А. Соловьева, Б. Ибраимова


Эмбриогенездің негізгі сатылары



Pdf көрінісі
бет154/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   231
Эмбриогенездің негізгі сатылары. Естеріңде болса, ағ залардың 
жеке дамуы эмбриогенез және постэмбриогенез деп екіге бөлінеді. 
Эмбриогенездің негізгі сатыларын сызба түрінде көрсетуге болады: 
Зигота­
Бөлшектену 
Бластула 
Гаструла 
Нейрула 
Органогенез
Егер ағза жынысты жолмен көбею нәтижесінде түзілетін болса, эм-
брионды (ұрықтық) дамуы ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан, зигота 
түзілу сатысынан басталады. Егер ағза партеногенез жолымен түзілген 
болса, дамудың бірінші сатысы ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасының 
бөлінуінен басталады. Егер ағза жыныссыз көбею нәтижесінде түзілген 
болса, онда эмбриогенездік даму жүрмейді, себебі ол кезде ұрық 
түзілмейді. 
Ағзалардың көптеген түрлерінде ұрықтанғаннан кейін зигота белсенді 
түрде митоз жолымен бөліне бастайды. Осылайша, көпжасушалы ұрық 
түзіледі. Шын мәнінде, митоз бірінен соң бірі жылдам жүреді. Бұл 
құбылыстың нәтижесінде пайда болған жасушалар өсіп үлгермейді. 
Жасушалардың саны артқанымен де олардың жалпы салмағы зиготаның 
салмағынан айырмашылығы болмайды. Бұл 
бөлшектену­ сатысы 
деп аталады. Бұл дегеніміз – көмірдің немесе бордың үлкен кесегін 
майдалағанмен бірдей. Ұсақ бөлшектердің саны артқанымен олардың 
салмағы бастапқы үлкен кесегінен айырмашылығы болмайды. 
Бластула­ дегеніміз­ –­ зиготаның бөлшектенуі нәтижесінде пай-
да болған, жасушаларының мөлшері бірдей көпжасушалы ұрық. 
Бластуланың құрамында қанша жасуша болғанына қарамастан жасуша-
лар бір-бірінен ерекшеленбейді. 
Гаструла­ дегеніміз­ –­ ұрық жасушасында түрлі қабық ша лардың 
пайда болу сатысы. Ұрықтың әртүрлі жағында орналасқан жасушалар 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет