№2.4.7 тапсырма
Магмалық жыныстар
Минералдық құрамы:
Басты минералдары: оливин (100-85%), пироксен (0-15%).
Екінші дəрежелі жəне акцессорлы минералдар: магнетит, ильменит,
хромит, шпинель, пирротин (1-3%)
Қайталмалы: серпентин, уралит, хлорит, тальк.
Түсі: қою-жасыл, қара, сарғыш-жасыл.
Құрылымы: ортат түйіршікті, ұсақ түйіршікті.
Түзілімі: массивті.
Тау жыныстын атауы:
Тығыздық: 3,20 г/см
3
(ауыр)
Қолдануы: отқа төзімді шикізат (болатты құю кезінде қолданылатын
жылу оқшаулағыш жапсырмалар ретінде, отқа төзімді материалдарды
жасауда, машина жасауда болатты тіректерді шығаруда).
Кенорындары: Орал.
№2.4.8 тапсырма
Магмалық жыныстар
Минералдық құрамы: далалық шпат, кварц.
Түсі: сұрлы, ақ, қызғылт.
Құрылымы: ірі түйіршікті немесе пегматитті (далалық шпатта кварцтің
өсуі).
Түзілімі: массивті.
Тау жыныстың атауы:
Жатыс пішіндері: желілер түрінде жатады.
Маңыздылығы: гранитті типті жыныстарымен жəне нефелинді
сиениттермен байланысты пегматиттер үлкен тəжірибелік құндылыққа ие,
өйткені құрамында бірқатар бағалы минералдар болады: топаз, вольфрамит,
касситерит жəне т.б.
Кенорындары: Орал, Кольск жартылау аралы, Карелия, Сібір.
№2.4.9 тапсырма
Шөгінді жыныстар – цементтелмеген түйіртпекті жыныстар
Жыныстың атауы:
Жұмырланбаған есектердің мөлшері 100 мм астам. Құрамы мен түсі
тұрақсыз.
Айырмашылық белгілері: кесектердің цементтелмегенділігі сипатты,
жұмырланбаған пішіндер жəне мөлшерлері үлкен.
Қолдануы: темір жол үйінділерінде, бетон жұмыстарында жəне
құрылыста тас жолдарға балласты материал ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |