44
таныту, баланың қабілеттері туралы хабардар болу, оларды бағалау, оның
дербестігін көтермелеу, балаға сену. Осы санаттағы ата-аналар баланың жеке
тұлғасының барлық жақтарын, нақты мүмкіндіктеріне сәйкес одан әрі
дамытуды болжайды, оң бағалауды жиі пайдаланады, қолдау білдіреді,
талаптарда дәйекті болады, өз ниеттерін жоспарлы іске асырады, ішкі борыш
сезімі,
белсенділік пен дербестік, өзін-өзі дамытуға ұмтылу жақсы дамыған.
Отбасының тәбиелік әлеуеті мен педагогикалық мәдениетін зерттеу
бойынша жүйелі жұмыс жүргізу үшін ғалымдар В.В. Котырло және С. А.
Ладывир ұсынған жоспарды қолдануға болады [17]:
1. Отбасы құрамы, кәсібі, ата-аналардың білім деңгейі, бала тәрбиесіне
қатысатын отбасының басқа да ересек мүшелері.
2. Жалпы отбасылық ахуал, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-
қатынас ерекшеліктері: бір-біріне достық қарым-қатынас;қарым-қатынастың
өзгермелі, қарама-қайшы сипаты; отбасы мүшелерінің өзіндік дербестігі.
3. Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімі, практикалық
біліктерінің деңгейі: белгілі білімнің болуы, оларды толықтыру, тереңдетуге
дайын болу; білімнің шектеулілігі және педагогикалық ағартуға икемділігі;
білімнің төмен деңгейі және оларды игеруге теріс көзқарас.
4. Тәрбиелік әсерлердің ерекшеліктері: ересектердің тәрбиеге қатысуы,
тәрбие қызметінің келісілу дәрежесі; тәрбиелеудің сәйкессіздігі, келіспеуі,
тәрбиелеу мәселесі бойынша жанжалдардың болуы; баланың дұрыс дамуына
мақсатты ықпал ету тәрбиесінің болмауы.
5. Отбасында қазіргі заманғы қызмет түрлерін ұйымдастыру: барлық
отбасылық істердегі ортақтығы, баланы отбасылық істерге тарту, қамқорлық;
ересектер арасында міндеттерді бөлу, баланы отбасылық істерге ауық-ауық
тарту;ересектердің отбасылық істерде бытыраңқылығы, баланы отбасылық
істерден және қамқорлықтан оқшаулау.
6. Отбасының білім беру мекемесіне қатынасы: білім беру мекемесінің
мүмкіндіктерін жоғары бағалайды және ынтымақтасуға дайын;
ынтымақтастық қажеттілігін көрмейді; барлық тәрбие қызметін білім беру
мекемесіне ауыстырады, ынтымақтастыққа дайын емес; білім беру
мекемесіне, өз баласын тәрбиелеуге немқұрайлы қарайды.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және олардың педагогикалық
мәдениеті үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында «
Жас отбасы
кітапханалары», ата-аналар үшін курстар мен тренингтер өткізуді
жаңартып отыру қажет. Адамның үйлесімді дамуы үшін отбасылық оқу және
гуманистік мазмұндағы материалдары бар қол жетімді интернет-порталын
және ата-аналар қоғамдастығына арналған түрлі ақпараттық-ресурстық
орталықтарды құру маңызды.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру үшін ата-аналармен
жұмыс жасаудың түрлі дәстүрлі формалары мен әдістері, сондай-ақ
инновациялық әдістер де қолданылады. Олар мектеп тәжірибесінде ата-
аналармен кездесу, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар
комитетін құру, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,
семинар, конференциялар өткізу т.б. жұмыстар атқарылады (2.3-сурет).