72
Ұлы Абай атамыздың әрбір өлеңін алып қарасақ, олар білімділікті
меңзей отырып, адами қасиеттерді биік талғаммен таңдап, адамгершіліктің
ұстаздық жолын көрсеткен. Осыған орай данышпан атамыздың «Жас бала
анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам
деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі – білсем екен деп тұрады. Не көрсе
соған талпынып, қызығып, көргенінің бәрін сұрап тыныштық бермейді,
мұның бәрі – жан құмары». Осы мінездердің қалыптасуы отбасының
тәрбиеіне байланысты екендігін айқындайды. Отбасының тәжiрибесi,
өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы,
бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен
бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен
нәр алады.
Баланың өсу процесінде ата-анаға көзқарасы 3 кезеңнен
тұрады. Сәбилік кезең – бұл кезеңде бала ата-анасын сөзсіз жақсы көреді,
олардың айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады, өзінің отбасын мақтан
тұтады, ата-анасымен үнделікті бірге болғанды қалайды.
Бозбалалық кезең -
бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан және айтқан сөздерінен кемшілік
тауып, оларға қарсы шығады, олардың айтқанын істемеуге тырысады,
баланың «Мені» осы кезеңде басымдық танытады.
Үлкейіп, ақыл тоқтатқан
кезең - бұл кезеңде баласы ата-анасын мойындап, cыйлап, құрметтейді.
Олай болса, ата-ана және басқа ересектер өскелең буынға жеке бас
өнегесі, іс - әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасай алады. Ата-аналар ұнамсыз
жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс.
Отбасында балада мінез-құлықтың адами түрлері қалыптасады (ойланып
сөйлеу, қарым-қатынастар әлемінде бағдарлану, адамгершілік қасиеттер,
ұмтылу, идеалдар).
Достарыңызбен бөлісу: