А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН



бет2/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Лабораториялық жұмыс №1


Гиграскопиялық ылғалды анықтау

Байланысқан судың түрлі формалары болады. Қосылыстардағы оның байланысу түріне қарай:


а) элементтердің гидроксидтері, бұл жағдайда су химиялық байланысқан түрде болады;
б) кристаллогидраттар, зат молекуласының құрамында Н2О болады;
в) гидрогельдер, су коллойдты бөлшектермен байланысқан дисперсті орта қызметін атқарады;
г) қатты денелердегі адсорбцияланған су;
д) капиллярлы байланысқан су, адсорбентте майда кеуектердің болуымен сипатталады, ылғал олардағы қысым қаныққан бу қысымынан төмен болған кезде конденсацияланады.
Белгілі бір материалды беріктігі, жылуөткізгіштігі, тағы басқа да қасиеттері материалдың ылғалдылығы, су сіңіргіштігі, гигоскопиялығы сияқты суға қарым-қатынасына байланысты өзгереді. Гигроскоптылық – бұл материалдардың ауадағы су буын сіңіру процесі (сорбция). Мұнда капиллярлық конденсация, яғни капиллярларда (тар бос кеуектерде) будың сұйыққа айналуы жүреді. Егер су буының сорбциясы материалмен химиялық өзара әсерге ұласатын болса, мұндай процесс хемосорбция деп аталады. Кейде ылғалдың хемосорбциясы зиянды; осылайша цементті ұзақ сақтағанда ол белсенділігін жоғалтып, бұзылады, тіпті кейде қатып кесектерге айналады. Демек гиграскопиялық деп материалдың ылғалды ауадан ылғал сіңіру қасиеті айтылады. Гигроскопиялықтың сипаттамсы ретінде ауанын салыстырмалы ылғалдылығы 100% және температура 20 0 С болған жағдайда сіңірілген ылғал массасының құрғақ материал массасына қатнасы алынған.
Материалдағы ылғал бос күйінде, немесе капиллярлы және байланысқан күйде болуы мүмкін.
Ұсақдисперсті байланыстырғыш материалдардың гиграскопиялығы оларды сақтау кезінде белсенділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.


Жұмысың мақсаты: Шығу тегі әр түрлі материалдардағы гиграскопиялық ылғалдың мөлшерін анықтау.


Қондырғылар мен материалдар: портландцемент, шыны, саз, құм, цемент тасы, кептіргіш шкаф, шыны бюкс, аналитикалық таразы, эксикатор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет