Абай ауданының 2013 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы Өнеркәсіп



Дата23.02.2016
өлшемі64.88 Kb.
#8239
Абай ауданының 2013 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы
Өнеркәсіп
2013 жыл қорытындысы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 223,9 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өнім индексі 107,4 пайызды құрады. Былтырғы жылы 194,6 млн. теңгенің өндірістік өнімі өндірілген. Оның ішінде 93 тонна (былтырғы жылмен салыстырғанда 103,3 пайыз) тамақ өнімдерін өндіру, 5,9 мың Гкал (122,9 пайыз) электрмен жабдықтау және 56,3 мың текше метр (123,4 пайыз) ауыз сумен жабдықтау.
Ауыл шаруашылығы
Аудан ауыл щаруашылығы бағытында дамығын. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар осы мерзімге тірі салмақтағы ет –15481,6 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда -113,5 пайызға, сүт -22894,0 тонна немесе 108,0 пайызға, жұмыртқа -916,5 мың дана өндіріп, 105,8 пайызды құрады.

Бүгінгі күні аудан бойынша 283420 бас қой-ешкі малы (100%), 40347 бас мүйізді ірі қара (100,1%), 18520 бас жылқы (100,1%) малдары қолда бар.

41 шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен - 25 шаруашылық, жылқыдан - 14 шаруашылық, ірі қара малынан - 2 шаруашылық. 2012 жылмен салыстырғанда 4 шаруашылыққа артқан.

Қысқы уақытқа МІҚ малына қатаң азықтың бағасын жеңілдету үшін берілген субсидияға аудан бойынша 128 шаруашылыққа 36 млн. 311 мың теңге төленді. 86 шаруа қожалығы 321 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 18 шаруашылық 140 млн. 710 мың теңгенің несиесіне 756 бас асыл тұқымды бұқалар және аналық малдарды сатып алды.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан 29 жәрмеңке ұйымдастырылып, өткізілді. Жәрмеңкеде 33 млн. 741 мың теңгенің өнімі сатылды.

«Абай ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық кәсіпорынының негізгі міндеті барлық нысандағы малдарды егу-емдеу, жұқпалы ауруларды алдын алу. Осы мақсатта 39 малдәрігерлері жұмыс істейді. Жыл бойы 104 млн. 248 мың теңгенің эпизотиялық іс-шарлары жасалды. Залалсыздандыру жұмыстарына дәрі-дәрмекке 500,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Бүгінгі күні 9 мал сою алаңы санитарлық талапқа сай халыққа қызмет жасауда.


Инвестиция
Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 1394,4 млн.теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 145,2 пайызға өскен. Негізгі капитал инвестициясының нақты көлемі 597,9 млн. теңге (100,8 пайыз), қалған 796,5 млн. бюджет есебінен тартылды.
Бюджет
12 айда меншікті кірістер 233,9 млн. теңгеге жоспарланып, 248,9 млн теңгеге орындалды, орындалу 106,4 пайыз. 12 айда бюджет шығысы 2819773,4 мың теңгеге жоспарланып, 2796508,4 мың теңгеге орындалды, яғни 99,2 пайыз. Қалдық сомасы 23265,0 мың теңге.
Кәсіпкерлік
Аудан бойынша 915 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2 пайызға өскен. Оның ішінде 518 шаруа қожалығы, жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 191 шағын кәсіпкерлер субъектілері, заңды тұлға ретінде 34 кәсіпорын тіркелген, 172 кәсіпкер патент жүйесімен жұмыс жасайды. Осы шағын кәсіпкерлік субьектілерінде 1632 адам жұмыс істейді, бұлардан түскен салық сомасы 57 млн. 116 мың теңге бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36,8 пайызға өскен.
Тұрғын үй
Қаңтар–желтоқсан айларында жалпы ауданы 2278 шаршы метр (былтырғы жылмен салыстырғанда 93,9 пайыз) тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл ішінде 1295,7 мың теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы бойынша Қарауыл ауылындағы үш қабатты 27 пәтерлі тұрғын үй 11 млн. 065 мың теңгеге жөнделді.


Көркейту, көгалдандыру
Ауданда соңғы жылдары елді мекендердің келбетін көркейту, абаттандыру жұмыстары бойынша аудан орталығы Қарауыл ауылының басты көшелері, алаңдары мен мекеме ғимараттары толықтай заман талабына сай жарықтандырылған.

Аудан аумағында 30 га алаңдар мен скверлер, 20 ескерткіш, 21 көп қабатты тұрғын үйлер аулалық аумағымен және 12 тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін орын бар.


Сумен қамтамасыз ету
Аудан бойынша бүгінгі күні 7 елді мекенде су құбыры жұмыс жасап (Қарауыл, Кенгірбай би, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды, Медеу және Саржал), халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Аудан тұрғындары мен мекемелерді ауыз сумен жергілікті «Риза» КМҚК қамтамасыз етеді. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы аудан бойына 84,6 шақырым, 16 скважина бар. Халықты сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Ақ бұлақ бағдарламасы бойынша Тоқтамыс ауылындағы су-құбыры құрылысы іске асуда, 301744,4 мың теңге (27310,0 мың теңге обл. бюдж. 274434,4 мың теңге респ.бюдж.) бөлініп 278780,0 теңгеге игерілді.
Жолдар
Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 372,91 шақырым. Оның ішінде 293 шақырым облыстық маңыздағы жолдар, қалған 79,91 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

Аудан бюджетінен аудандық маңызды жолдарды қысқы-жазғы ұстау, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеуге Молдағалиев көшесіне 22,0 млн. теңге, Абай көшесіне 48,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.


Әлеуметтік қорғау
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына орай жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:

-Қарауыл ауылындағы Молдағалиев көшесі жолын ағымдағы жөндеуге 22613,0 мың теңге (20352,0 мың теңге обл. бюдж. 2261,0 мың теңге респ.бюдж.) бөлініп, игерілді.

-Көкбай орта мектебі ғимаратын ағымдағы жөндеуге 49,8 мың теңге респ.бюдж-тен бөлініп, игерілді.

-Қаскабұлақ ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебі ғимаратын ағымдығы жөндеуге 72,8 мың теңге респ.бюдж-тен бөлініп, 50,8 мың теңгесі игерілді.

-Қаскабұлақ ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінің жылу қазандығын ағымдағы жөндеуге 6,6 мың теңге респ.бюдж-тен бөлініп, игерілді.

-Қаскабұлақ ауылындағы мәдениет үйі ғимаратын ағымдығы жөндеуге 6,3 мың теңге респ.бюдж-тен бөлініп, игерілді.

-Саржал ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы ғиматарын күрделі жөндеуге 6174,0 мың теңге респ.бюдж-тен бөлініп, игерілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша - 116 жоба іске асырылды. Осы жобаларға респ.бюджеттен 163200,0 мың теңге шағын несие берілді.

69 адамға 81 млн. теңге несие берілді. Оның 75 млн. теңгесі ауылшаруашылығын дамытуға, 6 млн. теңгесі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 4 адамға берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша - 15 адам оқытылып, жұмысқа орналасты. Бұған респ. бюджеттен 1711,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмек 123 адам 3,1 млн. теңге, балалы отбасыларға 1761 балаға 30,2 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы 277 жанұяға 7,0 млн. теңге төленді. 40 жұмыссыз адам есепке алынып, жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызды құрады.

Жұмыссыздарды әлеуметтік жағынан қолдау көрсету және жұмыссыздықты азайтудың бір түрі ақылы қоғамдық жұмысқа 244 адам тартылды.

Жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында жиыны 24 адам оқуға жіберілді. 193 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жиыны 198 адам жұмысқа орналасты.

Биылғы жылы Дипламмен ауылға бағдарламасымен келген 24 жас маманға 2908,0 мың теңгенің көтерме жәрдемақысы төленіп, 5 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 12982,5 мың теңгенің бюджеттік кредиті берілді.
Білім беру
Бүгінде аудан бойынша 10 орта білім беретін, 1 негізгі мектеп жиыны 11 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның 7-і шағын құрамды, 1- орта мектеп, 1 гимназия және 1 мектеп-лицей ретінде жастарға білім мен тәрбие беруде. Оқушылар саны 2646 бала. Оның 621-і (23,4 пайыз) озат, 739-сі (27,9 пайыз) оқу екпіндісі. Сонымен қатар 2 қосымша білім беру мекемесі – саз және өнер мектептері, 3 ясли-бақша, 15 шағын орталық, 3 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды. Мектеп жасына дейінгі 936 балалардың 87,8 пайызы, яғни 815 бала оқумен қамтылып отыр. Даярлық тобында 365 бала, мектептер жанындағы 15 шағын орталықта 450 бала.

Бүгінде мектептерде 412 педогог қызмет істейді, оның 369 жоғары жоғары білімді (89,5 пайыз), арнаулы орта 42 (10,1 пайыз), 1 орта білімді. 42 педогог жоғары санатты, 162 бірінші санатты, 122 екінші санатты, 86 санатсыз.

Білім бөліміне 1 млрд. 147 млн. 268 мың теңге қаратылып, игерілді. 1 млн. 200 мың теңге оқушыларды «Бақанас» туристік-сауықтыру демалыс орындарына жіберу үшін бөлінді. Бүгінде мектептердегі барлық 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, бұл мақсатта 30 млн. 966 мың теңге бөлінді. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етуге 9 млн. 621 мың теңге бөлінді.

Өткен жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орта көрсеткіші– 60,6 балл болса, биыл 70,4 балл.


Денсаулық сақтау
Абай аудандық медицина бірлестігі құрамында 1 орталық емхана, 1 аудандық поликлиника, 7 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Ауданда 40 дәрігер, 97 орта медицина қызметкері халыққа медициналық көмек көрсетуде.

Биыл туберкулезбен аурушаңдық 5-32,4 болса, былтыр 7-46,4 болған. Жалпы өлім көрсеткіші 7,8, былтырғы жылмен салыстырғанда 97,5 пайыз. Туу көрсеткіші 15,5 былтырғы жылмен салыстырғанда 99,1 пайызға төмендеген, былтыр көрсеткіш 16 болған.



Медицина бірлестігіне биылғы жылы 259,0 мың теңгеге цетрифуга лабараторная алынды, денсаулық сақтау құралдарымен жабдықталу 78 пайыз.
Қылмыспен күрес
Бүгінгі күнге ауданда 129 қылмыс тіркеліп, 65,9 пайызы ашылды. Ауыр және ерекше ауыр қылмыстардан 7 іс тіркеліп, 50 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 59 ұрлық тіркеліп, 47,5 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар тарапынан 4 қылмыстық іс тіркелді.
Демография
Аудан бойынша 2013 жылы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны –240 бала, қайтыс болғандар 121 адам, табиғи өсім +119 адам. Аудандағы халық саны 15228 адам.
Рейтинг
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму негізгі рейтингілік көрсеткіштерінің 2012 жылғы қорытындысы бойынша бәріңіз білесіздер аудан 10 орында болды, 2013 жылы 3 орынға көтерілді. Рейтинг 19 көрсеткішпен бағаланады. 15 көрсеткіштен алдағы орында болсақ, 4 көрсеткіштен төмендеміз. Олар тауарайналым, жалпы өлім көрсеткіші және мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен оқумен қамту, қылмыстың ашылу пайызы.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет