А. М. Пышкало әдістемелік жүйе компоненттерінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдісі, құралы, формасы) сызықты байланысы емес, осы компоненттердің жан-жақты байланыс түрінде қарастырған [4]



бет3/4
Дата10.04.2024
өлшемі93.6 Kb.
#498254
түріСабақ
1   2   3   4
thesis31231

Жүйенің рефлексивті компоненттеріне тоқталсақ. Жоғарыда айтылғандай сабақтастық жүйесінің әр компоненті өз кезегінде дербес жүйе болып табылады. Жүйе құрудың үштік принципі бойынша әр компонент үш элементтен тұру керек. Жоғарыда бақылау, бағалау, түзету рефлекстік компонентке топтастырылған болатын. Егер бақылау тек оқытушы тұғысынан немесе тек сыртқы бақылау болса, ол объективті бола алмайды. Сондықтан, өз кезегінде бақылау өзін-өзі бақылауға, оқытушы бақылауына және сыртқы бақылауға жіктеледі. Сәйкес бағалау өзіндік баға, оқытушы бағасына және сыртқы бағаға жіктеледі. Бақылау-бағалаудан кейін түзету өзіндік түзету, оқытушы түзетулері және сыртқы түзетулерге жіктеледі (2-сурет).



2-сурет.



Студенттердің білімді қаншалықты дәрежеде қабылдап, оны практикада қаншалықты қолдана алып жатқандығы жөнінде үздіксіз және объективті ақпаратсыз оқу үдерісі толық деп айтуға болмайды. Бақылау арқылы оқытушы мен студент арасында «кері байланыс» қалыптасады, соның көмегімен білімді меңгеру динамикасын бағалауға, білім білік дағдысын қабылдау деңгейін анықтауға, оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін тексеруге мүмкіндік береді. Осының арқасында оқу үдерісін ұйымдастыруға түзетулер енгізуге мүмкіндік туады.
Мектеп көлеміндегі сыртқы тәуелсіз бақылау PISA, TIMSS көрсеткіштері, ҰБТ, КТ болса, студенттер үшін оқу жетістіктерінің сыртқы бағасы (ВОУД), мемлекеттік емтихандарды жатқызуға болады.
Жүйенің мақсатты-мазмұндық компоненттеріне сәйкес бақылаудың да түрі, формасы, әдістері болады. Студенттер білімін бақылаудың мектептік бақылау мен бағалаудан өзгешеліктері бар. Сонымен қатар, студенттің ілгерлеп дамуына кері әсерін тигізетін бағалаудағы

  • жомарттық, кешірімшілдік;

  • студенттің жеке басына қатысты жағымды (жағымсыз) көзқарастың бағаға әсері;

  • оқытушының көңіл-күйіне қатысты бағалау;

  • бағалау критерийлерінің жоқтығы (болмашы білімге жоғары, ал көп еңбектену нәтижесінде меңгерілген білімнің аз баллмен бағаланып кетуі);

  • орташа бағалуға бейімдік (мысалы, мектептегідей екі немесе бес деген баға қоймау);

  • бағалаудағы жүйесіздік (ұзақ уақыт бағаланбай келіп, бір аптаның ішінде түрлі бақылаулар жүргізу);

  • бақылау нәтижесін кешіктіріп жариялау

іспеттілері студенттер білімін бағалауда жиірек кездеседі.
Бұл қателіктер орын алмауы үшін әр оқытушының өз пәнінен осы бақылаулардың барлық түрін іске асыратын дидактикалық материалдар болуы қажет. Онымен студент қамтамасыз етіліп қана қоймай, студенттің жасаған барлық жұмысы бағаланатынын, және оны бағалаудағы ерекшеліктер алдын-ала толық түсіндірілуі қажет. Мысалы, оқытушылық тәжірибеден мынадай оң әдістемелік заңдылық байқалады: студенттің конспект жүргізу, үй жұмысын жасау, өздік жұмыс орындау, аудиториялық жұмыс, реферат жазғаны үшін қойылатын ұпайлары толықтырып жинақтауға болады; ал тақырыптық бақылау, тестік бақылау, коллоквиум, аралық бақылау, аралық емтихан, қорытынды емтихан бір рет жазылып, ондағы қойылатын бағалар өзгертусіз қалдырылуы керек. Осы заңдылықты білген студент те бақылаудың осы түрлеріне алдын ала дайындалып, сәйкес дайындықтар жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет