А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет12/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   231
17
Талдау:
1. Табиғатта полимерлердің түзілу себептері туралы пікір леріңді 
айтыңдар. 
2. Суретті қараңдар. Полимер және полимер емес заттардың таңбаларын 
табыңдар. Қайсысы ретті, қайсысы ретсіз полимерлер? 
3. Полимерлердің молекулалық массасы полимер емес заттардың 
молекулалық массасынан көп болатынын дәлелдеңдер. 
Синтез:
1. Ретті және ретсіз полимерлерді сызба түрінде бейнелеңдер. Ретті по-
лимерлерге мономерлердің 5 типін, ал ретсіз полимерлерге 3 типін 
пайдаланыңдар. Полимер тізбегі 10 мономерден тұрады деп алыңдар. 
2. Табиғаттағы органикалық заттардың рөлін бағалаңдар. 
Бағалау:
1. Екі жағдайдың қайсысында әртүрлі полимерлер санын түзуге болаты-
нын талқылаңдар: 
1) мономердің тек 3 типі бар, ал полимер тізбегіне 5 мономер кіреді;
2) мономердің тек 5 типі бар, ал полимер тізбегіне 3 моно мер
кіреді. 
­
§4. Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті
мен қызметі
Көмірсулар мен липидтің құрылымы және биологиялық 
қызметтерін сипаттау
Көмірсулар мен майлардың рөлі қандай екенін естеріңе түсіріңдер. Өсімдік 
ұлпаларындағы крахмалды немесе майды қалай анықтауға болады? Олар 
өсімдіктің қандай мүшесінде кездеседі? 
Көмірсулар фотосинтез үдерісінде жасыл өсімдік жа суша ларында 
түзіледі. Ең кең таралған көмірсу – глюкоза С
6
Н
12
О
6
(11-сурет). Ол 
фотосинтез барысында түзіледі. Өсімдік жасушалары глюкозадан 
крахмал, қант, целлюлоза немесе басқа заттар түзуі мүмкін. Глюкоза 
өсімдік жасушасында да, жануар жасушасында да болады. Адам қанының 
құрамында шамамен 0,12% глюкоза бар. 
А 
Ә 
Б 
2–3459
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет