49
7 сурет. Мұздықтың көленең қимасындағы мореналардың орналсу сұлбасы
А – бүйірлік; Ə – ортаңғы; В – ішкі; Д – түпкі; С – шеткі
1.6.6. Теңіздердің геологиялық əрекеті
Мұхиттың жəне теңіз бассейндерінің рөлі өте маңызды.
Олар жер
беткейінің 361 млн.км
2
алаңын алады, яғни 70,8%. Гидросфераның сулары
жалпы санынан алғанда 86% мұхитта қамтылған.
Олар басты бассейндер
болып келеді, оларға құрлықтардан бұзылған өнімдері түседі жəне осы
жерлерде шөгінді тау жыныстардың қалыптасуы өтеді.
Мұхит бассейндердің түбінінің басты элементтері келесі:
1) континеталды шельф (қайраң), 2) континенталды беткей, су асты
каньондарымен бірге қарастырылады, 3) континентальды бөктер, 4) жерорта-
мұхит жоталарының жүйесі, 5) аралдық доғалар, 6) мұхиттың түбі, осы мұхит
түбіндегі абиссалды жазықтығымен бірге оң бедерлері (гайоттар, атоллдар)
жəне терең суларындағы науалар болады.
Континентальды беткей –құрлықтардың шеттері,
олар теңіз
деңгейінен 200-300 м-ге дейін төмен орналасқан.
Континентальды бөктер – континентальды беткейінің негізінде
шөгінділердің жиналу орыны.
Мұхит тібі терең суларындағы науалармен бірге басқа ірі жəне ұсақ
пішіндерді қамтиды.
Абиссалды жазықтық – мұхит түбінің жалпақ жəне ең терең
салалары, олар 3000-6000 м тереңдікте орналасады.
Жерорта-мұхит жоталары – ұзындығы 6 мың.км
дейін жететін
барлық үстірттердің жүйелерін құрайды. [4]
Теңіз ортасы
Теңіздің ортасы бес мекендейтің зоналарға бөлінген.
Литоральді зона. Судың көтерілуі кезінде мезгіл-мезгіл сумен
толтырылатын теңіздің таяз сулы бөлігі. Ағзалар теңіздің түбіне
қатты
қадалып тұрады немесе індерде орналасады.
50
Неритті зона. Су көтерілуі сызығынан континентальді шельфтің
жиегіне
дейін созылады, кейде оны таяз су облысы деп айтады. Теңіз
ағзалардың барлық түрлері кездеседі, яғни қоректері мол болады деп айтуға
болады.
Батиалды зона. 200 м ден 2000 м дейін тереңдіктегі теңіз түбі жатады.
Шельф пен мұхит түбінің арасында орналасады. Осы зонада теңіз түбінде
жануарлардың бай қауымдалыстары өмір сүреді.
Абиссалды зона. Осы зонаға 2000 метр деңгейнен төмен теңіз түбіні
жатады. Осы жерге дейін күннің
жарықтары өтпейді, судын температурасы
əрқашанда қату нүктесіне жақын болады.
Пелагияық зона. Литоральді зонасынан
тыс ашық теңіздің кең
кеңістігіндегі судың жоғарғы қабаты сəйкес келеді. Осы зонада енжар
жүзуші планктондар мен өздігінен жүзуші жануарлар қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: