А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет141/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Балаларды жалпыадами 
құндылықтарға 
тәрбиелеу жолдары
Тәрбиелік іс-
шара
Байқаулар
Сайыстар
Кездесу 
Танымдық 
әңгімелер
Кештер


92
бірлестіктер,  үйірмелер,  секцияларда  ата-аналармен  бірлесіп  атқарған  іс-
шаралар ұтымды болмақ.
4.4. Баланы мектепке дайындау
Балаларды мектепке дайындаудың жалпы жүйесінде отбасымен жұмыс 
істеуге  ерекше  орын  бөлу  қажет.  Отбасы  дәстүрлері  қандай,  онда  болашақ 
оқушы  бала  қандай  орын  алады,  оған  қатысты  отбасы  мүшелерінің  тәрбие 
желісі  қандай  және  т.б.  жағдайларға  байланысты.  Балалардың  мектептегі 
сәтсіздіктері,  олардың  ұжымға  қиын  кіруі,  білім  алмауы  және  оқуға  деген 
құлшыныстары  - ата-аналардың  қателіктері  мен  қажетті  тәрбие  бағыттарын 
ескермеулері,  отбасында  орныққан  қарым-қатынастардың,  онда  сіңірілетін 
өмірлік  бағдардың  нәтижесі.  Отбасы  баланы  мектепке  дайындауда  мына 
алғышарттарды негізге алулары тиіс.
I. Баланың  оқуға  қызығушылығын  қалыптастыруда  ата-аналары
баласына нені үйретуі керек? [6]
1. Баланы тұрмыста қажетті барлық дағдылар мен іс-әрекетке, тұрмыс
заттары туралы, қоршаған заттарды дұрыс пайдалануға үйрету керек.
2. Ойнауға  үйрету.  Онда  заттармен  жасалатын  іс-әрекеттер,  қоршаған
адамдар арасындағы қарым-қатынастар, өзара байланыстарды түсіндіру, осы 
қарым-қатынастарда  баланың  қоғамда  өз  орны  дамиды.  Содан  кейін 
адамгершілік  нормалар,  қарым-қатынастың  этикалық  жағы,  қарым-қатынас 
нормалары мен тәсілдері, жаман, жақсы эмоционалдық пікірі қалыптасады.
3. Ойлау  мен  сөйлеудің  дамуы  ойынның  даму  деңгейіне  байланысты.
Бала  ойнай  отырып,  өз  іс-әрекеттерін  жоспарлауды  үйренеді,  бұл  іс-әрекеті 
болашақта оқу іс-әрекетін жоспарлауға көмектеседі.
4. Баланы  сурет  салу,  мүсіндеу,  кесу,  желімдеу,  құрастыруға  үйрету
керек.  Осының  бәрі  оған  қоршаған  заттарды  көру,  талдау,  олардың  түсін, 
пішінін,  көлемін,  бөліктер  арақатынасын,  кеңістіктегі  қатынасын  дұрыс 
қабылдауға көмектеседі.
5. Конструкторларды  жинап,  бояу  кітапшаларын  қарындашпен  бояй
отырып, бала қолын жазуға үйрету.
6. Баланы сұрақтарға толық жауап беруге, өз әсерлерін айтуға, заттар
мен құбылыстарды салыстыруға және өз бетінше қорытынды жасауға үйрету.
7. Баланы проблемалық жағдайлардан шығуға үйрету.
Ата-аналармен  қарым-қатынас,  яғни  бірлескен  сабақтарда  балаға
қуаныш  пен  шаттық  сыйлауы  керек.  Сондықтан  ата-аналар  оқуға 
дайындықты  қалыптастыруда  баланың  мектептегі  қиындықтарға  дұрыс 
көзқарасын, оларды сәтті еңсеруді қамтамасыз ететін алғышарттарды жасау 
маңызды екенін есте сақтауы тиіс.
ІІ. Баланың оқуға қызығушылығын қалай қалыптастыру керек?
1.Мектеп  жасына  дейінгі  бала  кітап,  ересектер  әңгімесін  тыңдау,  өз
ойларын дұрыс, дәйекті баяндау, ұсыныстарды сауатты құруды үйренуі тиіс. 
2. Өз бетінше оқитын балалар тек қысқа өлеңі оқып жаттығуы керек.
3. Балаға кітапты жасы, қызығушылығы, жеке дамуына қарай таңдау.


93
4. Оқығаннан  кейін  баланың  нені  және  қалай  түсінгенін  анықтау
маңызды.  Мұны  бірден  жасау  міндетті  емес,  біраз  уақыттан  кейін  баламен 
оқылған кітап туралы сөйлесуге болады. Бұл баланы мәтіннің мәнін талдауға, 
баланы адамгершілікке тәрбиелеуге, сонымен қатар байланыстырып, дәйекті 
сөйлеуге үйретеді, сөздікте жаңа сөздерді бекітеді.
5. Баланың сөйлеуі қаншалықты жақсы болса, оның мектепте оқуы да
табысты болады. Балаға жаңа сөздің мағынасын түсінуге, әңгіме барысында, 
қоршаған ортамен қарым-қатынаста сөзбен пайдалануға үйрету керек.
ІІІ.  Мектеп  марафоны  алдындағы  жаттығу.Тұрақты  табиғи 
жүктемелер - жақсы тәртіпті және ағзаны нығайтады. Егер бұл шыдамдылық 
пен  көптеген  жаттығуларды  қажет  ететін  спорт  түрлері,  мысалы  жүгіру, 
жүзу,  суға  секіру  болса,  онда  спорттық  жүктемелермен  жұмыс  істеуді 
үйренген  соң,  балаға  оқуға  үйренуі  оңай  болады.  Баламен  таза  ауада 
серуендеу, шынығу және күнделікті гимнастикамен айналысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет