Балдар: 1 сұрақ -30; 2 сұрақ – 30; 3 сұрақ – 40
Білім алушылар:
|
A
|
- стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс сұрақтарға жауап берді;
- теориялық ережелерді нақты мысалдармен суреттеді;
- ғылыми терминологияның нақты қолданылуын көрсетті
- шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындады
|
B
|
– жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламаған шағын олқылықтарға жол берілді;
- баяндаудың мәніне қатты әсер етпейтін елеусіз дәлсіздіктерге жол берілген.
|
C
|
білім алушы теорияны жаңа жағдайда және/немесе практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмады.
|
D
|
терминологияны пайдалану кезінде ұғымдарды анықтауда қателіктер жіберілді.
|
F
|
жұмыс оқушының тексерілетін пән бойынша міндетті білімі мен іскерлігінің толық жоқтығын көрсетті.
|
3 Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының типі: МК
Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің мақсаты: магистранттарда жоғары мектеп педагогикасының ерекшеліктері туралы жүйелі білімді және жоғары білім беруді жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің негізгі міндеттері:
қазіргі жоғары білім беру парадигмасы мән-мәтінінде философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылымның тұжырымдамалық ережелерін; білім ортасын зерттеу принциптері мен әдістерін меңгерту,
психологиялық-педагогикалық білім саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін жүйелей және қорытындылай алуға бейімдеу;
педагогтардың білім алушылармен және білім алушылардың өзара тиімді оқу бойынша өзара әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарын меңгерту
білім беру қызметін жобалау мен білім беру ортасын сараптамылық бағалауда, оқу-тәрбие қызметін әдістемелік қамтамасыз етуде заманауи инновациялық, ақпараттық-коммуникативтік әдістер мен технологияларды пайдалана білуге бейімдеу
Достарыңызбен бөлісу: |