Абай жане оның әндері Сабақтын мақсаты: а


Өзгеге көңілім тоярсың Өлеңді қайтып қоярсың?



бет3/3
Дата15.02.2020
өлшемі0.53 Mb.
#447989
1   2   3
Абай жане оның әндері

Өзгеге көңілім тоярсың

Өлеңді қайтып қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың. 
«Желсіз түнде жарық ай» хормен әні орындалады 
Аңшы жігіт: (ентелеп келіп) Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары!

Армысыңдар!


Қыздар: Армысыз , бейтаныс жігіт. 

Ербол: Ассаламағалейкум, жас жігіт 

Абай: Жол болсын, жігітім! 

Қыздар: Орта толсын! 

Аңшы: Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым 

Тілеу: Шалып, ат басын бұрдым. Ақын абай қарсы болмас, осы ауылдың

қыздарын бір сынағалы келдім.

Жанель: Ия, айта бер жігітім. Хош, сөйле! Кәнеки көрейік! 
Аңшы: Баяғыда мен сияқты бір жігіт аң аулап жүріп бір ауылға ат 

Тілеу : басын бұрды. Ақ боз үйдің жанына келіп, үй иесіне сәлем берді. Үй иесі: « кел, мысығым! Дейді. Аман-саулық сұрасқаннан кейін, дастархан жайылып, қымыз ішіледі. Жол соққан жігіт ұйықтап кетеді. Ұйқыдан тұрған соң, үй иесі «тұр арыстаным»,-дейді. Қоштасқанда үй иесі « Қош шешенім»,-дейді. Сонда үй иесі неге солай деген? 
Сабина : Ия, ол не деген екен? Астары бар сөз ғой бұл. 
Тоғжан: Мен жауап берейін. 
Мейірхан:Ия, Тоғжан айтсын. 
Тоғжан: Сынамаққа келсек, бейтаныс жігіт, бірінші сұрағыңызға

жауабым: аңшы жігіт бейтаныс үй қалай қарсы алады екен деп, мысықша басып келген болар деп болжаймын.Екінші сұрағыңызға жауабым: сусыны қанып, қымызға тойған жігіт көз шырымын алған соң, арыстанша айбаттанып, ұйқыдан тұрған болар. Ал, үшінші сұрағыңызға жауабым: көрген-білгенін еліне айтып барар . Үй иесінің айтқанын солай деп жобаладым.
Аңшы жігіт: Бәрекелді, ризамын жауабыңа Тоғжан қыз. 
Мейіржан:Табылған сөз. Ал, аңшы жігіт бізбен бірге көңіл көтер,

алтыбақанға кел.
Абылай: Ал, олай болса айтысты бастайық. 
« Айтыс» 
Мейірхан:Қыздар,қыздар құртыңнан, Қасқыр , қасқыр қарала Қасқыр , қасқыр қарала

Қуып келдім жұртыңнан. Бауыр жүні сары ала. Бауыр жүні сары ала.

Сол құртыңнан бермесең, Біздің қойды арала, Қой болмаса далада

Тесіп шықсын ұртыңнан. Қыздардың қойын жарала. Мына қызды жарала


Сая: Бала, бала қырт бала, Қасқыр, қасқыр қарасың, Маң төбетім қабады,

Аузымдағы құрт бала. Қасқыр қайда барасың. Қасқырларды алады.

Сілекейлеп берейін, Мыеау баланы жей ғой, Содан кейін сен бәлем,

Сусын болсын жұт бала. Қойды қайдан табасың? Тап өзіңді қабады.
Ырысжан: Уа халайық, халайық

Көңілді көтерейік,

Тобымыздың аруы

Аруға сөзді берейік.
Ару: Жолың беріп маған сен,

Дегенің бе жағайын.

Өлеңіммен алдаспан,

Тарттырайын сазайын.
Сабина: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.



«Абай жолы» - қазақтардың ұлттық оянуынан ұлттық кемелденуіне қарай апаратын жол, ол қиын да күрделі, өзін-өзі таныту жолы. Мұхтардың телегей-теңіз көрегендігі, оның жағалаусыз теңізден кейін жағалаусыз мұхит бар екеніне данышпандықпен иландыра білуі бізді қайран қалдырады.

Мұстай Кәрім, Башқортстан

Мұхтар Әуезов әдебиет майданында Шыңғыс Айтматовқа ақжол тілегеннен бері көп жыл өтті. Шығыс халықтарының әдебиетінде бірінші қатарда тұрған авторлардың қатарында біз М.Әуезовпен бірге Ш.Айтматовтың есімін атаймыз. М.Әуезов пен Ш.Айтматовтың шығармашылық байланыстары - екі бауырлас халықтың риясыз достығының дәлелі.



Абдылдажан Ахматалиев, Қырғызстан

Мұхтар Әуезовтің сіңірген аса зор еңбегі, ол өз шығармашылығы арқылы Ұлы Даланы мекендеген қазақтардың тамаша құндылықтары-әдебиетіне, фольклорына және тұтас алғанда-бүкіл рухани мәдениетіне зейін аударта білді...

Тетралогия тек аса көрнекті туынды ғана емес, ол сонымен қатар тарихи-және теориялық-әдеби тұрғыда тамаша шығарма, романда ғалым Әуезовтің көркем құралдармен баяндаған тұжырымдамасы айқын аңғарылады. Нақ осы тұжырымдама, біздің ойымызша, М.О.Әуезов шығармашылығының әлемдік әдебиет процессінің түп төркініндегі маңызын анықтау үшін дұрыс бағдарлар береді. Осыған байланысты мына бір жәйтке назар аударалық, М.О.Әуезовтің тетралогиясы абызшылардың, музыканттардың, философтардың ақын-жазушылар мен ғалымдардың, тарихи және мемлекет қайраткерлерінің халық көтерілістерінің басшылары мен революционерлердің, фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің есімдеріне, аңыз-әфсаналардың, фольклорлық-эпикалық туындылардың әдеби, тарихи, теологиялық және басқа да шығармалардың атауларына, әдеби және фольклорлық реминисценцияларға толы...

Ұлттық дәстүр арқылы жасалған, ұлттық әдебиеттің дамуы әлемдік әдеби тәжірибенің талаптарына жауап беретін синтезі-Абай Құнанбаевтың және Мұхтар Әуезовтің өзінің әдебиеттегі жолы. Нақ осы жолда аса көрнекті қазақ жазушысы әлемдік биікке көтерілді



Александр Куделин, Ресей

Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, бірінші қазақ драматургы, тамаша аудармашы, көрнекті ғалым. Ол қазақ әдебиетінің, өнерінің, ғылымының дамуына үлкен үлес қосты және қазақ халқын бүкіл әлемге паш етті. Қазақ мәдениеті, қазақтың ұлы ақыны Абай, жазушысы Мұхтар Әуезов және оның «Абай жолы» романы-біртектес егіз ұғымдар, олар бірін-бірі жалғастырады.



Али Аббас Чинар, Түркия

Абай Құнанбаев-жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және қазақ халқының ар-намысын ұстанған аса көрнекті қайраткерлердің бірі. Иран халқы оның ұлылығын, рухани, әдеби және ғылыми құндылығын мойындайды...

Мұхтар Әуезов өз өмірінің көп жылдарын ұлы Абайды зерделеуге арнады және Абайдың өмірін, шығармашылығы мен қызметін зерттеу жолында тынымсыз еңбек етті, сол арқылы жазушы қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне орасан үлкен үлес қосты.

Али Асгар Ширдуст, Иран

Мұхтар Әуезов ақындар өнерінің сақтаушысы және мұрагері болды, ол Орталық Азиядағы ақын-жыршылардан жанды қозғалыс пен жұмсақ әуезділік үйлесім тапқан стильге бағынатын сөз үндестігін меңгеруді мирас етті.



Альбер Фишлер, Франция

«Абай» романы-тарихи роман, кітаптағы оқиғалар бұрынғы ғасырда өтеді және онда тарихи тұлғалардың тағдырлары туралы баяндалады... Біз бетбұрысты тарихи кезеңдегі тұтас халықтың тыныс-тіршілігін көреміз. Кейіпкер қазақ өмірінің бүкіл қалтарыстарынан өтеді, әрі осы бәрін толық қамтитын баяндаудан кітаптың тарихи роман ретіндегі құндылығы көрінеді. Романдағы өткір шиеленіс, қасыретті жағдайлар, оқиғалардың молдығы оқырманды баурап алады.



Альфред Курелла, Германия

Сіз әлі «Абай» романын оқыған жоқсыз ба? Ендеше, ештеңе оқымаған адамсыз. Қандай тылсым, әрі ғажайып туынды! Жанданған дала өзінің тамаша жаратылыстағы табиғатымен, ишарасымен және кесек мінездерімен қайран қалдырады. Шекспирлік қым-қуыт оқиғалар қандай десеңізші! Сіз ешқандай ғылыми зерттеуде жоқ дәуірді сезінесіз! Ал поэзия ше! Осы проза түрінде жазылған көлемді екі кітаптан бірде-бір прозалық жолды кездестірмейсіз.



Альфред Курелла, Германия

Қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың XIX ғасырдың соңындағы өмірімен бірге біз сол заманда Қазақстанда тұрған көшпелілердің рулар арасындағы қақтығыстарға толы тыныс-тіршілігіне қанық боламыз. Кітапта құда түсулер мен тойлардың, астардың, жазалау мен шайқастардың, барымталардың, Меккеге қажылыққа барудың есте қалатын орасан үлкен көріністері суреттеледі.



Андре Стиль, Франция

Мұхтар Әуезовтің қаламымен Абайдың өмірбаяны, құрдымға кетер қарсаңындағы қазақтың феодалдық-рулық қоғамының өмірін бейнелейтін орасан асқақ көркем шығармаға айналды... Тұтас тарихи дәуірдің қалыптасқан дағдылары күйреп, құлады. Мұхтар Әуезовтің шығармасы сияқты кітапты оқыған кезде, сені мынадай ой билеп алады, жазушының хас шеберлігі оқырманды өзгеше сиқыр кереметіне бөлейді, өзге фольклордың қиындығын меңгерген, экзотикалық терминологияны игерген және бұрынғы бірнеше ғасырлар арқылы өткен сен өзіңді көшпелі-қазақ сезініп, кейіпкерлермен бірге ұшы-қиырсыз даланы шарлап, біресе торығып, біресе болашақтан иненің жасуындай үміт іздеуге ұмтыласың



Арман Гатти, Франция

Мен қазақтар туралы бұрын ешқашан естіген емеспін.

Ал енді жуырда ғана Мұхтар Әуезовтің ағылшын тіліне аударылған ғажайып кітабын оқып шыққаннан кейін бұл халықты білетін болдым. Мен шын көңіліммен сіздердің бақытты халқыңызға қызығамын, ал өздеріңізді мәңгі өшпейтін шығармамен құттықтаймын.

Бенжамен Матип, Үндістан

1926 жылы Мұхтар Әуезов «Жалпы театр өнері және қазақ театры» аталатын мақаласында былай жазды: «Бұрын қазақтардың екі байлығы болды-біріншісі-ауыз әдебиеті, екіншісі-музыка». Ұлы жазушы бірінші байлықтың сақталуына бүкіл өмірін арнады, ал екіншісін сақтау Сіздер мен біздерге байланысты.



Болат Қарақұлов, Қазақстан

Біздің алдымызда орасан үлкен мәдени құбылыс тұр: оны мен ұлы деп атаудан тайсалмаймын, адамгершілігі мол, адамға сене білетін тұлға.



Всеволод Иванов, Ресей

Жазушы және филолог Мұхтар Әуезов тамаша кітап жазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты... Әуезовтің романын аса майда әшекейлерге толы, әрі басты желі, басты ой сақталатын шығыстың ою-өрнектерімен салыстыруға болады. Әуезовтің романы-талғампаз оқырманның өмірінде үлкен оқиғаға айналатын туынды (шығарма).



Герберт Кремпиен, Германия

Көшпелі халықтың перзенті М.О.Әуезов XX ғасырдың еуропалық мәдениетін меңгерген. Ол саясаткер емес, шынтуайтында тарихшы, аса көрнекті фольклоршы, көлемді монографиялардың авторы және жазушы, реалист-жазушы.



Е.Фехер Пал, Венгрия

Әуезов өзінің фольклорлық зерттеулерінде ғалым болды, бірақ ол поэзиялық ойлау дарынын жоғалтқан емес. Мұнысы ғылыми талдауға бөгет жасамастан, керісінше көмектесетін еді. Айшықты метафора пікірлер тізбегінің бастамасы немесе түйіні болып, соларға бірлік берді...

«Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» аталатын классикалық шолуы буырқанған метафоралардан басталады, солардың ішіндегі ең айшықтысы: «Қазақ халқы өз бақытын іздеп даламен және ғасырлар бойы көшіп-қонған қасіретті жиһанкез...». Қазақ халқы уақыт бойынша ғана емес, кеңістікте де көшіп-қонған. Қазақ халқының өміріндегі фольклордың ерекше рөлі осыған саяды.

Евгений Костюхин, Ресей

Өткен күндердің ащы да сиқырлы жұпарына толы Мұхтар Әуезовтің тарихи романы біржола болашаққа ұмтылады



Жан Спангаро, Франция.

Қодар мен Қамқаның оқиғасына келетін болсақ, ол туралы Шәкәрім қажы толығырақ мазмұндап, дастанында жазып берген. Бұл оқиға шамамен 1834-39 ж.ж. болған. Абай көрген жоқ. Әуезовтің блокнотында: «Қодар мен Қамқа оқиғасын Абай естіген болуы мүмкін», – деп жазулы тұр. Жалпы, көркем шындықтың заңы бойынша тарихи шығармаларға жеті түрлі шарт қойылады. Сол қоғамда болған оқиға болатын болса, оны тарихи шығар­мада пайдалануға болады. Егер Абайдың өзіне тиесілі өмірлік шындықты тізбелей берсек, Абай романы бола ма? Құр Абай туралы шындықтар тізбеленіп тұрады. Жазушының мықтылығы – соны қиыннан қиыстырып әкелгендігінде. Жаңағы оқиғаларды алып тастаса, Абайдың бірінші, екінші кітабы да шықпайды. Әуезовтің ұлылығы – осында! ©Тұрсын Жұртбай. 

Ұлынан айрылған Қодар құдай сүймес іс қылып, келіні Қамқаны қатындыққа алған ғой. «Қодардың өлімі» шығармасында Шәкәрім:

Жасырмай айта берсем, сөздің шыны -
Құдайға ерегісіп қылды мұны.
Баламды алсаң, мен де алдым келінімді,
Қане, ата ғой деп қылдым,- дейді,осыны
- деп ауыр күнәға барған Қодардың қасіретті қадамынан сыр ашады (Құдайбердиев Ш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. 133-б.) Сонда «Қодарды бір сүйгіз деп тым болмаса» деп айтқан Қамқаны жартас бойында арқанға асып, "Бір кісіге екі өлім болмайды деп", Тайлақбайдың айтқаны бойынша, Қодарды аяқ-қолын буып, жартастан домалатып, таспен атқылады. Содан соң екеуінің сүйектерін отта жандырып тастайды.

Балалар біз бүгін М.Әуезовтың « Абай жолы»роман-эпопеясы бойынша Ұлы Абайдың азаматтық даму жолдарын қарастырамыз.



  1. Елге оралу

Романдағы жас Абай: Елін, туған жерін, ата-анасын , әжесін,туысқандарын  сағынған Абай бейнесі қалай ашылған?

М. Әуезовтың « Абай жолы»роман-эпопеясы шәкірт Абайдың оқудан қайту шағынан басталады.Абайдың көңілі жай, алаңсыз.Тезірек еліме жетсем дейді, туған жерін,өскен ортасын, бауырларын сағынып келеді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанды, туған бауырларын көріп, құшақтасқанша асық. Абаймен бірге келе жатқан Байтас пен Жұмағалидың осы маңда ұры-қараның болатынын айтқанына сенбей, қайта оларды Абайдың өзі қорқытып, біраз әуреге салады. Міне, осы бала Абайдың ойында ештеңе жоқ. Алаңсыз балалық шақ. Жүрегі шайдай ашық. Осыдан барып біз Абайдың әлі жас, буыны бекімеген шәкірт – Абай екенін көреміз.



  1. Әке тәрбиесі

Көңілі таза пәк Абайдың жүрегіне қан құйылғандай. Абай қандай сұмдықтың куәгері болды?

Қарашоқыдағы қанды оқиға.

Қодар мен Қамқа өлімі.

Өзі сүйген әкесінің осындай сұмдық қатыгездікке барады деп Абай үш ұйықтаса түсіне де кірмеген, ойламаған.Қазақ даласындағы қатыгез заң-дәстүрдің құрбаны болған Қодар мен Қамқа өлімі жас Абайды теңселтіп жібереді. Сол қатыгез үкімнің әміршісі-өз әкесі, өзінің туған әкесі-Құнанбай.Ешкімге басын имеген Тобықты руының шонжары, сұлтаны-Құнанбай.


Романда Абайдың « тас аттық жасағандарға»деген ызасы да, қарғысы да бар. Сонымен қатар Қодар мен Қамқаға деген аяушылық пен  мейірбандылық та бар.Әсіресе өзінің туған әкесі Құнанбайды осы жаман іске қимас қиналыс та бар. Енді бір жағынан өзінің туған әкесі Құнанбайдан қорқу, шошу, үрку де бар. Романда М.Әуезов Абайды қиянатшыл заманның сұмдығымен беттестіреді, сол сұмдықтың бас пәлеқоры Құнанбай екенін ашып көрсетеді. Осы Қарашоқы оқиғасынан кейін Абай шошып, ауырып қалады. « Абай жолы»романы ескілік пен жаңаның арасындағы тартылысты, сол ескілік шоғырланған жексұрын көрініс –міне Қодар мен Қамқа трагедиясы.

III .   Абайдың рухани емделуіне ақындық өнерінің басталуына не себеп болды?

АБАЙ ҚОНАҚТАРЫ: БАРЛАС, БАЙКӨКШЕ
Абай осы сұмдық оқиғадан кейін қатты ауырып қалады.Абайдың көңілін аулау үщін әжесі Зере мен анасы Ұлжан өздерінің әңгіме, ақыз, дастан, ертегілерімен сусындандыра білді.Әжесі Зере « Еділ-Жайық», « Құла Мерген»сияқты аңыздарды Абайға айтып береді.Абайдың көңілін көтеру үшін алыстан Барлас пен Байкөкше ақындарды шақыртады. Байкөкше халық ауыз әдебиетінде кеңінен  тараған « Қозы-Көрпеш-Баян сұлу»жырын айтса, ал Барлас болса    « Қобыланды» жырын жатқа жырлауы соның ішінде Тайбурылдың шабысы Абайға өте үлкен әсер етеді.

Халық ауыз әдебиеті

АБАЙ СУСЫНДАҒАН ҚАЙНАР БҰЛАҚ: Шығыс классиктері , Батыс әдебиеті


  1. Абай әрқашанда өзі біреуге әңгіме, жыр айтқызғанда сөзін бөлмей таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдаған. Бұл Абайдың ең бір жақсы қасиеті , яғни « білмекке құмарлық»

а ) Халық ауыз әдебиеті –ол Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанның , Барлас пен Байкөкше ақындардың өлең жырларымен сусындаса;

ә) Шығыс классиктері – Абай Семейде Ахмет Риза медресесінде оқып жүргенде шығыс классиктерінің шығармаларымен танысқан болатын.

Физули,Шәмси, Сәйхали.

Навои, Сағди,Фирдоуси.

Хожа Хафиз-барлығың

Медет берген жырыма,-

деп сол Шығыс классиктерінің еңбектерін оқып,соларға еліктей білген,жастық шағы болатын.

б) Абайдың орыс, Батыс классиктеріне ден қоюы.

Лермонтов,Пушкин,Чернышевский, Герцен,Крыловтың еңбектерін оқып, олармен танысады, міне, осы тұста Абайдың шығармашылығының марқайған кезі болған.

IV . АБАЙ МҰРАГЕР.

Абай ел ішіндегі жер, жесір дауының куәсі, жаңа мен ескі дәстүрдің тартысын көрді.Романнан әке мен бала арасындағы тартысты көреміз.

Құнанбай Абайды не үшін оқудан шығарып алды?

Абайдың жасы он үшке келгенде әкесі Құнанбай оқуын бітіртпей ,асығыс ауылға шақыртып алды.Құнанбай Абайды өзге балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін ізбасар мұрагер ретінде, әрі ел басқару ісіне араластырып, даярлады. Абай Сүйіндік пен Бөжей сынды ел басшыларына алуан түрлі әке тапсырмасын жеткізіп, артығымен орындайды,жақсы атаққа ие болады.


  1. КӨРІНІС ( АБАЙ МЕН ҚҰНАНБАЙ)

  2. Абайдың азамат ретінде қалыптасуын неден көреміз?

Абайдың нашарларға, кедейлерге деген жанашырлығы қай тұста көрінеді?

  1. Жұт.

Жұт жұтамын, жалмаймын деп келді.Байға да, кедейге де қаһарын шаша келді. Осы кезде Абай үлкен ерлікке барады,жұтқа ұшыраған елді аман алып қалуға тырысады.Кедейлердің малдарын Құнанбайдың үш қорығына қаптатып жібереді. Сол жұттан бүкіл халықты аман сақтап қалуға Абай белсене, білегін сыбана кіріседі.Әкесінің айтқан сәлеміне де қараған жоқ. Осыдан Абайдың кедейлерге жаны ашып, адамгершілікті биік ұстаған гуманист, қайсар екенін көреміз. Тағы қандай оқиға үстінде байқалады?

  1. Бөжей асы.

Аманатқа қалдырылған Құнанбайдың тоқалы Айғыздан туған Кәмшаттың аянышты тағдыры, Бөжей мен Құнанбай арасындағы жауластықты одан сайын өршітіп жібереді.Арада біраз уақыт өткеннен кейінгі Бөжейдің өлімі.Бөжейдің қайтыс болғанын Құнанбай ауылына естіртпейді, хабар айтқызбайды.Құнанбай болса бүкіл Тобықты руын уысында ұстап отырған шонжар, бұл бөлектеу, елемеу оның намысына тиеді.

Абай Бөжей асына жақсы даярланып, Найман елінен келгендер мен Бөжейдің нағашы жұртын жақсы күтеді.Осы асқа даярлықты Абайдың өзі басшы болып,неше күн ұйқысыз демалыссыз атқарады. Асқа әкелінген тағамның мол, асып төгіп берілуі, сонымен қатар асқа келген қонақтарды күтуіне ешқандай мін таға алмаған жұрт Абайдың азаматтығын көреді.Ертеңінде ұйқыдан оянған Абайды бүкіл жұрт таниды.

Абайдың  « Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол»

дегенін осы мінезі ашып тұр емес пе?



  • АБАЙ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КІТАПХАНАДА.

Абай Семей қаласындағы көпшілік кітапханада Е.П.Михаэлиспен танысады. Михаэлис Абайға орыстың классикалық шығармаларын оқуға ақыл-кеңес береді. Абай Батыс және орыс классиктері Гёте, Байрон, Лермонтов, Пушкин, Крылов шығармаларымен танысып қана қоймай оны қазақ тіліне аударған.

Абай сазгер, аудармашы. Гете-Лермонтовтан аудармасына музыка жазды, халық арасына кеңінен таралды. « Түңгі кезбе»өлеңін Гетеден Лермонтов 60 жылдан кейін орыс тіліне аударса, Абайда Лермонтовтан сол өлеңді ,яғни « Қараңғы түнде тау қалғып»өлеңін 60 жылдан кейін қазақ тіліне аударған.Абайдың « Шығысым Батыс болып кетті» дегені де сондықтан. Міне, осы тұста Абайдың « толық адам» болғанын көре аламыз.

VIII .АБАЙДЫҢ ҮМІТ ЕТКЕН БАЛАЛАРЫ.

Абайдың үміт еткен балалары Әбдірахман мен Мағауия. Әбдірахман Абайдың Ділдәдан туған .Ұлы-Әбіштен көп үміт күткен. Абай оны Рессейдегі Томск қаласындағы Александров реалдық училищнсіне, Санк-Петербургтегі Михайлов артиллерия училищесіне беріп оқытқан, одан унтер-офицер атағын алып, Ташкент қаласында әскери гарнизонда қызмет етеді.

Әбіш Державин, Карамзин,Пушкин, Лермонтов,Гете шығармаларына ден қойып оқыған. Абай Әбішке зор үміт артқан. Бірақ ол ұзақ науқастан айыға алмай қайтыс болады.

Екінші ұлы Мағауия да талантты ақын, әрі шәкірті, әрі сүйеніші болған Алғашында ауылда  мұсылманша сауатын ашып, кейін Семей қаласында Городское училищесіне орысша оқуға түседі. Ауырған соң ауылға қайтып келіп,әкесінің қасынан қалмай, әке тәрбиесін көреді.Абайдың берген ақыл-кеңестерімен « Еңлік-Кебек», « Медғат-Қасым»поэмаларын жазған. Екі ұлы да Абай өлеңдерімен сусындайды. Ұлы Мағауияның аяқ астынан қаза болуы –Абайды теңселтіп жібереді. Ұлы Абай Мағауияның қырқынан кейін, ауыр қазаны көтере алмай дүние салды.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өмір сүрген Абайдың жұмбақ та, арпалыспен өткен өмірі міне осылай аяқталды.

IX . Мәтінмен жұмыс.

а) Көркем бейне дегеніміз не? Көркем бейне шығармада кез-келген кейіпкерді бейнелеп айтуды айтады.

Абайдың портретін беріңіздер.

б) Романдағы екі образ Құнанбай мен Абай.

Құнанбай жолының жеңілуі-Абай жолының болашағын көрсетеді.Құнанбайдың құлдырауы, Абайдың өрлеу жолы толық ашылған.

Ғ.Мүсірепов айтқандай:

«Қайтқанда»

« Қат-қабатта»

«Шытырманда»

« Бел-белесте»

« Өрде»


« Құз-қияда»

« Биікте»

деп әр бөлімді бір-бірімен жалғап Абайдың сатымен өрге шығып бара жатқан жолын көрсетсе, енді аяғынан басына қарай оқысаң, жоғарыдан құлдырап келе жатқан Құнанбай жолын көреміз.

« Биікте »

« Құз-қияда»

« Өрде»


« Бел-белесте»

« Шытырманда»

« Қат-қабатта»

« Қайтқанда»



Бірі көтерілу жолы, бірі түсу, төмендеу жолы, үшіншіден-бұл Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет