64
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Жыныстардың жасы мен жатыс жағдайларын геологиялық
карталарда анықтау
Жұмыстың мақсаты: геологиялық карталарда жыныстардың жасын
жəне жатыс жағдайларын анықтаудың дағдырдарын алу.
Жұмыстың теориялық негіздемесі: Картаның талдауы геологиялық
денелерді жəне олардың жасы қалыптасуында қатысатын жыныстардың
пайда болу туралы мəселені анықтаудан бастау керек. Шөгінді жəне
метаморфты жыныстардың жасы картада əріптік жəне
сандық индексімен
көрсетіледі. Арықарай шөгінді (жəне инрузивті) қабаттардың өзара қарым-
қатынасын анықтау керек – олардың үйлесімді жəне үйлесімсіз жатысы мен
үйлесімсіздіктің түрлерін; сыйдырушы жыныстармен интрузиялардың
қарым-қатынасында – қандай жыныстарды интрузия бұзып өтеді, қандай
жыныстарды
бұзбайды, кеңістікте шөгінді жəне метаморфты қабаттардың
жатысын (көлденең, еңісті немесе бұрышты); қатпарлардың жəне
дизъюнктивтердің түрлерінде, олардың санында.
Аймақтың геологиялық құрылысын талдау нəтижесінде барлық
геологиялық оқиғалардың реттілігін қалпына келтіру – шөгінді қабаттардың
жəне эффузивті жыныстардың қалыптастыру кезеңдері, шөгінділер
жиналуындағы үзілістер, интрузиялар мен сығылмалардың (дайкалардың)
енуі, қатпарлар мен дизъюнктивтердің пайда болуы. [1; 5]
Геологиялық карталарды оқу
1) Геологиялық карталар мен қималарда геологиялық денелердің шығу
шекаралары көрсетілген.
2) Геологиялық жобалар мен қималарда үйлесімді жатқан геологиялық
денелердің шекаралары бір-бірімен қиылыспайды жəне əрқашанда
параллелді болып келеді. Геологиялық денелер үйлесімсіз жатқан кезде жас
денелер көне денелердің шекараларын жабады.
3) Кеңістікте
геологиялық денелер көлденең, еңісті, тік немесе
қатпарларға иілген түрінде жатады. Көлденең жатқан кезде геологиялық
денелер бірдей абсолютті белгілерге ие, жəне контурлары тұйықталған
болады; еңісті жатқан кезде (моноклинальдар, қатпардың қанаты)
олардың
шекаралары параллелді, ирелеңген (шекаралдың абсолютті белгілерінің
өзгеруімен) жолақтар жиынтығын құрайды; тік жатқан кезде,
мысалы
сығылмалардың – карталарды олардың шекаралары тіп-тік сызықты жəне
жер бедерінен қатысты емес болады; шөгінді қабаттардың қатпарлы жатысы
кезінде, олардың шығыстары созылған жолақтар түрінде болады жəне карта
аумағында қатпарлардың санына қарай кезектесіп орналасады.
4) Стратификацияланған қабаттардың көлденең орналасуы кезінде
жасының реттілігі қарапайым ереже арқылы анықталады – астында
орналасқан тау жыныстары, үстінде орналасқан жыныстарға қарағанда көне
65
болып келеді, яғни ең көне қабаттар жер бедердің төмен белгілерінде
ашылады жəне керісінше қабаттар моноклинальді жатқан кезде жас
жыныстар қабаттардың құлау бағытында ашылады; қатпарлы жатысы кезінде
ең көне жыныстар антиклинальды қатпарлардың ядросында орналасады.
5) Интрузиялардың жасын анықтау: интрузивті денелер сыйдырушы
жыныстарды
бұзып өтсе, олар одан жас болып келеді; интрузивті денелер
сыйдырушы жыныстарымен көмілген болған кезде, олар жыныстардың
жасына қарағанда көне болып келеді.
6) Картада қабаттың шығу ені (тұрақты қалыңдылық кезінде)
құлау
бұрышына қарай өзгереді, құлау бұрышы төмеңдеген кезінде ұлғаяды, жəне
керісінше құлау бұрышы жоғарланған кезінде төмендейді.
Осы ережелерді қолдана отырып, қабаттардың жатыс элементтері жəне
жер беткейіне шығу сипаты бойынша олардың кеңістікте қалай жататының
анықтау керек – көлденең, еңісті немесе қатпарларға иілген. Соңғы жағдайда
қайсы қатпарлар антиклин, қайсы синклин екенін дұрыс анықтау керек.
Кейін индекстердің, қабаттардың өзара орналасуы жəне кеңістікте
талдау арқылы, олардың жалпы стратиграфиялық реттілігін анықтау керек,
анықтау кезінде интрузивті денелердің пішінін қарастыру қажет – сығылма
немесе штоктар, жəне сыйдырушы жыныстармен
қарым-қатынасын біле,
олардың жасын белгілеу. Халықаралық жержылнамалық шкаласын қолдана
отырып жəне геологиялық картаны талдау арқылы, шөгінді жиналудың
кезеңдері мен шөгінді жиналуының үзіліс уақытын анықтау, жəне
интрузияларды енгізудің қатпарлардың түзілу үрдістердің
пайда болу
уақытын анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: