А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН


Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды



бет17/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды
Жүргізілген сынақ нәтижелері бойынша түрлі мөлшердегі қоспалардың цеменке пластификациялаушы эффекті жайлы қорытынды жасап, пластификаторлардың оңтайлы құрамын анықтаңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Пластификациялаушы қоспалардың әсер ету механизмі.

  2. Пластификациялаушы қоспаларды қолдану кезінде цемент тасы мен бетонның беріктігі ненің есебінен артады.

  3. Цемент пен бетон араласпасының реологиялық қасиеттері қалай анықталады.

  4. Портландцементтің минералогиялық құрамы.



Лабораториялық жұмыс № 10


Бетонның қатаюы мен ұстасуын реттеуші қоспалармен бетон құрамын таңдау, қоспаладың цемент пен бетонның беріктігіне әсерін зерттеу

Бетонның қатаюы мен ұстасуын реттеуші қоспалар қатю мен ұстасуды жылдамдатушы және баяулатушы қоспалар болып жіктеледі.


Құрылыс индустриясында әр кезде де үздіксіз бетондау жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес. Көп жағдайда конструкцияны бетондауда үзіліс болады. Бұл жағдайда құрылыс алаңдарында «жұмысшы жамау» жасау қажет болады.
Жұмысшы жамау - конструкцияның беріктігіне әсер етуші ең осал орын болып табылады. Бұндай жұмысшы жамауды болдырмаудың негізгі жолдарының бірі алдыңғы құйылған беттонның қатаюы мен ұстасу мерзімін баяулату болып есептеледі.
Ұстасу мен қатаюды баяулатушы қоспалардың негізгі әсері клинкер минералдарының гидролизі мен гидратациясын төмендетуден тұрады, яғни ерітіндіге бос әктің бөлінуін төмендетіп, цемент дәндері және олардың гидраттарының бір-біріне жақындап коагуляциялану процесін төмендетеді.
Цемент қамырының ұстасуы С3S алиттен бөлініп шығатын Са(ОН)2 -ні тез байланыстыруға мүмкіндік беретін қоспаларды қолдану арқылы, клинкер минералдарының гидролизі мен гидратациясына кедергі жасамастан-ақ төмендетуге болады.
ГОСТ 24211-91 талаптарына сәйкес ұстасу мен қатаюды баяулатушы қоспалар бетон араласпасының жылжымалылығын жоғалту уақытын 2 есеге арттыруы қажет (20-220 С тем-а).
Бұл қоспалар 7 тәулік мерзімдегі бетон беріктігін 30% төмендетеді. Бірақ жобалық 28 тәуліктік мерзімде бетонның беріктігін арттырып, өткізгіштігін төмендетеді.
Қазіргі кезде құрылыс практикасында кеңінен қолданылатын ұстасу мен қатаюды баяулататын қоспалар:

  1. Нитрилотриметиленфосфон қышқылы НТФ;

  2. Сүт сары суы;

  3. Натрий глюканаты т.б.

Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалар құралмалы темірбетон технологиясында кеңінен қолданылады.


Бұл қоспалар бетонның қатаюын жылдамдата отырып:
а) бетонды жылуылғалды өңдеу уақытын азайтады;
б) қалыптанған бетондардың қалыпта болу уақытын азайтады;
в) цементтің шығынын 12.....15% төмендетуге мүмкіндік береді;
г) ауа-райы суық мезгілде бетондау мүмкіндігін береді.
Ұстасу мен қатаюды жылдамдататын қоспалар тиімділігінің негізгі критериі болып, ұстасу процессін 25% дейін жылдамдатуы қабылданған. ГОСТ 24211-91 талабына сәйкес бұл қоспалар 1 тәуліктік мерзімдегі бетон беріктігін 20% және одан көп жоғарлатуы тиіс.
Қазіргі кезде құрылыс индустриясында мына қоспалар кеңінен қолданылады.
1. Поташ П
2. Кальций хлориді ХК-СаСl2 -XK
3. Кальций нитраты-НК-Са(NO3)2
4. Кальций нитрат,нитрип КНН-СаNO3 NO2
5. Натрий сульфаты СН-Na2 SO4
6. Натрий нитраты HH-NaNO3
7. Натрий хлориді XH NaCl
Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалардың негізгі әсері мынадай: цементтің гидратациялану процессін белсендіре отырып, гельдің жылдам қалыптасуын, соның есебінен сұйық фазаның көп мөлшерін өзіне жинап, соның есебінен жылдам ұстасу мен цемент тасы беріктігінің тез артуын қамтамасыз етеді.
Бұл қоспалар әсер ету механизміне байланысты екі топқа жіктеледі:
1) Тұтқыр затпен бірдей Са2+ иондары бар электролиттер. Негізінен бастапқы уақытта тұтқыр заттың ерігіштігін гидратациялануын және қатаюын жылдамдатады, сонымен бірге түзілген жаңа фазаның дисперстілігін арттырады.
Бірінші топтағы қоспалардың үшкомпонентті КННХ қолданған тиімді. Бұл жағдайда алиттің потенциалдық мүмкіндіктерін толық пайдалануға мүмкіндік беретін кальций гидрохлоральюминаты кристалданады. Сұйық фазадан Сl- иондарын жылдам шығару бұл қоспаны арматура үшін қауіпсіз етеді.
Екінші топтағы электролиттер (П, СН, ХН, НН1, ТН, ТНФ) минералды тұтқырлармен әрекеттесе отырып, аз еритін және аз диссоциацияланатын кешенді қосылыстар түзеді. Реакциялардың сипатына қарай бұл қоспалар екі топқа жіктеледі: қосылу реакциясына түсетін және алмасыу реакцияларына қатысатын.
Екінші кластағы қоспалар мен цемент құраушыларының арасында жүретін қосылу реакциясы нәтижесінде бетон құрылымы беріктігі мен өткізбеушілік қасиетінің артуы байқалады. Бұл негізінен қоспалардың әрекеті нәтижесінде түзілген гидраттардың қос тұздары мен гидроксотұздардан тұратын алғашқы құрылымдық каркастың жылдам түзілуі және кейіннен олардың кальций гидросиликаттарымен өсуі нәтижесінде болады. Алғашқы құрылымдық каркастың болуы, қос тұздар негізінде цемент тасының негізгі силикатты құраушыларының кристалдануын жеңілдетіп, бетонның беріктігін арттырады.
Алмасу реакциясына түсетін қоспалардың әсері түрліше болады. Олардың қатысында цемент тасының меншікті бетінің ауданы артып, кеуектердің өлшемі кішірейеді. Микрокеуекті құрылымның дамуымен ылғалды адсорбциялық күштермен байланыстыру қарқындылығы артады. Қоспаның концентрациясына байланысты адсорбциялық байланысқан ылғалдың мөлшері 1,1-1,3 есе артады.
Ұстасу мен қатаюды жылдамдататын қоспалар жұмысшы концентрациялы ерітінді ретінде қолданылады.
Қатаюды жылдамдатушы қоспалар цементтің гидратациясын қарқындатып және цемент тасы құрылымының қалыптасуына қолайлы әсер ете отырып төмендегідей тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • жылжымалылығы бірдей араласпаларда, бетон араласпаларының жылжымалылығын 2-4см – ге, ал судың шығынын 2-3% ға төмендетуге мүмкіндік береді;

  • жылжымалылығы жоғары қоспаларды алу жағдайында, үлгілерді жылуылғалды өңдеуден соң бетонның қысуға беріктігін 5-10% ал жылжымалылығы бірдей бетондар алу кезінде 10-20% арттыруға мүмкіндік береді(цемент пен судың шығынын төмендетпестен);

  • беріктігі бірдей бетондарды алу кезінде цементтің шығынын 5....10% төмендетуге мүмкіндік береді;

  • беріктігі бірдей бетондар немесе жылжымалылығы бірдей бетон араласпаларын алу кезінде, бетонның аязғатөзімділігі бойынша маркасын 0,5...1 маркаға арттыруға мүмкіндік береді;

  • бетонның суөткізбеуі бойынша маркасын 0,5...1 маркаға арттыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет