Дарынды оқушылармен жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, талдау



бет1/3
Дата28.04.2024
өлшемі81 Kb.
#500036
  1   2   3
Урунбаева баяндама дарындылық




Дарынды оқушылармен жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, талдау

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны — жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті түлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.


Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық — белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «Дарындылық» — асқан қабілеттілік, зеректік, алғырлық.
Қалай болғанда да, дарынды табу үшін ең алдымен психологпен бірігіп кешенді тексерулер арқылы оқушының бейімділігін анықтау қажет. Дарынды балаларды анықтау — баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу — ұстаздардың басты міндеті.
Бұл бағыттағы жұмыстың мынадай ұстанымдары тұжырымдалған:
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу, яғни, жан-жақты зерттеу.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары,
Баланың отбасы жағдайын зерттеу – мүмкіндік бар ма, кедергі болып тұрған жоқ па.
Интеллектуалдық сайыстарға қатыстыру – ойлау, сөйлеу қабілеттерін байқау.
Үйірмелер жұмысы кезінде зерттеу – өнерге, шеберлікке бейімділігін анықтау.
Шығармалар – логикасы, ойын жеткізуі, ақындығы, жазушылығы анықталады.
Саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу – белгісіз қырлары анықталады.
Пәндік олимпиадаларға қатыстыру – білімділігі, бар білімін жинақтап, қолдану қабілеті байқалады.
Ғылыми жоба жарыстары – материал жинау, іріктеу, дәлелдеу, жеткізу.
Пікірсайыс ойындарына – сөздік қоры, сөйлеуі, өз пікірін қорғауы, жылдам ойлауы байқалады.
Осындай жұмыстар нәтижесінде баланың дарындылық бағыты анықталады. Ол бағыттар төмендегідей болып жіктеледі екен:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет