А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Отбасындағы қарым-қатынас стилдері



Pdf көрінісі
бет41/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

2.3. Отбасындағы қарым-қатынас стилдері
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік 
институты  ретінде  анықталады.  Ол  отбасы  мүшелері  арасындағы  өзара 
қатынастардың  қалыптасуы  мен  дамуына  септігін  тигізетін  адамдардың 
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы 
тәрбиесінің  артықшылығы  да  осы  қатынастарда,  оны  тәрбиенің  ешқандай 
түрі  алмастыра  алмайды.  Отбасы  тәрбиесінің  қоғамдық  және  мемлекеттік 
тәрбиеге қарағанда артықшылығы осымен басым. 
Ер  мен  әйел  – отбасының  екі  ірге  тасы,  бұл  іргетас  үйленумен 
құрылады.  Отбасында  адамдар  ұрпақ  жалғастырады.  Сонымен  қатар, 
қоғамның  қартайған,  еңбекке  жарамсыз  мүшелеріне  қамқорлық  жасау  да 
осында  іске  асырылады.  Отбасын  құру үшін  ерлі-зайыпты  адамдардың 
арасындағы қатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) арқылы реттеледі. 
Некелесу  - еркек  пен  әйелдің  арасындағы  қарым-қатынастарды  реттеп 
отырудың  әлеуметтік  ережелерінің,  олардың арасындағы  міндет  пен 
құқықтық жиынтығы. Осы  бағыттағы  зерттеушілердің пікіріне  сүйенетін 
болсақ, олар отбасында ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлерін 
4 түрге бөледі: диктат, опека, араласпау, ынтымақтастық [9].


32
Диктат – бұл қатынаста ата - аналардың талабын, бұйрығын, зорлық 
көрсетуін  бірінші  орынға  қояды.  А.С.Макаренко  талап  қоюды  құрмет 
көрсетумен ұштастырмағанда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін айтқан.
Шектен  тыс  қамқорлық  (опека)  – бұл  диктатқа  қарама-қарсы 
қатынастың түрі,  балаға  шектен  тыс  қамқорлық  көрсетіп  еркіндік  бермеу, 
қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу. Бұл бала тәрбиесіне зиян. 
Араласпау  - бұл  балалармен  ата-аналар  арасында  эмоционалды 
жылылықтың жоқтығы, бұнда талап пен тәртіп нормалары іске аспайды.
Ынтымақтастық–бұл  ең  идеалды  қатынас  түрі,  балаға  деген 
сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.
Отбасында ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынас  сыйластық, 
түсіністік,  мейірім  мен  демократияға  негізделіп  құрылуы отбасындағы 
құндылықтардың сақталуына септігін тигізеді. Отбасындағы қарым-қатынас
мәселесін  В.С.Мухина  мен  Л.А.Венгер  ғылыми  тұрғыдан  зерттеген.  Олар 
отбасында  дұрыс  ұйымдастырылған  қарым-қатынас  пен  тәрбие  үрдісінің
нәтижесінде  мектеп  жасына  дейінгі  бала  өздігінен  дербес  түрлі  әрекеттер 
(киім  кию,  жуыну,  тамақтану  және  т.б.)  орындағандарымен,  ата-ана 
тарапынан көрсетілген эмоционалды қарым-қатынасты әлі де болса аса қажет 
етеді деген. В.С.Мухина адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында 
балада түрлі тәртіп формалары қалыптасады және бала үшін ең бастысы- ата-
ана  тарапынан  ұйымдастырылған  жағымды  қарым-қатынас.  Ата-ана  сенімі 
мен  махаббаты  балада  оптимизм,  үлгілі  болу  қасиеттерін  қалыптастырады.
Бала  әруақытта  өзіне  жасалған  эмоционалды  қолдауды  қажет  етеді. 
Зерттеуші  Л.А.Венгер  баланың  жан-жақты  дамуына  отбасы әсер етеді дей 
отырып,  тәрбиелік  ықпалдардың  дұрыс  ұйымдастырылмауы,  қарым-
қатынасқа  қанағаттанбау,  ұжымда  өз  орнын  дұрыс  сезінбеу,  отбасындағы 
кикілжіңдер бала тәртібінде қиындықтар тудырады дейді.
Отбасында  – баланы  өмірге  келтіру  ғана  емес,  сонымен бірге  оған 
әлеуметтік-мәдени  ортаның  құндылығын  қабылдату,  үлкен  ұрпақтың 
тәрбиесін  жас  ұрпаққа  жеткізу,  бойына  сіңірту,  яғни  балаларын  өздерін 
қоршаған  ортаға  және  қоғамға  пайдалы  азамат  етіп  өсіру  әке-шешенің  ең 
маңызды  міндеті.  Соған  орай,  отбасындағы  ұрпақ  тәрбиесінде  өзіндік 
қалыптасқан тәрбие стильдері бар. Бұл стильдер мынандай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет