Отбасындағы тәрбиенің стилдері [8]:
1. Бос жіберушілік стилі. Бала өз іс әрекет бостандығына толық ие, ал
ата-анасы өз мәселелері, істері, ойын-сауықтарымен айналысады. Жазалау
мен көтермелеу әдістері ақылсыз және тиісінше пайдаланылмайды. Мінез-
құлықты ынталандыру әдістерін ата-аналар формалды түрде пайдаланады.
2. Жарыс стилі. Бала кезінен ата-анасы оның басқалардан ерекш
е
қасиеттерін іздейді. Баланың кез-келген белсенді қызметін ынталандырады,
онда аса сезімталдықты көреді. Ата-ананы баланың адами қасиеттері аз
мазалайды, ең бастысы оның бәрінің арасынан бөлінуі. Баламен көп
айналысады, оны өзінің зияткерлік мүмкіндіктерін көрсетуге үйретеді.