А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет39/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТИПТІК 
ҚАТЕЛІКТЕРІ
ата-аналардың педагогикалық және 
психологиялық сауатсыздығы
баламен қарым-қатынасқа 
енетін ата-ананың 
тұлғалық мәселелері мен 
ерекшеліктері
отбасындағы қарым-
қатынас ерекшеліктері, 
ата-ананың баламен 
қарым-қатынасына әсері
тәрбие 
стереотиптері
ата-ананың баланы 
эмоциялық 
қабылдауы 
(қабылдамауы)


30
Өзін қоршаған  дүниедегі  құбылыстардың  арасында  себепті–салдарлы 
байланыстарды  бала  күн  сайын  ашып  отырмаған  жерде  әуестік  пен 
құштарлық өшіп  қалады. Мысалы,  В.Сухомлинский  Петя  деген  оқушының 
үлгермеушілік  себебін  зерттегенде,  оның  дамуындағы  кеткен  кемшіліктерді 
байқаған.  Петя  балалық  шағында  өз  бетінше  жіберілген.  Әкесі  мен  анасы 
жұмысқа  кеткенде,  баланы  әжесіне  тапсырып  кетіп  отырған.  Отбасының 
материалдық  жағдайы  тамаша  болған,  оның  үстіне  ұлын  бала- бақшаға 
беруге  де  мүмкіндік  болған.  Бірақ  оның  ата–анасы  онда  тиісті  күтім 
болмайды  деп  қорыққан.  Әжесі  мейірімді, қамқоршы  адам  болған,  бірақ 
оның  қамқорлығы  баланы  дер  кезінде  тамақтандырумен,  ұйықтатумен, 
шомылдырумен ғана шектелген, әжесі өте жаман істеген, тіпті кейін керең де 
болып  қалған.  Петя  мығым,  мазасыз  бала  болған. Ол  2 жасқа  толғанда 
жаздыгүні әкесі көк шалғынның бір бөлігін көше  мен бақтан бөліп қоршап 
тастаған. Петя көк шалғында өз қалауы бойынша қанша жүрем десе де ерікті 
болған, бірақ оның бар дүниесі осымен шектелген. Жақын маңда ол әлденені 
естіп, біле алатындай балалар да болмаған. Бала 2,5 жасқа толғанда да өзінің 
төңірегіндегі  көптеген  заттардың  қалай  аталатынын  білмеген.  Кей  сәттерде 
баланың жанарынан құмарлық ұшқыны жарқ етіп, әжесін шақыратын, бірақ 
әжесі  оның  дауысын  естімейтін.  Баланың  төңірегіндегі  адамдар  жақсы, 
қамқоршы адамдар  болды.  Бірақ  бұл  қамқорлықта  ең  басты  нәрсе  –
адамгершілік  қатынастар,  адамдық  әуесқойлық,  құштарлық  пен  құмарлық 
деген  болмады.  Баланың  ата–анасы  өз  баласының  бойында  оны  қоршаған 
дүниеге  деген  ынтасын  өшіріп  тастағандарын  сезген  жоқ.  «Баланың ақыл–
ойының  дамуындағы  ең  қолайлы  сәттер  босқа  кетті», – дей  келе 
В.Сухомлинский,  – осыдан  келіп  оның  ой–өрісінің  дамуы  баяулап,  өзіндей
балалардан артта қалуына, сабақты түсінбейтін үлгермеушілікке әкеп соқты», 
деген қорытынды шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет