49
- ата-аналардың өз тәрбие тәжірибесін, балаға көмек көрсетудің өзекті
міндеттерін шешу жобаларын ұсынуын ұйымдастыру;
- ата-ана өзекті жағдайларды түсіну үшін өз стереотиптері мен
кедергілерді жою үшін тиімді тәрбиелеу жолдарын ұсыну;
- отбасылық тәрбиелеу міндеттерін шешудің қате және тиімсіз тәсілдерін
ата-аналардың жеңе білуін ұйымдастыру;
- оқушылар мен ата-аналарының бірлескен уақытын ұйымдастыру;
- балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі туыстарымен және
серіктестерімен өзара іс-қимыл жасау стереотиптерін қайта құру.
Педагогикалық мәдениетті дамытудың әдістері мен құралдарын
анықтау кезінде педагог ата-аналардың тәрбиелік қызметі мен нақты
қажеттіліктерінің дайындық деңгейін негізге алуы қажет. Тиімділігі
педагогтардың нақты отбасының біліміне және ата-аналармен жұмыстың
әдістері мен тәсілдерін дұрыс іріктеуіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: