А. Соловьева, Б. Ибраимова


§52. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының



Pdf көрінісі
бет163/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   231
§52. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының
шығу орталықтары
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының 
шығу орталықтарын зерттеу
Өсімдіктер мен жануарлар селекциясының бірінші кезеңі қандай? Н.И. Вавилов 
туралы не білесіңдер?
Селекция ғылымының маңызды бөлігі 
түрлердің­ арғытектері­ ту-
ралы­ілім. Оның негізін салуға атақты орыс ғалымы, генетик Николай
иванович Вавиловтың қосқан үлесі зор. Ол ХХ ғасырдың 20–30-жылда-
рында қызметкерлерімен бірлесіп, дүниежүзінің әр түкпіріне 60-тан астам 
экспедиция жасады. Зерттеу барысында Австралиядан басқа барлық кон-
14–3459
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


210
тиненттерден мәдени өсімдіктердің арғытектері болып табылатын мате-
риалдар жинады. Жабайы түрлердің барлық мүмкіндігі бар тұқымдық 
материалдарының жиынтығы осы көпжылдық зерттеулердің нәтижесі 
болып табылады. Ол қазір Санкт-Петербургтегі Өсімдік шаруашылығы 
институтында сақтаулы тұр. Институт ұжымы бұл құнды генетикалық 
материалдарды 1942–1943 жылдары ленинград қоршауда қалып, адам-
дар аштан қырылған кезде де сақтап қалған. Қазір топтамада 300 мыңнан 
астам дана сақталған.
Тұқымдардың тіршілік қабілетін сақтау үшін топтамалық мате-
риалдарды үнемі кезектестіріп қайта сеуіп отырған, сол арқылы олар 
өздігінен жаңарып отырады. Бұл материалдар ХХ ғасырдың 60–70-ші 
жылдары жоғары сапалы тұқымдар алу үшін қолданылды. Ол ішінара 
үндістан сияқты Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде азық-
түлік проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күнде Ресей мен 
дүниежүзінің басқа да селекционерлері осы құнды материалдарды өз 
жұмыстарында пайдаланады. 
Н.И. Вавилов еңбегінің құндылығы – 
мәдени­өсімдіктердің­барлық­
географиялық­ аймақтарға­ бірдей­ таралмайтынын­ және­ әр­ дақылдың­
өзінің­ шығу­ орталығы­ болатынын анықтауы. Н.И. Вавилов зерттеу 
нәтижесінде қандай да болмасын өсімдік түрінің генетикалық жақын 
формалары көбірек таралған аймақ – сол түрдің шығу орталығы бола-
ды деп тұжырымдады. Жинақталған материалдарды талдай келе ғалым 
мәдени өсімдіктердің жеті түрлі шығу орталығы болатынын анықтады 
(6-кесте).
6-кесте. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары
Орталықтар атауы
Географиялық орны
Түрлері
1. Тропикалық 
(Оңтүстік Азия)
үндістан, Қытай, Оңтүстік 
Қытай, Тропикалық Азия
Күріш, қант қамысы, 
көптеген жеміс және көгөніс 
дақылдары
2. Шығыс Азия
Орталық және Шығыс 
Қытай, Тайвань аралдары, 
Жапония, Корея
Соя, тары, жеміс және көгөніс 
дақылдары
3. Оңтүстік-Батыс 
Азия
Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, 
Орта Азия, Кавказ, 
Солтүстік-Батыс үндістан
Бидай, қарабидай, көптеген 
дәнді және бұршақ дақылдар, 
жүзім, жемісті дақылдар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


211
4. Жерорта теңізі
Жерорта теңізі 
жағалауындағы елдер
Көптеген жемшөптік 
өсімдіктер (беде, біргүлді 
жасымық), көптеген көгөніс 
дақылдары, зәйтүн
5. Абиссин
Африка материгінің 
кішігірім аймағы
Дәнді дақылдар, бананның 1 
түрі, майлы өсімдік – ноқат, 
бидайдың және арпаның ерек-
ше формалары
6. Орталық Америка
Оңтүстік Мексика, Орталық 
Америка, Вест-үнді аралда-
ры
Жүгері, ұзынтал шықты 
мақта, какао, асқабақ 
тұқымдасы, үрме бұршақ
7. Анды (Оңтүстік 
Америка)
Оңтүстік Америка батыс 
жағалауын бойлай жатқан 
Анд үстірті аймағының бір 
бөлігі
Картоп тәрізді көптеген 
түйнекті өсімдіктер, кейбір 
дәрілік өсімдіктер (хин ағашы 
және т.б.)
Н.И. Вавилов өмір сүрген кезде – мәдени өсімдіктердің шығу орталығын 
зерттеу үшін негізінен салыстырмалы-анатомиялық әдіс қолданылған. 
Сол кездің өзінде Н.И. Ва вилов өзінің бір экспедициялық саяхаты кезінде 
алманың отаны – Алматыға жақын тау шатқалдары деп өз болжамын 
айтқан 
(106-сурет)
. Қазіргі заманғы америкалық генетик-ғалымдар 
соңғы ДНҚ зерттеулерде алманың мәдени түрлерінің шыққан орталығы 
Қазақстан ның Қырғызстанмен шега ра сындағы сайлар екенін тапты.
106-сурет. Алматы – алманың отаны
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет