"Абай әлеміне саяхат" (Абай Құнанбаевтің 170 жылдық мерейтойына орай ) 7"б" сыныбы Сынып жетекші: Жагыпарова Ж. К



бет4/6
Дата13.11.2023
өлшемі423.44 Kb.
#483094
1   2   3   4   5   6
Тәрбие сағаты Абай әлемі

1-жүргізуші:-Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген
1-жүргізуші:-Енді Абайдың табиғатты бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" Гаухардың орындауында тыңдайық.
Абай ақын
VI. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
2-жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
1-жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
2-жүргізуші:Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті
1. Қазақ халқының жазба әдебиеті.
2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.
3. Батыс Еуропа мәдениеті.
1-жүргізуші:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
Аяужанның орындауында "Көзімнің қарасы"
2-жүргізуші:- бұл әндерді көпшілігіміз естіп, айтып жүргенімізбен олардың шығу тарихы жайында мағлұматымыз мардымсыз.
1-жүргізуші:- «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.
2-жүргізуші:- Ендеше "Айттым сәлем, Қаламқас" әнінің тарихымен таныса отырыңыздар
Ұлдардың орындауында "Айттым сәлем, Қаламқас"
Бұл әннің тарихын тыңдай отырып, басқа да әндерін тыңдай отырып Абайды тағы да қай қырынан көреміз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет