Аққайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі №23-2 шешімі Солтүстік Қазақстан Облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде №2705 тіркелді



Дата04.03.2016
өлшемі30.68 Kb.
#37372



Аққайың аудандық мәслихатының

2014 жылғы 17 сәуірдегі №23-2 шешімі

Солтүстік Қазақстан Облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде №2705 тіркелді


«2014-2016 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 104 бабының 5 тармағына, 106 бабының 2 тармағы 4) тармақшасына, 109 бабының 1, 5 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2014-2016 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 2490 тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Аққайың» газетінде, 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Колос» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2014-2016 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті 1, 2, және 3 қосымшаларға келісті сәйкесінше бекітілсін, соның ішінде 2014 жылға мына көлемде:

1) кірістер - 2388992 мың теңге,

соның ішінде:

салықтық түсімдер- 296946 мың теңге,

салықтық емес түсімдер - 5451 мың теңге,

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 25200 мың теңге,

трансферттердің түсімі - 2061395 мың теңге;

2) шығындар -2 396 987,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 13712 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 18176 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 4464 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 6185 мың теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу - 6185 мың теңге,

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -27892,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 27892,8 мың теңге.»;

6 тармақта

1 абзац келесі редакцияда жазылсын:

«6. 2014 жылға арналған аудандық бюджеттердің нысаналы трансферттер жалпы сомасы 716323 мың теңге, соның ішінде дамуға 604846 мың теңге есепке алынсын:»;

1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«1) мектепке дейінгі білім ұйымдарында мемлекеттік білімдік тапсырысты іске асыруға 20251 мың теңге;»;

келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 3188 мың теңге;»;

келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 483 мың теңге;»;

келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге 624466 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

«8-1. «3-1 қосымшаға сәйкес қаржылық жыл басында қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен аудан бюджетінің шығындары қарастырылсын»;

9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. 2014 жылына арналған аудан жергілікті атқарушы органның резерві 5930 мың теңге сомада бекітілсін.»;

жоғары көрсетілген шешім осы шешімге 3 қосымшаға сәйкес 3-1 қосымшасымен толықтырылсын»;



көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жана редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



V шақырылған ХХIII сессия Аққайың ауданы мәслихатының

төрағасы хатшысы

_________ А. Фильберт ________ Қ. Құрманбаев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет