3. Тәрбиелік қызметі. Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның
ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік - мәдени салт-дәстүрлеріне және ол
енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты[7].
Отбасының тәрбиелік қызметінің аспектілері: баланың жеке басының
қалыптасуы, қабілеттерінің дамуы, әлеуметтік қалыптасуы, адамгершілік,
рухани және әсемдік құндылықтарға, еңбекке көңіл бөлуі, денсаулықты
нығайтуы және денені әбден жетілдіруі; отбасының әрбір мүшесіне барлық
уақытта тәрбиелік ықпал жасауы; балалардың ата-анаға тәрбиелік ықпалы.
Отбасының балаларға тәрбиелік әсерінің басты ерекшелігі - оның
тұрақтылығы. Ата-ананың отбасының тәрбиелік қызметін жүзеге асыруы
баланың тіршілік әрекетінің көптеген аясында сөзсіз көрінеді.