Абай Құнанбаев өмірбаяны



бет3/5
Дата29.01.2024
өлшемі0.53 Mb.
#490185
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5
Абай Құнанбаев Әбіш Алина

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Абай және Пушкин

Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармаған одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет