А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет99/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

БЕДЕЛДІ БОЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
өз қателігін көре білу, 
талдау, түзету
шындық
кешіре 
білу
сенім
өзгені 
тыңдай білу
қорқыныштың болмауы
келіссөзге 
келе білу
іс әрекеттің 
дұрыстығы
рационализм


65
Отбасындағы  рөлдер. Адам  өмірінде  көптеген  рөлдерді  орындайды, 
ана-әке,  басшы-бағынышты  және т.б.  Үйде  басшы  немесе  бастық  болмас 
үшін, ал әйелі жұмыс істеу үшін осы рөлдердің әрбірін дұрыс орындау және 
уақытылы үйрену маңызды. Отбасындағы рөлдердің дұрыс орындалуы үшін, 
отбасындағы әр мүше өзінің беделімен ерекшеленетін ұмытпауымыз қажет. 
Адам неғұрлым беделді болған сайын, оны отбасы мүшелері де жете сыйлап, 
оның сөзі мен ісін үлгі тұтатын болады. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-
анасын,  туған-туысын,  жолдасын  сыйлаудан  басталады,  себебі,  ата-анасын 
сыйламаған  бала  жолдасына  да,  пайда  келтіре  алмайды»  деген,  қазақтың 
белгілі  ағартушы  педагогы  Ыбырай  Алтынсариннің  ата-ананың  бала 
тәрбиесіндегі атқаратын рөлін айрықша атап көрсеткен.
Ата-әже,  әке-шеше  отбасында  белгілі  бір  рөлдерді  орындаудың 
барысында бала отбасы мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым 
– қатынастардың  куәсі  болып,  үлгі  - өнеге  алады.  Отбасында  баланың
жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата – ана
тәрбиесінің ықпалы. Ата – ана және басқа да ересектер өскелең буынға тек
жеке  бастарының  өнегесімен,  іс  - әрекеттерінің  үлгісімен  ықпал  жасайды.
Ата – аналар ұнамсыз жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол
бермеуі тиіс. Өйткені, күйі көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, баланың
бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал. Ата – бабаларымыз ұрпағына ер –
жігітке  кедергі  болатын  жалқаулық,  ақаулық,  жасқаншақтық,  өтірік  - өсек
айтып,  алдап-арбау  сияқты  жағымсыз  қасиеттерден  аулақ  болуға
тәрбиелейді. Сонымен қатар олар жан – тәнімен, қанымен жерімізді, елімізді,
Отанымызды қорғаған,  тілімізді  сақтай  отырып  өскелең  ұрпақты
адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет