2-БӨЛІМ. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 2.1. Отбасының типтері мен түрлері, қызметі Отбасының құрылымы оның мүшелері арасындағы қарым-қатынастар
және рухани, ізгілік қарым-қатынастар жүйесі бойынша анықталады.
Отбасының ең бастапқы негізі – бұл некеге тұру. Неке - әйел мен еркектің
арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар
жиынтығы, отбасы мен оның мүшелерінің өмір сүруіне қажет өзара
құқықтары мен міндеттері жүйесі түріндегі әлеуметтік институт.
Қазіргі отбасы мен неке формасы түрлерінің саны өте көп
болғандықтан, оларды нақты санмен белгілеу қиын. Соған орай, ғылыми
әдебиеттерде жиі кездесетін отбасының басты белгілеріне қарай жіктелген
негізгі типтері мен түрлерінеқысқаша тоқталайық.