Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №
4
(80), 2022
232
Кесте 2. Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының есебі
Жалпы
білім
беретін
мектептер
Жалпы білім
беретін
мектептердің
саны
Жалпы білім беретін
мектептердегі ЕБҚЕ
балалар саны
Жалпы білім
беретін
мектептердегі
арнайы топтар
саны
Жалпы білім
беретін
мектептердегі
арнайы топтағы
балалар саны
2020-2021
оқу жылы
92
837
22
410
2021-2022
оқу жылы
96
1685
22
312
Қазіргі таңда, жалпы оқушылардың әр сала бойынша нақты өмірде қолданбалы мәселелерді шешу
үшін сауаттылық саласындағы жетістіктерін зерттейтін көптеген халықаралық зерттеу орталықтары
бар. Атап айтқанда, мектептен тыс бағалаудың PISA-D, олардың тиімділігі туралы және инклюзивті
барлығына тең сапалы білімді қамтамасыз етуге бағытталған саясаттың жетістігі туралы деректерді
талдау нәтижесінде құнды ақпараттармен бөлісіп отырады.
Инклюзивті білім беруді қамтамасыз етудегі, яғни қолдаудағы білім беру жүйесінің инклюзивті
жағдайларда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды цифрлық оқу ресурстарын қолдана отырып оқыту
(EADSNE, 2013) оқу барысында өзара қарым-қатынасты (мысалы,
оқушыға жазуға көмектесу, мәтінді
арнайы бағдарламалық жасақтамаға жазу т.б.). әрекеттерін жеңілдететіндігі, жаңа ортаны қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін, оқушылардың білім алуда дамуына зор мүмкіндіктер туғызатындығы
айтылған[15].
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау. Осыған байланысты екінші сипаттама - «арнайы
мұғалімнің» рөлі. Финляндия өзінің адалдығымен мақтанады. Инклюзивтілік Финляндияда
балалардың 8% -ын ерекше білім беруде қажеттіліктері
бар деп есептесе, олардың жартысы ғана
арнайы мектептерге орналастырылған. Финляндия мұғалімдері «Егер мектептер ерте назар аударса,
диагностика және араласу арқылы оқушылардың көпшілігіне қалыпты сыныптарда табысқа жетуге
көмектесуге болады»,- деп санайды. Оның негізі қиындыққа тап болған оқушыларды уақтылы қолдау
тетігі –арнайы оқытылған мұғалім. Олардың жұмысы қосымша көмекке мұқтаж білім алушыларды
анықтау үшін сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болу, осы оқушылармен жеке немесе шағын
топтарда жұмыс істеуі, оларға қосымша көмек пен қолдау көрсету үшін қажет екендігі айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: