Әл Фараби (870 950) Ол Аристоетольдің пантеисттік пікірлерін қайта қарастырып, соның негізінде «натуралисттік пантеизм» деген ілімнің негізін қалады.
«Жанның» мәңгі еместігін, оның өліп өшіп отыратынын мойындады. Әл Фарабидің психология саласындағы 7 еңбегі бар: «Жан мен тән», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы», «Ақыл мен ұғым», «Жасөспірімнің ақылы туралы кітап», «Ересектің ақылы туралы кітап», «Темперамент».
Ол Платонның «жан мәңгі өлмейді» деген пікіріне қарсы дау айтып, оның «жан» тәннен бұрын пайда болады, ол өлмейді» дегені қате түсінік дейді. Оның ойынша жан мен тән бірге дамиды. Тәнсіз жан жоқ. адамның тәні де жаны да өткінші, уақытша.
№ 7 дәріс
Тақырып ХҮІІІ ғ. психологияның дамуы.
Мақсаты: ХҮІІІ ғ. психологияның дамуы жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
-
Англиядағы ассоциативтік психология Д.Гартли.
-
Э.Кондильяктің, Д.Дидроның психологиялық көзқарастары.
-
К.А.Гельвецийдің психологиялық көзқарастары.
ХҮІІІ ғасыр өткен дәуірдегі сияқты Батыс Европада капиталисттік қатынастардың тұрақтануы одан әрі жалғасын тауып жатты. Индустриялық ревалюция Англияны күшті державаға айналдырды. Ал терең саяси-экономикалық өзгерістер Францияда революция тудырады. Германиядағы феодалдық қатынастар кең етек ала бастайды. Ағарту деп аталған қозғалыс тұрақтанып, кеңінен жайыла бастады. Ағарту дәуірінің неғұрлым жақын идеялары француздық тұрғыда терең бойлаған болатын. Ал Англияда ағарту идеясының таратылуы идеолог Дж.Локктың есімімен байланысты.
Д.Гартли ассоцианизмнің негізін қалаушы. Д.Гартли (1705-1757). Д.Гартли ХХ ғасырдың басына дейін даминанталық психологиялық бағыт ретінде болған ассоциациялық психологияның негізін салушы. Алдымен діни, кейін медециналық білім алған Гертли тек адамның жаның түсіндіріп қана қоймай, оның мінез құлқын басқаруға мүмкіндік беретін теорияны құруға ұмтылды. Ассоциация ұғымын ғылымға Аристотель, ал терминді ағылшын философы Дж.Локк енгізгенімен, психикалық өмірдің әмбебап механизмі ретіндегі ассоциацияға діни тұрғыны ең алғаш Гартли қалыптастырған. Гартли өзінің теориясының негізіне Локктың ілімінің тәжірибелі сипаты туралы, сонымен қатар Ньютонның механика принциптері идеясын алған. Адам ағзасын, оның жұмысының принципін, сонымен қатар жүйке жүйесінің жұмысын механика заңдарымен сәйкес түсіндіру ХҮІІІ ғасыр психологиясының сипатты белгісі еді.Адамның мінез-құлқын физикалық принциптерден шыға отырып түсіндіруге ұмтылған Гартлиде бұл тұрғыдан асып кетпеді. Гартли «Размышления о человеке, его сроении, его долге и упованиях» кітабында өзінің ассоциациялық теориясын негіздеген.
Гартлидің ассоцияция туралы ілімі вибрациялар туралы ілімге негізделеді. Сыртқы жағдайдағы вибрациялар сезім органдарында, бұлшықеттерде және мида сәйкесінше вибрациялар туғызады деп санаған. Адамның психикасының құрылымын талдай келе, ондағы екі шеңберді – үлкен және кіші бойға көрсеткен.
Үлкен шеңбер мидан бұлшықеттерге кейін сезім органдарына өтеді, ол адамның мінез-құлқын айқындайтын рефлекторлық доға болып табылады. Гертли өзінің рефлекс туралы теориясын құрады және адамның белсенділігін механика заңдарына сүйене отырып түсіндіреді. Гартлидің пікірі бойынша, сезім органдарының вибрациясын тудыратын сыртқы әсерлер рефлексті іске қосады. Сезім органдарының вибрациясы сәйкесінше ми бөлігінде вибрацияны тудырады, ал ол өз кезегінде бұлшықеттердің жұмысын стимулдайды, олардың жиырылуын және дененің қозғалысын тудырады.
Егер үлкен шеңбер мінез-құлықты реттесе, мидың ақ затында орналасқан вибрацияның кіші шеңбері психикалық өмірдің тану және оқу процесінің негізі болып табылады. Оның ойынша үлкен шеңбердегі ми бөліктерінің вибрациясы ақ заттағы жауапты вибрацияны тудырады. Үлкен шеңберде жоғалған вибрация кіші шеңберде ізін қалдырады. Оның ойынша бұл іздер адамның есте сақтауының негізі болып табылады. Олар із қалдырған құбылыстың күші мен маңыздылығына байланысты күшті немесе әлсіз болуы мүмкін.
Психиканы зерттей отырып, Гартли ол бірнеше элементтен, түсініктерден, көріністерден және сезімдерден тұрады деген тұжырымға келген.
Психиканың қалыптасуы өмір бойы жүретіні туралы тұжырымдай отырып, Гартли баланың психикалық даму процесіне әсер ету, тәрбиелеу мүмкіндігі шексіз деп санаған. Оның болашағы қоршаған адамдардың оған ассоциация үшін қандай материал беретініне байланысты, сондықтан баланың қандай болып өсетіні, ол қалай ойлайтыны тек ересектерге байланысты. Гартли педагогтар үшін өзінің оқытушы әдістерінде психикалық өмірдің заңдылықтарын қолдана білу қажеттілігі туралы айтқан алғашқы психологтардың бірі болды. Сонымен қатар жағымды сезімдермен бекілітген рефлекс тұрақты, ал жағымсыз сезім рефлексті ұмытуға көмектесетінің дәлеледеген. Сондықтан мінез-құлықтың әлеуметтік қабылданған нормаларын құру мүмкін, идеалды құқықты адамды қалыптастыру мүмкін – егер уақытында керекті рефлекстерді бекітсе немесе жағымсыздарын жойса. Осылай идеалды адам теориясы ХҮІІІ ғасырда пайда болды.
Гартлидің көзқарастары психиканың дамуына үлкен ықпал жасады. Ассоцианизм теориясы шамамен екіжүзжылдыққа дейін болды және бірнеше қайтара сынға түссе де, Гартли құрған оның негізгі пастулаттары психиканың әрі қарай дамуына әсер еткендігі туралы айтса да жеткілікті. Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты туралы пікірі тәрбиелеу мүмкіндіктері мен бұл процессті басқару қажеттілігіне оның діни көзқарастары, ХХ ғ-да рефлегсологтар мен бихевиористердің негіздеген тұрғылары мен сәйкестігі де өте мәнді болды.
ХҮІІІғ. өткен дәуірдегі сияқты Батыс Европада капиталисттік қатынастардың тұрақтануы одан әрі жалғасын тауып жатты. Индустриялық революция Англияны күшті державаға айналдырды. Ал терең саяси экономикалық өзгерістер Францияда революция тудырады. Германиядағы феодалдық қатынастар кең етек ала бастайды. Ағарту деп аталған қозғалыс тұрақтанып, кеңінен жайыла бастады. Ағарту дәуірінің неғұрлым жарқын идеялары француздық тұрғыда терең бойлаған болатын. Ал Англияда ағарту идеясының таратылуы идеолог Дж.Локктың есімімен байланысты.
Э.Кондильяк (1715 - 1780) Эмпиризм мен сенсуализмінің де аяғына дейін жұмыс істеді. Оған қатысы бар «қолымен жазылған адамилық белгісі» атты (1746), Д.Локктың жарық көрген шағын кітабы «адамилықты ақылмен ойлау және еңбектенген Э.Кондильяктың трактаты» (1754). Д.Локк мен Э.Кондильяктың білімдері жоғары дейде болды. Бірде Локк өзінің тарихи айырмашылығын көрді. Ол үшін оның еңбегі Э.Кондильяка мен сәйкес келіп, әртүрлі айырмашылықтарға толы болды. Олардың жаңа өмірлері психика тұрғысынан дұрыстала бастады. Ең бастысы барлығының сезімдері жақсарды. Мұғалімдермен басқалар арасында үлкен рөлге ие болды. Ең бастысы басқаларға сезімдерін үйретіп ғана қоймай жылы ықылыстарымен жылы тартады. Ешкімге жағымсыз қасиеттерін, иісін, құлақ естімейтін, көз көрмейтінін ешкімге айтқылары келмейді. Э.Кондильяктың статиясы басталады, сот істерінен, фигурадан басқа да әртүрлі жағдайлардан. Ең бастысы Э.Кондильяктың уайымсыздығы мен жылы шыраймен қарауы. Оның алғысы «барлық жандарға жан рахатын сыйлайтын қасиеті».
Барлық адамдардың мақсатын алға қоя отырып, Э.Кондильяктың ойынша өзінің ықыласын жариялайды. Ойлау, қарсылық, талқылау бұның бәрі бір – біріне қарама – қарсы құбылыстар.
Э.Кондильяктың ойлары әртүрлі материалдармен ХҮІІІ ғ Ламетри, Дидро, Гольбах, Гельвеций, Кабанисаларға сәйкес келуі. Олар үшін өз мінездерінің Декарттың, Локктың, Э.Кондильяканың түсініктері әлем жанын тебірентеді. Бүкіл әлем өлі және тірі тірі табиғат француздардың материалдары бұл үшін өте құнды. Барлық тірі табиғат психикалық тұрғыдан әртүрлі материалдар. Психиканың өзінің жоғары органикалық материалы бар. Қазіргі заманда адам табиғаттан өзіне қажеттінің бәрін алады. Бұл заңды құбылыс. Объективті қабілетін шындай келе бүкіл әлем заңға бағынады. Табиғат заңдылықтарын түсіндіретін ешқандай ішкі жағдайлар жоқ.
Табиғи детерминизм талқылаулармен қатар француз материалисттері адамның ішкі өмірін, оның санасы мен мінез – құлқын әлеуметтік детерминизм тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Мұнда К.Гельвецийдің идеяларының мәні зор болды. Соның ішінде ол адамды табиғат өнімі емес, әлеуметтік сана мен тәрбиенің өнім, - деді.
Француз ойшылдарының ішінде ең көрнектісі Д.Дидро болды. Оның психологиядағы негізгі идеялары оның шығармашылығында: «Письмо о слепых в назидание зрячим» (1749), «Мысли, к объяснению природы» (1754) және «Разговор д Аламбера и Дидро» (1769) мазмұндалған. Бұл еңбектерінде Д.Дидро материя әлемнің яғни жануарлар мен адамда негізгі жалғыз субстанция, - деп дәлелдейді. Материяны тірі мен өліге бөле отырып, ол материяның органикалық формасы органикалық емес түрде шыңдалады деген. Органикалық өмір деңгейінде бұл қабілеттілік белсенді сезімталдық формасында көрінеді. Өлі материя деңгейінде бейнелену құрылымы потенциалдық (пассивті) сезімталдық түрінде көрінеді.
Адам және оның психикалық қабілеттіліктері туралы Д.Дидро былай деді: «Біз ойлау, түйсіну қабілетімен жаратылған - құрылғымыз». Біздің сезімімізге – қоршаған орта ұрынысады немесе - өзі ұрынысады. Яғни Д.Дидро оны фортепианоға ұқсатады. Барлық психикалық құбылыстардың құндылығы түйсік, ерік, сана – сезімнен бастап, сезім, нерв, ми іс - әрекетінде жатыр. Егер адамның нерв жұлынын алып тастайтын болсақ, деді Дидро, ол барлық айтылған психикалық сапалардан айырылады.
Түйсік мәселесі Д.Дидроның психологиялық көзқарасындағы негізгі бөлім болып табылады. «Письмо о слепых в назидание зрячим» еңбегінде түйсік табиғатты және олардың әсерлесуінен материалистік тұрғыдан түсіндірген.
Францияда әлеуметтік тұрғыдан философиялық материалистік дәстүр К.Гельвециймен дамыды. Оның материализмі атақты әлем ғалымдары Б.Спиноза, Д.Толанд, Р.Декарт, әсіресе Д.Локк әсерлерімен қалыптасты. К.Гельвецийдің екі кітабында «об уме» және «Адам туралы» «Адам тәрбие өнімі» деген ұстаныммен жазған.
Психикалық іс - әрекеттің негізгі формасы К.Гельвеций бойынша түйсік болып табылады. К.Гельвеций, Д.Дилро, П.Гольбах, Ж.Ламетри секілді Локковтық рефлексияны таратады. Түйсіну қабілеті біздің ойымыз, ерік құштарлықтың негізгі – шыңы дейді. Гельвеций барлығын түйсікке байланысты еске сақтау, талқылау, ақыл, қабылдау, құмарлық, ес – бұның барлығы түйсіктің модификациясы және комбинациясы.
Адам К.Гельвеций бойынша, ол пассивті зат емес, керісінше іс - әрекетті. Оның белсенділігінің негізі құмарлық болып табылады. Құмарлық басқа психикалық құбылыстар секілді тек денелік құрылыспен ғана анықталмайды. Ол өмір жағдайымен де анықталады. Олар денелік және сыртқы әсерлерімен танылады.
Ақыл, Гельвеций бойынша, өмір жағдайында қалыптасады және оны өмір барысында жоғалтуға болады.
Жалпы француз материалистері Д.Локк, Р.Декарт идеяларымен материалистік идеялардың іргетасын қалады және ХІХ және ХХ ғасырда Францияда ғылыми психологияның қалыптасуына негіз жасады. К.Гельвеций, Д.Дилро, П.Гольбах, Ж.Ламетридің көрнекті идеяларымен Францияда эксперименталды психология қалыптасты.
№ 11 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Мақсаты: Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
-
Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи ғылыми алғышарттары.
-
Г.Гельмгольцтің ілімі.
-
Э.Вебер, Г.Фехнер зерттеулері.
Ғасырлар бойы психологияның негізі болып философия саналды. ХІХғ. ортасында Психология өзінің «туған үйін» тастап, жеке ғылым саласы болып шығуына және басқада позитивті ғылымдар өзара байланысқа түсуіне деген құқығын қалайды. Өзінің тәуелсіз, жеке ғылым болуға деген «сертификатын» ол біріншіден математика, ал екіншіден эксперименттен табады.
Математика және эксперимент саласындағы негізгі фактылық материалдарды алғаш біріктіріп оны психофизика деп атаған неміс ғалымы Г.Т.Фехнер(1801-1887). Неміс физигі, психолог, философ, Лейпциг университетінің профессоры. Ол материалды және рухани құбылыстардың арасындағы қатынас проблемасын зерттеген. Кейіннен ол бұл мәселені математикалық әдістерді қолдану арқылы эксперименталды зерттеуге кірісті. Оның зерттеулеріндегі басты мәселе «алғаш әсер еткен тітіркендіргіштер көлеміне орай түйсіктердің арасындағы айырмашылықтар қандай деген?» болды. Ол әсер етуші тітіркендіргіштердің әртүрлі модальдылығына орай түйсіктердің өзгеруін зерттеумен айналыса отырып, өзіне дейінгі осы тәрізді экперименттерді Э.Вебер жасағанымен танысты. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде «түйсік табалдырығы» деген түсінік пайда болады, яғни түйсіктердің өзгеруіне әсер ететін тітіркендіргіштердің көлемі дегенді білдіреді. Түйсіктердің өзгеруіне сәл ғана әсер етуші тітіркендіргіштерді «түйсіктің минималды табалдырығы» деп атаған. Осыдан соң мынадай заңдылық пайда болды: «түйсіктің қарқындылғы арифмитикалық прогреспен өсуі үшін, оның стимулын арттыратын көлем геометриялық негізде өсуі керек». Бұл кейіннен Вебер Фехнер заңдылығы деп аталды.
Бұл бағыттағы зерттеулер психофизика деп аталды, өйткені бұл бағытта психикалық жағдайдың физикалық әсерлерге байланысы қандай деген проблемаларды эксперименталды зерттеумен анықталды. Фехнердің «Основы психофизики» деген еңбегі психологияның жеке эксперименталды ғылым ретінде қалыптасуына ықпал етті. Психофизика саласымен қатар Фехнер экперименталды эстетиканың негізін салушы болды. Ол дәл қандай обьектілер адамда жағымды қабылдауды, ал қандай обьектілер «әдемілік түйсігін» туғызбайды дегенді ойлап, тұрмыс жағдайындағы әртүрлі заттардың түйсікке әсер етуін қарастырып, олардың жағымды эстетикалық сезімді тудыратын бағытына көңіл бөлді. Кейіннен Фехнердің бұл жұмыстары психодиагностика саласындағы кейбір психологиялық пролемаларды (адамдардың әртүрлі жеке эмоционалдық жағдайлары т.б.) шешуге көмектесті. Фехнердің психофизика саласындағы осындай зерттеулері психологияға қатаң математикалық өлшеулердің енуіне ықпал етті.
Франц Дондерс (1818-1889) Голландық физиолог. Психикалық процестердің ағымдық жылдамдығын эксперименталды зерттеумен айналысқан. Ол Гельмгольц зерттеулерінен бұрын жүйке жүйесі бойынша импульстердің жүру жылдамдығын ашқан болатын. Сонымен қатар, ол субьектінің обьектілерді қабылдау кезіндегі реакцияларының жылдамдығында өлшеуге баса назар аударған еді. Осындай зерттеулерінің негізінде психикалық процестерді де физиологиялық процестер сияқты өлшеуге болады деген қорытынды жасалды. Соның негізінде психикалық процестер қызметі нерв жүйесінде жүзеге асады деп саналды. Кейіннен, И.М.Сеченов бас миы қызметінің тұтастылығын қажет ететін процесс ретінде, реакция уақытын зерттеуге бас бұра отырып, былай деді – «психикалық әрекет барлық табиғи құбылыстар сияқты уақыт пен кеңістікте болады».
Герман Людвиг Гельмгольц (1821-1894) – психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуына негіз болған басты ғалымдардың бірі. Оның жан жақты дарындылығы табиғат туралы көптеген ғылымдардың соның ішінде психиканың табиғаты туралы ғылымының негізін қалады. Ол «энергияның сақталу» заңдылығын ашты. Оның айтуынша: «біз барлығымыз КҮННІҢ баласымыз, не болмаса тірі ағзамыз, бұл физика ғылымы тұрғысынан – энергияның құрылуын ғана түсіндіретін жүйе» деді. Сезімдерді зерттеумен айналыса отырып, Гельмгольц оларды түсіндіру үшін энергетикалық емес, анатомиялық бастау принципіне сүйенді. Соңғы принцип бойынша ол түстерді түйсіну концепциясын жасады.
№ 12 дәріс
Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
-
В.Вундттың ғылымның дамуындағы еңбегі мен ролі.
-
Э.Пфлюгер, И.Мюллер т.б. ғылыми теориялары мен зерттеулері.
Вильгельм Вундт (1832-1920) – неміс психологы, физиолог, философ. Тюбингендегі медициналық факультетті бітірген соң Берлинде И.Мюллермен бірге жұмыс жасап жүріп, Гельмгольцтің ассистенті ретінде қызмет атқарады. Лейпцигте философия профессоры болып, Вундт осында әлемдегі бірінші эксперименталды лабораторияны ашады (1879), кейіннен ол институтқа айналады. Физиологиямен айналыса жүріп Вундт психологияны жеке ғылым ретінде дамытатын бағдарламаны жасауға және физиология мен философиядан тәуелсіз етуге кіріседі. Өзінің бірінші «Материалы к теории чувственного восприятия» (1862) деген кітабындағы сезім мүшелері мен қозғалыс әрекетінің фактілеріне сүйене отырып, Вундт эксперименталды психологияны құру идеясын жасап, оның жоспарына «Лекциях о душе человека и животных» мәселесі де енеді. Жоспарға зерттеудің екі бағыты кірді: а) субьектінің өз сезімдерін, түйсіктерін, елестерін бақылау экспериментінің көмегімен сананың жекелігіне талдау жасау; б) «халықтар психологиясын», яғни тіл мәдениетінің, мифтердің, салт дәстүрлерінің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Осы ойына бағыттала отырып, Вундт алғашқыда психологияны «тікелей тәжірибе негізделген» ғылым деп анықтап, субьектінің санасын зерттеуден бастады. Ол мұны физиологиялық психология деп атады, өйткені субьектінің зерттелген жағдайы көбінесе физиология саласында өңделген арнайы эксперименталды процедуралар арқылы жүргізілді.
Өзінің зерттеулерінде Вундт басқа да жаңа екі бағыттағы білім бөлімдеріндегі жетістіктерді пайдаланды: а) психофизика саласы және б) тәжірибе жасау жолымен стимулдарға субьектінің реакциясы уақытын анықтау арқылы. Осы бағыттарды байланыстыра отырып, Вундт зерттеу обьектісі –адам болып табылатын эксперименттер негізінде (бұрын тек жануарларға жүргізілетін) психологияны жеке ғылым ретінде дамытып шығаруға болады дегенді көрсетеді. Зерттеулері негізінде алынған нәтижелері оның «Основы физиологической психологии» (1873-1874) деген тұңғыш ғылыми кітабында көрсетіледі. Осыдан кейін Вундтты эксперименталды психологияның «АТАСЫ» деп атап кетті.
Вундт бойынша психология ғылымының міндеттері, басқа ғылымдардағы сияқты: а) талдау жолы арқылы сананың алғашқы элементтерін бөліп алу; б) олардың арасында байланыс сипатын құру; в) осы байланыстрадың заңдылықтарын табу. Сананың элементтеріне сезім де жатады (эмоционалды жағдай). Вундттың болжамына сәйкес, әрбір сезім үш өлшемге ие: а) қанағаттану қанағаттанбау; б) күштену босаңсу, в) қызбалық сабырлылық. Қарапайым сезімдер психикалық элементтер тәрізді өзінің сапасы мен қарқыны бойынша кедергі жсауы мүмкін, бірақ оның әрбіреуі осы үш аспектінің барлығында да сипатталуы мүмкін. Бұл болжам көптеген эксперименталдық жұмыстардың негізін дәлелдеді.
Психологияны жеке ғылым ретінде дамыта отырып, Вундт ғылымның жеке заңдылықтары бар екенін және оның зерттейтін құбылыстары ерекше «психикалық себептілікке» бағынышты екендігін дәлелдеді. Осы қорытындысын қолдау үшін ол «энергияның сақталу» заңына сүйенді. Психикалық құбылыстардың болмысын түсіндіретін жеке заңдылықтар болады. Осы заңдылықтарға Вундт мыналарды жатқызады:
психикалық қатынас заңдылығы (жағдайдың элементтердің ішкі өзара қарым қатынасына байланыстылығы, мысалы, әуен жеке дбыстық тон қатынасының негізінде пайда болады)
контраст заңдылығы (қарама қайшылық байланысты күшейтеді)
мақсаттың гетерогендік заңдылығы (әрекетті орындау кезінде алғашқы мақсатқа сәйкес қарастырылмаған әрекет жасалып, ол мотивке әсер етуі мүмкін)
Вундтың теориялық ілімдері кейіннен сыншылдардың қаруы ретінде болып, ХІХғ. аяғында көптеген психологтар оны терістейді. Ол «сананы психологияның пәні ретінде қарастыра отырып, субьектінің өзі ғана ішкі әлемі туралы интроспекция арқылы хабарлай алады деген еді. Сол арқылы субьективті әдістің бар күшін тұжырымдап отырды. Вундт бойынша ғылымның міндеті осы әдісті қолдау бойынша арнайы эксперименталды құралдарды қолдану деп білді. Алайда сананың сыртқы факторларға тәуеділігі, психиканың бас миы қызметімен байланысы, жеке адамның психикалық өмірінің әлеуметтік қатынастар әлеміне кірігуі – ғылыми анализ сферасынан шеттетілді»
Сонымен қатар, Вундт тұжырымы бойынша адамзат болмысының алғашқы абсолютті күші болып – ерік табылады. Ерікті сана құрылымындағы басты элемент дей отырып, Вундт волюнтаризм бағытында болды. Интроспекционизм вундттық жүйені ерекшелеп отырғанымен, оны көптеген психологтар тарапынан сынға ұшыратты. Бұл әдісті кеңінен қолдану психика туралы білімді байытып, психологияның ғылыми дәрежесін тұрақтандырғанымен, Вундттың теориялық бағыты тығырыққа тіреледі.
Кейіннен эспериментті артқа қалдырып, Вундт философиямен және әртүрлі халықтардың мәдениетінің психикалық аспектілерін зерттеу бағдарламасын құрумен айналысуға бет бұрады. Ол 10 томдық «Психология народов» деп аталатын және этнография, тіл тарихы, антропологиясы туралы материалдарының көлемділігімен ерекшеленетін еңбегін жазады. Оның еңбекқорлығына таңданған басқа зерттеушілер 68 жыл ішінде Вундт 53 735 бетті жазып шығарған дейді.
Вундт іліміне сәйкес, эксперименталды зерттеуге тек қарапайым психикалық процестер (түйсік, қарапайым сезімдер) жатады. Ал психикалық өмірдің күрделі формаларын зерттеу үшін эксперимент жарамсыз деп есептеді. Вундтың бұл тұжырымы кейіннен психолоиядағы басқа да жағдайлармен дамытылды. Бірақ Вундттың осы заманғы шәкірттері ойлау, ерік секілді күрделі психикалық процестерді де эксперимент талдауына жатады дегенді дәлелдеді.
Вундттың көп жылдық зерттеулерінен кейін психологияны жеке ғылым саласы деп атауға болады. Ол тарихта алғаш рет осы ғылымның өте үлкен, маңызды мектебінің негізін салушы ретінде қалады. Осы мектептен білім алған әртүрлі елдің жас зерттеушілері, кейіннен өз лабораториялары мен орталықтарын ашып, онда психология ғылымына қатысты жаңа білім салалары мен принциптері туралы идеяларын таратқан.
Психологияның теориялық мәселелері бойынша дискуссиялар, эксперименталды әдістерді қолдану болашақтағы пайдасы, психологияның пәнін түсіну және т.б. көптеген проблемалар концепциялар мен бағыттардың шығуына әсер етіп, психологияны жаңа ғылыми мәселелермен байыта түсті.
Эксперименталды психология саласындағы практика мен Вундттың ұсынған теориялық бағдарламасы арасында келліссіздік пайда болады. Сондықтан да, егерде Вундттың ғылыми ұйымдастырушылық іс әрекеті психологияны басқа ғылымдардан бөлек жеке пән ретінде қалыптастыруға себеп болса, онда өзі бірнеше рет түзеткен бағдарламалық теориялық құрылымы, уақыт өте сайын сынақтарға шыдамады.
Алайда, тәжірибе психологиялық білімдердің ғылымилық критерийлерін түбегейлі өзгертті. Обьективтілік, қайталаушылық, тексерілгендік психологиялық факттердің сенімділік критерийі болып қалды.
Психологиялық жұмыстардың орталығы болып әртүрлі елдерде пайда болған арнайы лабораториялар табылды. Алғашқыда көзге түскен неміс университеттері болды. Онымен қатарлас, қарқынды зерттеулер Ресей, АҚШ та жүргізіліп жатты. Ал, ондан төмендері – Франция, Аглия, Италия және скадинавиялық елдерде жүргізілді. Нақты ғылыми зерттеушілік практикада жас ғылымды толық эксперименталды жұмыстармен қаруландыру бағыты насихатталып отырды.
Атап көрсеткендей, ХІХғ. ортасында ғылым өмірінде революциялық жағдайлар болады. Солардың ішіндегі ең бастылары Дарвиннің эволюциялық ілімімен және физика химия мектебіндегі жетістіктерімен байланысты болды. Егер, Германия әлемге өмірдің физикалық химиялық негіздері туралы ілімді жасап берсе, Англия эволюция заңдылығын, Франция ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы туралы, ал, Ресей мінез құлық туралы ғылымның негізін салып берді. Физиология мен психологиядан бөлек осы жаңа ғылымның негізін салушылар ресей ғалымдары – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский болды. Олардың өз мектептері, өз шәкірттері болды және әлемдік ғылым саласына қосқан тамаша еңбектері жалпы қолдауға ие болды.
Психологияның жеке ғылым саласы ретінде шығуы көптеген эксперименталды зерттеулердің дамуымен байланысты. Барлық елдерде эксперименталды және қолданбалы зерттеулер бойынша психолгиялық лабораториялар мен институттар ашылды. 1880 ж. қарай жоғары психикалық функциялардың қызметіне байланысты зерттеулер жүгізіле бастады. Бұл зерттеулердің негізін салушылар: Г.Эббингауз, Г.Мюллер және олардың ізбасарларлары болды.
Вюрцбург мектебінің психологтары ХХғ. алғашқы он жылдығында ойлау және ерік мәселесіне байланысты зерттеулерін бастаған болатын. Кейін басқа эксперименталды зерттеулер медицина, педагогика және өндіріс салаларындағы тәжірибелермен байланысып, психологияның қолданбалы салалары пайда болады.
Психологиядағы эксперименттің кеңінен дамуы жаратылыстану ғылымының әсері мен үлгісі бойынша болған еді. Бірақ бұл зерттеулерде адам материалдық әлемдегі заттардан әсер алатын обьективтілік ретінде қарастырылды.
Әр елде эксперименталды зерттеулердің дамуы әртүрлі болды. Соның ішінде Германияда эксперименттің дамуы өте жоғары болды. Мұнда күрделі психикалық процестер – ес, ойлау, ерік және т.б. зерттеулер жүргізілді. Әртүрлі практикалық жұмыстармен өзара байланыса түсуі психологияның алдына жаңа міндеттер қойып, қолданбалы психологияның дамуына әкелді.
Осы сала бойынша белгілі ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Олар: Г.Эббингауз ес процесін зерттеп, жеке психологиялық экспериментінің негізінде естің заңдарын ашты. Ол ес процесіне байланысты екі зерттеу әдісін ұсынды: жаттау әдісі мен сақтау әдісі. Сонымен қатар, ес процесін зерттеген ғалым Г.Э.Мюллер болды. Ол өз зерттеуіне байланысты 3 томдық «К анализу памяти и представлений» атты еңбегі шығады. Мюллердің зерттеуінде ес процесіне байланысты ұқсас ассоциациялар әдісі шығады.
Ойлау процесіне байланысты эксперименталды зерттеу жұмыстары Вюрцбург мектебінде орындалған болатын. Мектептің негізін салушы О.Кюльпе ойлауға қатысты жаңа зерттеулерді жүргізген болатын. «Жүйелі эксперименталды өзін өзі бақылау» әдісін ұсынды.
Эдуард Пфлюгер (1829-1910) – неміс физиологы. Ол «сенсорлық фукнция» түсінігін енгізді. Өз зерттеуерінде ол алдыңғы ми қабығы жоқ бақаға экперимент жүргізеді. Онда бақаны стол бетіне қойғанда ол өз әрекетіне сәйкес жүреді, ал суға салғанда жүзеді, яғни өзгерген жағдайға байланысты қимылдар жасап отырған. Оны Пфлюгер былай түсіндіреді: «бақада сенсорлық функция бар, яғни ол оған өзгерген орта жағдайына ішкі сигналдар негізінде әрекетінің алмасуына мүмкіндік береді» деді. Кейінне оның тәжірибесі И.М.Сеченов сынды физиологпен дәлелденіп, оның примитивті психика (сенсорлық фукнция) мен сана сезім арасындағы айырмашылықты дәлелдегенін көрсетті.
Лондон мектебінің негізін салушы Ч.Э.Спирмен (1863 1945). Ол математикалық өңдеу әдісін жасады. «Интеллектуалдылықтың екі факторлары» теориясын шығарады. Эксперимент көрсеткендей сол бір сыналушы әртүрлі интеллектуалдық тест кезінде ұқсас жауаптарды береді, яғни осы тесттер бойынша әртүрі тапсырмалар байланысқа түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |