Жоғары:
1)Үсті, бас жағы.
2) Биік басым, артық. [«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі» Алматы,2008. 304-бет]
Төмен:
1)Жоғарыға, биікке қарама –қарсы жақ; еңіс.
2)Ауысп. Көңілдегідей жақсы емес, құнсыз, нашар. [«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі» Алматы,2008. 816-бет)
3) Әйтпесе сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой.(79-бет)
4) Әйтеуір ар-намысына кір келтірген жоқ, азды-көпті жұртына еңбегі сіңді, соған орай атағы бар.(91-бет)
Азды –көпті: Азды –кем, біраз.
Көп:
1) Едәуір, бір сыпыра; мол, қыруар.
2)Ауысп. Үнемі, ұзақ уақыт.
Аз:
1)Азғантай, шағын.
5) Бұл дүниеде бүгін бар, ертен жоқпыз. Сыйласқанға не жетсін.(117-бет)
Бүгін –ертең: Я бүгін, я ертең, жақын арада. [«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі» Алматы,2008. 158-бет]
6) «Пәледен машайық та қашыпты деген, Рүстембай, сен де қапы қалма»,-деп алды-артына қарамай жөнеле берді.(100-бет)
Алды –арты: 1) Бір нәрсенің бас –аяғы, бар болғаны. 2)Бір нәрсенің ең соңы, ақыр –аяғы. Алды –артына қарамады –тоқтаусыз жүре берді, алаңдамады.[«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі» Алматы,2008. 40-бет]
Жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы тіліндегі антоним сөздерінің қолданысы:
1.Құлан енді оның бас-аяғына бажайлап көз жүгіртті. (25-бет).
2.Қоржын добра түбіне қолын сұғып жіберіп, әрлі-берлі жүгіртіп еді, көйлек-ыстан ба әлде не шүберектер былқ-былқ етті, содан өзге саусағына ештеңе білінбеді.(26-бет)
3.Онан да жөнін білейін, айтты-айтпады бір кәдеме жарар.(27-бет).
4. « Осы неме шын мұсылман ба екен, анықтасам қайтеді екен!» деп Құлан сәл-пәл ойланып тұрды да енді қайтып барудың есебін таппай және қайтып барса мынау қайыршы алдында өзінің әлдебір беделі түсіп қалатындай көріп, «әй, қойшы, осы тіленшінің өтірік-шыны маған неме керек, өзіме залалы тимесе қайтемін оны»,- деп суатқа қарай аяңдады. (28-бет)
5.Жасынан құқайды көп көргендікі ме, Майлық өзінен үлкен-кіші болсын бетіне жасқаншақтай қарайтын.(34-бет)
6. Ерте кезде азып-тозып бытырап кеткен жеті үй Текесін маңына шоқтай үйірін жинап алды да елдің шетінде, желдің бетіндегі Қайрақты өзенін жоғары-төмен бойлап көшіп, тыныш өмір сүре берді.(56-бет)
7.Сыбдырсыз басып, әйелі кіріп-шығып жүр.(78-бет)
8.Әйтпесе сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой.(79-бет)
9.Әйтеуір ар-намысына кір келтірген жоқ, азды-көпті жұртына еңбегі сіңді, соған орай атағы бар.(91-бет)
10. Өлсем, тірілсем осы туған жерімде қалармын.(93-бет)
11.Ақ-қарасына жетіп алсайшы әуелі.(97-бет)
12. «Пәледен машайық та қашыпты деген, Рүстембай, сен де қапы қалма»,-деп алды-артына қарамай жөнеле берді.(100-бет)
13. Бұл сәтте ол қарулас жолдасының келуіне қуанарын да, ренжірін де білмеді.(106-бет)
14.Бұл дүниеде бүгін бар, ертен жоқпыз. Сыйласқанға не жетсін.(117-бет)
15. –Қай жерге қойсаңыз сол жерде тұра бере ме?-деді үнсіз отырған қайыс қара жігіт Күржік те әңгімеге араласып,-отқа, суға ұмтылмайды, ә?(144-бет)
16.- Жақсы-е, санаған жоқ екенсің ғой. Ал қандай әйел жақсы-сезімі ме, арығы ма?(148-бет)
17. Әйтсе де көңіл түбінде қорқыныш оны құшағынан босатпады, бір кездегі қолына түскен адамды бар етсем де, жоқ етсем де еркімде дейтін өктем сезім қазір мүлде өшіпті.(160-бет)
18. Он жеті-он сегізге келгенше ата-ана бауырында еркін өсті.(168-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |