6. Отбасының фелицитологиялық қызметі. «Фелиците» - латын
тілінен аударғанда бақыт, үйлесімділік, отбасындағы өзара түсіністік
жағдайларын жасау дегенді білдіреді [8]. Отбасының бұл қызмет түрі өзіне
жоғарыда аталған барлық қызмет түрлерін біріктіреді, сонымен қатар
дербесте бола алады. Бұл қызмет түрі әрбір отбасында саналы түрде жүзеге
асыру керек. Осы қызмет отбасының әр мүшесінің бақытына жағдай жасауды
білдіреді және осы қызметті тек тату, қолайлы, мәдени, моральдық-
психологиялық жағынан дамыған отбасы ғана орындай алады.