А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН


Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды



бет6/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды
Қоспасыз және қоспамен материалдарды сынау нәтижелерін 1 кестеге енгізіңіздер.

1 кесте.




Материалдар мен қоспалардың аталуы

гидрофобты

гидрофильді

1

Цемент







Қоспалы цемент







2

Құм







Қоспалы құм







Әрбір материалдың гидрофобтығы немесе гидрофильдігіне сапалы баға беріңдер. Материалға судың жұғу құбылысына материалдағы химиялық байланыстың табиғаты, құрылымы және басқа да факторлардың әсерін түсіндіріңдер.




Бақылау сұрақтары:

  1. «Гидрофобтық» және «гидрофильдік» дегеніміз не?

  2. Материалдың гидрофобтығы мен гидрофильдігі неге тәуелді?

  3. Ұнтақ тәрізді материалдардың гидрофобтығын анықтаудың негізгі әдістері.

Лабораториялық сабақ 3


Табиғи гипс тасын химиялық талдау
Гипсті байланыстырғыштарды өндіретін шикізат ретінде гипсті тас деп аталатын табиғи қоссулы гипс (СаSO42H2O) пен табиғи сусыз гипс ангидрит (СаSO4), сондай-ақ гипстің сазбен табиғи қосындысы ретіндегі (гажа) жыныстар пайдаланылады.
Табиғи гипс және ангидрит негізінен мономинералды тау жынысы болып табылады, оның әрқайсысының құрамында аттас минерал (гипс немесе ангидрит), сонымен бірге аздап мөлшерде кварц, карбонаттар, сазды материал, ббитумдық заттар, пирит т.б. заттар болады.
Гипс-тығыз шөгінді тау жынысы. Ол өзі аттас минералдан тұрады - CaS04 • 2Н20. Гипстің химиялық құрамы,массасы бойынша %: CaО – 32,6; S03 - 46,5; 2Н 20 - 20,9. Криталданған судан басқа гипстің құрамында гипс тасының бетінде және кеуектерде болатын гиграскопиялық ылғал болады.
Таза гипс – түссіз, мөлдір, бірақ құрамында түрлі қосымшалардың болуына байланысты сұр, сары, қоңыр, кейде қаралау түсті болады. Гипс тасының беріктік шегі 80 МПа және орташа тығыздығы 2200 кг/м³ шамасында болады.
Ангидрит сульфаттар класына жатады және негізінен сусыз кальций сульфатынан тұрады (CaS04). Таза ангидриттің химиялық құрамы, массасы бойынша %: CaО – 41,2; S03 - 58,8. Түзі ақ, сұрлау, кейде көгілдір немесе күңгірт сұр болады. Ылғалды ортада суды жайлап сіңіріп, гипске айналады.
Табиғи гипс тасы CaSO4 · гипсті байланыстырғыштарды алуға қажетті бастапқы шикізат. Табиғи гипс тасындағы гиграскопиялық ылғалдың, кристалданған судың және екісулы кальций сульфатының мөлшеріне байланысты гипсті байланыстырғыштарды өндіруге қажетті шикізаттың сапасын анықтауға болады.
Құрамындағы CaS04 • 2Н20 мен кристалданған судың мөлшеріне байланысты гипс тасы 4 сортқа бөлінеді. Бірінші сорттағы гипс тасы үшін CaS04 • 2Н20 мөлшері 95 %, кристалданған судың мөлшері -19,88 кем болмауы тиіс; екінші сорт үшін сәйкесінше – 90 және 18,83; үшінші сорт үшін – 80 және 16,74 және төртінші сорт үшін – 70 және 14,64 болуы тиіс.
Табиғи гипс тасында негізінен гиграскопиялық ылғал, гидратталған су мен екі сулы күкртқышқылды кальцийдің (СаSO4·2H2O) үлесі анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет