тамырға гемостатикалық
қысқыш салынады, жібек жіпті хирургиялық
жгутпен немесе теңіз түйінімен байлайды.
2. Тамырды айнала орналасқан тіндермен тігеді де, жай лигатура арқылы
байлайды.
3. Тамырды өз бойында байлау. Жарада қан тоқтату мүмкіндігі
болмағанда оның іріңдеуі кездерінде артериялық
жарадан жоғары ең
ыңғайлы жерде байқалады.
4. Жұмсақ тіндер мен паренхиматозды ағзалардан аққан қанды қысқа
мерзімге тампон басу арқылы толығымен тоқтатуға болады.
5. Бұрау әр түрлі қан тоқтатқыш пинцеттермен
басып бұрау арқылы
орындалады. Бұраған кезде кейде екі кішкене қысқыш қолданылады.
Біріншісін тамырға бойлай енгізеді,
екіншісін тамыр ұшына, біріншісіне
перпендикулярлы беткейде салады.
6. Қанталаған тамыр ұштарына гемостаикалық қысқыштарды салғанда
мүмкіндігінше айнала орналасқан тіндерді ұстамауға тырысу керек. 15-
20 мин соң қан тоқтатқыш ұысұыштарды алады. Осы уақыт ішінде
тромб пайда болады.
7. Терең жаралар тамырлары қанталаған кезде қан тоқтатқыш
қысқыштарды жарада 36-72 сағатқа қалдырады.
8. Қанталаған жарада қан тоқтату үшін жараны Микулич бойынша
тампондау. Жара түбі мен қабырғаларында
сулық төселеді, ал қуысты
тампонмен толтырады, жара шеттерін уақытша тігеді, сулықты
ауыстырмай жара қабырғаларын зақымдап алудан сақтанып, қан
сіңген тампондарды жаңа тампондармен ауыстыруға болады.
9. Тамыр тігісін салу – әдеттегідей қан ағуы және тамыр біркелкілігін
сақтау үшін толығынан қан тоқтатудың ең жақсы түрі болып табылады.
Тамыр тігісін жіңішке ине, жіңішке жібек қолданады.
Ең сенімді арнайы
тамыр тіккіш аппаратын тантал бекіткіштері көмегімен қолданып салу
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: