Абай жане оның әндері Сабақтын мақсаты: а


Нұрбақыт: Кең дала нұрын шашқан маңайына



бет2/3
Дата15.02.2020
өлшемі0.53 Mb.
#447989
1   2   3
Абай жане оның әндері

Нұрбақыт: Кең дала нұрын шашқан маңайына,

Қараймын мақтанышпен Абайыма.

Алдында Ұлжан ана басымды ием,

Абайды берген қазақ талайына.

Теңесер ақылды ару, саналы ермен,

Жұлдызы ондай жанның –

Жанады өрден.

Ұлжанды ұлы демей, мен кім деймін,

Қазаққа

Қайталанбас дана берген.
Абай жас кезінен әңгімеге , өлеңге әуес болды. Ертегі , аңыздарды зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың кішкентай Абай үшін маңызы зор болған. 
(киіз үй ішінде әжесі Зере ұршық иіріп отырады, Ұлжан апасы құрақ көрпеше тігіп отырады және Абай .Үстел үстінде дастархан, бауырсақ, қымыз, ожау, кеселер) 
І-көрініс 
Жүргізуші: Биыл Абай мүшел жаста.Ол атқа мініп

жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Оның

күндегі ермегі- әжесі мен анасына әңгіме айтуды өтіну. 
Абай: Әже бір қызықты әңгіме айтып беріңізші. 
Байкөкше: Сәлем бердік. Үйлеріңізге құдайы қонақ келді. 
Әжесі: Сәлеметсіңдерме? Онда түсіңдер.Қонақ болыңдар.

Жоғары шығыңдар.Жақсы болды ғой.
Ұлжан: Ал, балам! Әжеңмен екеумізді қажай беруші едің,

әңгіме жырдың дүкені , міне, жаңа келді. Мына кісі-

Барлас ақын. Ал мына ақынды сен танисың. 
Абай: Ия , апа ! Мен Байкөкше ақынды танимын.Былтыр бізге

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын айтып берген.

Ол жыр әлі есімде. 
Барлас: Е, балам! Қазақ - сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел.

ыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға біз де жалықпаймыз!


Әжесі: Тамақ әзір болғанша, жыр әңгімелеріңді айта отырыңдар 
Байкөкше: Олай болса Барлас ақын «Қобыланды батыр» жырын

жырлап берсін.


Барлас :«Қобыланды батыр»жырынан үзінді оқиды.

Кешегі өткен заманда,

Қарақыпшақ Қобыланды

Мініп алып атына,

Қызыл Ерге келеді.

Мініп алып торы атқа,

Дүрілдетіп жөнелді.

Қызыл ерді сүйретті,

Ішінде шеңгел тікенге,

Өкпе –бауырын түйретті,

Қабырғасын күйретті.

Менсінбеген дұшпанды,

Ақыл тауып үйретті,

Қобыланды ерлік көрсетті.


Абай: Ата , мұны айтқан кім? Осы жырды шығарған кім? 
Барлас: Әуелден келе жатқан жыр ғой. Халық аузынан тараған балам. 
Байкөкше. Ал, рұқсат болса біз жүрейік. Алда барар жеріміз көп. 
Әжесі: Асықпаңдар. Әлі біраз күн қонақ болып кетіңдер. 
Барлас: Шырағым ер жетерсің,

Ер жетсең , сірә не етерсің.

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыңдасаң, шыңға жетерсің. –деп Абайға домбырасын ұсынады.

Абай: Апа ,қонақтарды жақсы сый беріп аттандырыңызшы. 
Ұлжан: Міне, сіздер жақсы сөздеріңізбен баламның көңілін

көтеріп, ем әкелгендей болдыңыздар.

Әжесі: Тағы да келіп тұрыңдар. Жолдарың болсын! Келген

сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым, ала

кетіңдер. Риза болып аттаныңдар. 
Рахмет айтып барлығы сахнадан шығып кетеді. 
Абай әнінің әуені орындалады, заттар жиыстырылады 

ІІ-көрініс (1 бөлім ) 


Нұрбақыт: Жеткіншек шақтың 15-тен басталып, жігіттік шаққа

ауысатын 30-дың арасындағы аздаған жылдарды Абай

жырлаған. Ғашықтық азабын бір кісідей көріп, сезе

білген Абай жүрек толқынысын нәзік үнмен шығара

білді. 
( Үстел үстінде кітаптар, сия сауыт, қалам. Абай ойланып, ойын парақ бетіне түсіріп отыр) 
Тыныштық . Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кіреді. 
Ербол: Абай, досым, тағы да өлең жазып отырмысың? Шаршадың

ғой, бір сәт демалсаңшы.


Абай: Ербол тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы.

Бітпейді іштегі,

Ғашықтық жарасы. 

Ербол: Абай, неткен әдемі ән. Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең.

Тамаша! Абай, Сүйіндік аулында екі күннен кейін

алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді?

Осы әнді жастарға сый етіп тартайық .


Абай: (басын изеп) Жарайды... – деп екеуі бірлесіп сахнадан шығып кетеді. 
2-бөлім 
Жастар жиналып отыр. Олар «Айттым саған Қаламқасты» айтып отыр.

Абай , Ербол келіп шетке тұрады.
Жанель: Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр. 
Тоғжан: Қасындағы Ербол ғой. 
Олег: Абай, Ербол келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер! 
Абай: Ойын-сауықтарың қызық болсын! 

Ербол: Ән-күйлерің қанатты болсын! 
Қыздар: Бірге болсын! 
Ұлдар: Айтқаның келсін! 
Сүйіндік аулының палуаны: Ортамызға Абай келіп қалған екен. 

Мейіржан: Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз? 
Арсен: Ал, Сүйіндік аулының палуаны, сен сөзге де ұста едің, өзің

бастап жіберші.
Палуан: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. 

Мейіржан: Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы? 
Ербол: Сүйіндік аулының жастары тыңдаңдар. Абай сендерге

жаңа әнін сый қып тартады. Қабыл алыңдар.
Абай: Көзімнің қарасы Қазақтың данасы

Көңілімнің санасы. Жасы үлкен ағасы.

Бітпейді іштегі, Бар демес сендей бір,

Ғашықтық жарасы. Адамның баласы.


Сабина: Неткен тамаша ән. Терең сырлы ән. Рахмет, Абай. 
Абай: Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет