56
Шөгінді жыныстардың дислокациясы
Алғашқы көлденең жатқан жыныстардың
кез келген бұзушылығы
дислокация деп аталады. Дислокация
пликативті мен
дизъюнктивті
түрлерге бөлінеді.
Пликативті
дислокация
(қатпарлы
бұзылыс).
Қабаттардың
тұтастығын бұзбай өтетің дислокациялар.
Осылардың ішінде келесі
құрылымдарды ажыратады: моноклинальдар, флексулар, қатпарлар.
Моноклинальдар бір бағытта еңістелген түрінде тау жыныстардың қабаттары.
12 сурет. Қатпарлардың түрлері: а) антиклинді б) синклинді
Флексура – жатқан қабаттардың баспалдақ тəрізді иілімдер.
Қатпар –
тұтастылығы бұзылуысыз тау жыныстардың қабаттарының толқын тəрізді
иілуі. Қатпар екі түрге бөлінеді – антиклинді жəне синклинді (12 сурет).
Антиклинді қатпарлар деп дөңес қатпарларды айтады, олардың ядросында
көне
тау жыныстар орналасқан, ал қанаттарында жас тау жыныстар.
Синклинді қатпарлар деп ойысты қатпарларды айтады, олардың ядросында
жас
тау жыныстар орналасады, ал қанаттарында көне тау жыныстар
орналасады.
Қатпардың құрылысында келесі элементтерді ажыратады: қанаттары,
топсасы (шаринир), құлпы, бұрышы,
осьтік жазықтығы, осьі, ядросы.
Қатпарлар енімен, амплитудасымен жəне ұзындығымен сипатталады.
Құлып – қанаттардың қиылысқан орыны.
Қанаттары – қатпардың бүйірлік жақтары.
Қатпардың бұрышы – қанаттарын ойша сызған кезде жəне олардың
қиылысқан жерінде пайда болған бұрыш.
Осьтік жазықтық – қабатты екі тең бөлікке бөлетін жазықтық.
Шарнир – қатпардың əр қабаты бойынша өтетін сызықты айтамыз.
Ядро – қатпардың ортаңғы бөлігі.
Қатпардың өсьі – көлденең жатқан беткейімен
осьтік жазықтықтың
қиылысуы кезінде пайда болған сызық (13 сурет).
57
13 сурет. Қатпардың құрылысының негізгі элементтері
құлып, ядро, қанаттары, қатпардың бұрышы, шарнир, осьтік жазықтық,
қатпардың өсьі (А.Е. Михайлов бойынша)
Осьтік жазықтығы жəне
қанаттардың орналасуы бойынша тік,
еңісті, жатқан, аударылған қатпарлардың түрлері ажыратылады.
Қанаттардың мен
құлыптың пішіні бойынша қалыпты, изоклинді, желпеуіш
тəрізді, сандықты қатпарлар ажыратылады (14 сурет).
14 сурет. Қанаттардың орналасу бойынша қатпарлардың түрлері:
I – қалыпты, II – изоклинді, III – желпеуіш тəрізді
Достарыңызбен бөлісу: