А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет37/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

2.2. Отбасы қызметінің бұзылуы
Отбасы  бүкіл  өмірлік  циклі  барысында  үнемі  түрлі  қиындықтар  мен 
жағымсыз  жағдайларға,  мәселелерге  тап  болып  отырады.  Отбасы  мүшелері 
бірінің  ауыруы,  үй-тұрмыстық  қиындықтар,  әлеуметтік  қоршаған  ортадағы 
қақтығыстар,  әлеуметтік  процестердің  ауқымды  салдарлары  (соғыс, 
әлеуметтік  дағдарыстар  және  т.б.)  барлық  қиыншылықтардың  тізімі  бола 
алмайды.  Отбасында  кездесетін  қиыншылықтар  мен  оның  салдарларын 


29
психологтар  мен  социологтар,  психиатрлар  жан-жақты  қарастырады.  Бұл 
бағыттағы  зерттеулер  2  топқа  бөлінеді.  Біріншісі:  отбасындағы  ауқымды 
әлеуметтік  процестердің  жағымсыз  әрекет  күшінен  пайда  болған  (соғыс, 
экономикалық  дағдарыс  т.б.)  қиыншылық  жағдайында  зерттеу.  Екінші 
нормативтік  стресстер,  яғни  отбасылық  өмірдің  күнделікті  жағдайында 
кездесетін  қиыншылықтарды  зерттеу.  Бұл  қиындықтар  отбасындағы  өмір 
циклінің  негізгі этаптарынан өтуімен, сондай-ақ отбасын бұзылуға әкелетін 
(ұзақ  айырылысу,  ажырасу,  отбасы  мүшелерінің  бірінің  өмірден  кетуі, 
созылмалы  ауру)  жағдайлардан  пайда  болатын  мәселелермен  байланысты. 
Бұл  жағдайлардың  барлығы  отбасылық  өмірдегі  күрделі,  көп  салдарлы 
бұзылыстардың  көрінуіне  әкеп  соқтырады.  Бұл  бір  жағынан  өзара 
қатынастағы  кикілжіңдердің  өсуі,  отбасылық  өмірге  қанағаттанудың 
төмендеуі, отбасы бірлігінің әлсіреуі болса, екінші жағынан – отбасын сақтап 
қалуға күшінің артуы мен қиыншылыққа қарсы тұрудың өсуі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет