А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Отбасы тәрбиесінің типтік қателіктерінің туындау себептері



Pdf көрінісі
бет40/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Отбасы тәрбиесінің типтік қателіктерінің туындау себептері:
1) отбасылық қарым-қатынастағы үйлесімсіздік: үйлесімсіз отбасы
-
өз  қызметтерін  дұрыс  орындамайтын,  отбасының  барлық  мүшелерінің 
қажеттіліктерін  жеткілікті  қанағаттандырмайтын  және  отбасының  рөлдік 
құрылымының  бұзылуы  мен  эмоциялық  бауыр басушылықтың  болмауы, 
коммуникативтік  үдерістердің  бұзылуы  және  т.б.  салдарынан  тұлғалық  өсу 
мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін отбасы.
2) баланың  отбасындағы  рөлінің  бұзылуы:  үйлесімді  отбасындағыдан
керісінше, бұндай отбасында рөлдік құрылым оның мүшелерінің қажеттілігі 
қамтамасыз етілмейді, келісімі бұзылған. Дисгармониялық отбасыларда бұл 
құрылым бұрмаланады, ең алдымен бала позициясы бұзылады. Мысалы, бала 
келесі  рөлдерді  орындайды: балалардың  ішіндегі  ең  сүйіктісі;  жаңа  туған 
бала  бейнесінде  қала  беру; вундеркинд,  отбасының  үміті;  төреші,  кәсіпкер;
бұзақы, қиын, тәртіпсіз.
3) ата-аналардың  балалармен  эмоциялық  қарым-қатынасының
бұзылуы:  отбасындағы  эмоционалдық  қарым-қатынас  маңызды  біріктіруші 
рөл атқарады, оның арқасында отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді және 
бір-бірінің  жылуы  мен  қолдауын  көреді.  Махаббат  пен  сүйіспеншілікті 


31
қарым-қатынас  баланың  отбасындағы  өмірі  мен  тәрбиесін  оңтайландырып, 
уайымның  азаюына  ықпал  етеді. Ата-аналардың  балалармен  эмоциялық 
қарым-қатынасының  бұзылған  жағдайда  махаббат  пен  сүйіспеншілік,  өзара 
қолдау да жоғалады.
4) қарым-қатынас  процесінің  бұзылуы:  ата-ананың  бала  тәрбиесінде
жиі  жіберетін  қателіктеріне  байланысты
(көп  тыйым  салу;  зорлық-
зомбылықпен  тәрбиелеу;  үнемі  дауыс  көтеру;  суыққандылық  көрсету; 
кемсіту; тым еркелетіп тәрбиелеу; тәрбиедегі тұрақсыздық).
Жалпы  тәрбиенің  типтік  қателіктерінің  белгілері  мынандай: отбасы 
тұтастығының  төмендігі,  мүшелері  арасындағы  келіспеушілік; балаға 
қойылатын  талаптардың  қарама-қайшылығы  мен  сәйкессіздік  дәрежесінің 
жоғарылығы; балалардың  тіршілік  әрекетінің  қандай  да  бір  салаларында 
қорғаншылықтың  және  шектеудің  айқын  дәрежесі; жоғары  ынталандыру, 
балалардың мүмкіндіктерін бұзу, қорқыту, кінәлау.
Отбасындағы  бала тәрбиесінің,  ата-ананың  әлеуметтік-жауапкершілік 
қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі 1989 жылдың 20 қарашасында 
БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» болып 
табылады.  «Балаға,  дене  жағынан  және  ақыл-ойының  жетілмегендігінен, 
арнайы  қорғау  мен  қамқорлық,  соның  ішінде,  оны  туылғанға  дейін  және 
туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек», - деген. Конвенция баланың 
өмір  сүру  және  тіршілік  ету, салауатты  даму  құқығын  жариялай  отырып, 
оның  жеке тұлғалық  дамуында  өзінің  дербестігін,  даралығын  сақтау 
құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ, баланың ата-анаға деген құқығы 
да  ескеріледі.  Ата-ана  баланың  мақсат-мүддесі  үшін  қажеттіліктерді 
орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады» [11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет