А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет205/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   231
Бронхиолалар, ауатамыршалар – ауатамырлар тарамының соңғы тармақтары.
Бронхит – бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі 
инфекция. 
Буын – сүйектердің бір-біріне қатысты орын ауыстыруына мүмкіндік беретін 
қозғалмалы болып байланысуы, қосылуы. 
БцЖ – адам ағзасына деген патогенді әсері жасанды ортада төмендетілген 
сиыр туберкулезі бацилласы атты тірі вирустан жасалатын вакцина.
В
Вакцина – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының әлсіздендірілген 
(немесе өлтірілген) себіндісінен алынған медициналық препарат. Аурулардың 
алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.
Варолий көпірі – артқы мидың (сопақша ми мен ортанғы ми арасында) 
құрамына кіретін ми діңінің бөлігі.
Вегетариандық – тек өсімдіктекті немесе сүт және өсімдіктекті тағаммен 
қоректену жүйесі. 
Вегетативті жүйке жүйесі – ішкі мүшелер мен жүйелердің – қан айналым, 
тыныс алу, асқорыту, бөліп шығару, көбею және т.б. қызметін, зат алмасу мен
ағза ұлпасының қызметтік күйін (қозғыштық, жұмысқа қабілеттік және т.б.) 
реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Симпатикалық және парасимпатикалық 
жүйке жүйесі болып бөлінеді. 
Венулалар – вена капиллярлары біріккен кезде түзілетін ең ұсақ веналар; 
олар қосылып вена түзеді. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


264
Веналар – көмірқышқыл газына қаныққан, зат алмасу өнімдері, гормондар 
мен басқа заттар бар вена қанын мүшелер мен ұлпалардан жүрекке (артерия 
қанын әкелетін өкпе және кіндік венасынан басқа) апаратын қан тамырлары. 
Вестибула аппараты – кеңістікте бас пен дененің қалпының өзгеруін, сондай-
ақ қозғалу бағытын қабылдайтын сезім мүшесі. Жартылай өзек пен ішкі 
құлақтың қапшықтарында орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет