Педагогикалық білімдер университеті – ата-аналарға педагогикалық-
психологиялық, білім беру формасы. Ол ата-аналарды педагогикалық
мәдениет негіздеріне, жас ерекшеліктеріне сай тәрбие мәселелеріне, мектеп,
қоғамдық орындармен байланыс орнатуға, тәрбие жұмысында бірлесе әрекет
етуге үйретеді. Университет бағдарламасының ұйымдастыру формасы
әртүрлі: баяндама, әңгіме, конференция және т.б.
Ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында тәртіп пен үлгерім
туралы айту жеткіліксіз. Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар
жиналыстарын өткізіп отырудың тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың
мақсаты - ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білім мен тәжірбие
жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Достарыңызбен бөлісу: |