Педагог пен ата-аналар ынтымақтастығының тиімді жолдары.
Психологиялық-педагогикалық диагностика. Отбасын зерттеу педагогқа
баламен жақынырақ танысу, отбасының өмір сүру стилін, тәртібін, қарым-
қатынасын, олардың рухани құндылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл
ретте педагог психологиялық-педагогикалық диагностиканың дәстүрлі
әдістер кешені қолданылады (сауалнама, сұрау, тест т.б.). Отбасының
психологиялық-педагогикалық ағартуы - ата-аналардың негізгі құзыреттілік
деңгейін арттыруға бағытталған. Оның мәні - ата-ананы педагогикалық
біліммен байыту (дәріс, практикум, семинар, кеңес т.б.), теориялық білім
негіздері, педагогика және психология саласындағы жаңашыл идея,
балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен таныстыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |