2.6. Отбасының педагогикалық мәдениетін арттыру Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән
беріліп отыр. Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін
оларға белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет. Сондықтан оқу
орындары ата-аналардың білімдерін жетілдіріп отыруға көмек көрсетулері
тиіс. Қазіргі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы педагогика, психология,
физиология т.б. білімдері мен мәдениетін жетілдіру маңызды. Ата-аналардың
педагогикалық мәдениетін арттыру – бұл ата-аналармен жұмыстағы маңызды
кезең және отбасында баланы тәрбиелеудің табыстылығын анықтайтын орта.
Педагогикалық мәдениет - адамның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі.
Педагогикалық мәдениет отбасылық өмірге оң әсер ете отырып, ата-
аналардың педагогикалық мәдениеті әке мен анасының педагогикалық
қызметінің негізі және оларға отбасылық тәрбиедегі дәстүрлі қателерді
болдырмауға, балаларды тәрбиелеумен байланысты өмірлік жағдайларда
дұрыс шешім табуға көмектеседі. Олай болса, отбасының педагогикалық
мәдениеті туралы айтпас бұрын, мәдениет деген не, соған тоқталып өтсек.
Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойы, еңбегімен байланысты
туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері. Мәдениеттің ең жоғары нәтижесі - адамдардың қоршаған ортаға шынайы көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін, қарым- қатынасын соған сәйкестендіре бағыттауы. Мәдениет екіге бөлінеді.