А. НҰРМАНОВТЫҢ ҚҰЛАННЫҢ АЖАЛЫ РОМАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
Кіріспе
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және және шешуші рөл атқарады.
Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көп деңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған.
Жұмыстың арқауы болып отырған қазақ тілінің лексика- фразеологиялық ерекшелігі бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр [1,4 бет]. Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Тіл табиғатын терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвистика, этнолингвистика, т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Әдеби тіл- жалпыхалықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Әдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің әсеріне де тікелей байланысты. Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі- қазақ әдеби тілінің дамуына серпін беретін ерекше сала[2, 3 бет].
Жұмыстың нысаны- Жазушы Ақан Нұрманов «Құланның ажалы» романы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты- шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа орай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
Кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
Мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық-танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метафора, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |