматтар бекітіліп берілген автоматшылар

Е) бөлімше командирі және қаруды жөндеу шебері


  1. Атыс дәлдігі мыналардан қамтылады:

А) қаруды қалыпты ұрысқа дәл келтіру, қаруды және оқ дәрілерді ұқыпты ұстау және атушының жақсы дағдылануы

В) тигізудің орташа нүктесін нысанада белгіленген нүктемен және таралу шамасымен дәл келтіру

С) нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау

Д) оқтың ұшуына метеорологиялық жағдайлардың әсер етуін ескеру

Е) қарауылды дұрыс қою



  1. Автоматты оқтау үшін:

А) автоматқа оқталған оқжатарды қосу, автоматты сақтандырғыштан алу, ауыстырғышты атыстың қажет түріне қою, бекітпе рамасын кейін тірелгенге тарту және оны жіберу

В) автоматты сақтандырғыштан алу

С) автоматты сақтандырғыштан алу бекітпе рамасын артқа тарту және оны жайлап алдыңғы жағдайға келтіру

Е) автоматты сақтандырғыштан алып, ауыстырғышты атыстың қажет түріне қою




  1. Автоматтан атыс жүргізу (ату) мыналардан тұрады:

А) ағытқыш ілмекке басу

В) қарауылды қою және ағытқыш ілмекке басу

С) қарауылды және көздеуішті қою, ауыстырғышты атыстың талап етілетін түріне, дүмді қою, шүріппені ағыту және ату кезінде автоматты ұстап тұру

Д) шүріппені ағыту және атудан кейін автоматты ұстап тұру

Е) сақтандырғыштан алу, қарауылды қою, ағытқыш ілмекті басу және атудан кейін автоматты ұстап тұру


  1. Атыс қаруынан көздеуге үйрену реттілігі:

А) тегіс қарауылға алуға үйрету, жетекші көзді анықтау, қаруды станоктан нысанаға кездеуге үйрету, жатып көздеуге үйрету

В) жатып көздеуге үйрету, қаруды станоктан нысанаға кездеуге үйрету, тегіс қарауылға алуға үйрету, жетекші көзді анықтау

С) жетекші көзді анықтау, жатып көздеуге үйрету, тегіс қарауылға алуға үйрету, қаруды станоктан нысанаға кездеуге үйрету

Д) жетекші көзді анықтау, тегіс қарауылға алуға үйрету, қаруды станоктан нысанаға кездеуге үйрету, жатып көздеуге үйрету

Е) қаруды станоктан нысанаға кездеуге үйрету, жатып көздеуге үйрету, жетекші көзді анықтау, тегіс қарауылға алуға үйрету


  1. Ф-1 гранатасының соққыш жарқыншақтарының ұшырау радиусы:

А) шамамен 100 метр

В) шамамен 50 метр

С) шамамен 150 метр

Д) шамамен 300 метр

Е) шамамен 200 метр


  1. «Оғынан ал» пәрмені бойынша тапаншадан атысты толық тоқтату үшін:

А) тапанша сақтандырғышқа қойылады

В) тапанша кобураға салынады

С) ағытқыш ілмекке басу тоқтатылады, сақтандырғышқа қойылады, тапанша-дан оқтар алынады

Д) тапаншадан оқтар алынады және кобураға салынады

Е) тапанша сақтандырғышқа қойылады және кобураға салынады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет