Эмоцияналды бірліктерді топтастырудың белгілері. Тілдегі эмоцияналдылық мәселесімен айналысушы лингвистердің алдында бір –бірімен байланысты екі мәселе тұрады. Оның біріншісі, жалпы лексикалық қордан эмоцияналды мән туғызатын сөздерді бөліп алу да, екіншісі, оларды семантикалық топтарға топтау. Осы мәселеге арнайы қалам тартқан тәлші –ғалымдар семантикалық анализдеудің лингвистиканың екі жолы бар деп көрсетеді.
А) парагдималық мағынаны талдау және сол сөздердің өандай синтагмалық мағынаға ие бола алатынын байқауға мүмкіндік алу;
Ә) сөздің синтагмалық мағынасын контексті талдау арқылы және осы сөздің семантикалық құрылымды құраушы мағынасын анықтап алу, яғни оның парадигмалық мағынасын анықтау.
Орыс ғалымы Т.А.Трипольская эмотивті –экспрессивті лексиканы анализдеудің 5 түрлі әдіс –тәсілдерін көрсетеді. Олар мынадай:
А) Индентификация әдісі;
Ә) дефинициялы талдау; (дефиниционный анализ)
Б) контексті талдау;
В) компоненті талдау;
Г) психолингвистикалық талдау.
Т.А. Трипольскаяның көрсетуі бойынша тілдегі эмоцияналдылықтың (эмоцияналды сөздердің) семантикалық ерекшеліктерін анықтау екі аспектіде жүзеге асуы тиіс, біріншіс, денотативті («заттық») мағынада, екіншісі, коннотативті мағына. И.А. Арнольд денотат пен коннотат мағына туралы былай дейді: информацияның бірінші бөлігі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталады. Ұғым арқылы денотаттық мағына сыртқы өмірмен байланысты. Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлеушілермен және олардың жағдайларымен байланысты болып, коннотатцияға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия, бағалау және мағынаның стилистикалық компонентері енеді. Тілде эмоцияналды сөздер эмоцияналды емес сөздерден коннотативті мағына арқылы айқындалады, сол себептен оларды анықтау семантикалық құрылымынан коннотативті компонентерді айырып алу болып табылады.
Коннотаттық мағына бөлігін көбіне эмоциялы, эмотивті, коннотативті прагматикалық деп те атап жүр.
Эмоцияналдылық семантикасындағы коннотатив компонентері мен детонатив компонентердің өзара нақты байланысын ескере отырып, мынадай эмоцияналды (эмотивті –экспрессивті) топтарды көрсетеміз:
Эмотив –бағалы мағыналы сөздер
Эмотив –экспрессивті -бағалы мағыналы сөздер
Экспрессив –бағалы мағыналы сөздер
Қазақ тілінде эмоцияналды сөздер қимылды, қимылдың сынын, заттың атауын, сынын білдіретін және адамның көңіл күйіне байланысты шыққан сөздер деп, лексика –семантикалық топқа бөлініп,одан ары іштей бірнеше семаларға жіктелінеді.
Қимылды білдіретін эмоцияналды сөздердің лексикалық –семантикалық топтар. Бұл топтағы сөздер кеңістікте қолдануды білдіреді. Оларға жүру, сүйреу, кіру, шығу семалары жатады. «Жүру» семасы: апыраңда, бүкшеңде, еңкеңде, зымыра, кердеңде, одыраңда т.б. «Сүйреу» семасы: дедектет, дырылдат т.б.
Қалыпты білдіретін эмоциялды сөздер тобы: алшай, аңтарыл, қоқи, мелши, шалжи, т.б.
Қимыл –қалпын білдіретін эмоцияналды сөздердің лексикалық –семантикалық топтары. Оларды жалпы адамға, жан –жануарларға қатысты деп жалпылап және олардың кейбір дене мүшесінің қимыл –қалпын білдіретіндігіне байланысты жалқылып , іштей шағын екі топқа жіктеп қараймыз. Адамға қатысты. Бұраңда, бүгжи, дүрби, мелши т.б. жануарларға қатысты: ерби, тыраңдас т.б. адамның кейбір дене мүшесінің қимыл –қалпын білдіретін етістіктері: бұлтың қалтаң.
Достарыңызбен бөлісу: |